Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритм

Ақмола облысы, Щучинск қаласы №7 мектеп — лицейі
Пән мұғалімі: Даулетбек Айгерим
Пән аты: Информатика

Сыныбы: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы: Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритм

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың массив туралы түсінігін қалыптастыру, массивпен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін,өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ жоспары 9 сынып.docx

Реклама

Күй құдіреті

«Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ мектебі
базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) » КММ-сінің
музыка пәні мұғалімі Акдаулетова Сауле Нуркамаловна

6 сынып

Тақырыбы: Күй құдіреті.

Мақсаты:

1.Білімділік Оқушыларды қазақ халқының біртуар ақыны,драматургі,ғалым Ә.Тәжібаев өмірімен және шығармашылығымен таныстыра отырып, «Абыл» поэмасы арқылы күй өнерін насихаттау

2.Дамытушылық Оқушылардың есту,ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік Халқымыздың тарихи құндылықтарын сақтауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интербелсенді тақта,ТҚЖ,дидактикалық материалдар

Сабақтың жүргізілу барысы

Сабақ 6 сынып.docx

Абылкасова Даме Хайытбаевна

Жаңаөзен қаласы. Жаңаөзен мектеп- лицейі
Биология және химия пәнінің мұғалімі
Абылкасова Даме Хайытбаевна

1. Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі: асв қорыту жолы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, ұйқыбез, бауыр, ішек бездері)

2. Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы. Тістің күтімі. Астың қорылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Жұтқыншақ бадамша бездері, олардың қызметі.

3. Астың асқазанында қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері

Тізбектелген сабақтар.docx

Қазақстан облыстары

Павлодар облысы Екібастұз қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ташимова Айтжан Шпековна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан облыстары.

Сынып. 4 «Ә» қазақ сыныбы

Пәні: Дүниетану

Мақсаты: Қазақстан облыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Құрал- жабдықтар: Қазақстанның картасы А-3 қағазы, маркерлер мен бағдаршамдар,оқулық, бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдер: СТОү, ОүБжОБ,ОЖЕСО, ОБжК, ТжДО, АКТ, ОмОЖТ

Күтілетін нәтиже: Қазақстан қалалары туралы жан-жақты білімдері кеңейеді.Еліміздің басты қалалары жайлы түсінік

алады.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары .Дүниетану.docx
Фото Қаз.обл.pptx

«Қош бол, бастауыш »

Павлодар облысы Екібастұз қаласы
№11 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалі
Ташимова Айтжан Шпековна

Тақырыбы: «Қош бол, бастауыш »

1- жүргізуші:

Құрметті ата — аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. Қошеметпен шақырамыз ортаға, Қадам басқан шәкірттерін құрметті, — дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,

Бастауышпен коштасу.doc

«Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі»

Павлодар облысы Екібастұз қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ташимова Айтжан Шпековна

«Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі»

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуытиіс, бұл уақыт талабы» — деген еді.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп Сократ айтқандай егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Егеменді еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында — жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті, дені сау оқушының бейнесін жасауға өз үлесімді қоссам деген ниетпен «Өрлеу» бағдарламасы ұйымдастырып отырған ІІІ деңгей курсында оқып, үйреніп алған білімімді іс-тәжірибе арқылы мектебімнің педагогикалық ұжымына үйретуге бар күш жігерімді салуға тырысып жүрмін. Жаңаша форматтағы сабақтар өткізу арқылы

Тиімді әдіс-тәсілдер -сапалы сабақ кепілі.docx

Уақытты жоғалту- білімді жоғалту. Еркін сөз байқа уына

Досжан Тоқтарұлы
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы «Н.Әлімқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп» дефектолог маманы.

Біз күнде бірнеше сағатымызды ысырап қылып әлеуметтік желілерде отырамыз. Кім не жазады? Кім не сурет салады?. Сонымен қоса өзімізге қажетсіз ақпараттарды қараумен айналысамыз. Ал есесіне бір уақыт ақыл-ойымызды шыңдауға, білімімізді арттыруға тырыспаймыз. 60 мың теңгені жоғалтсақ 60 күн күйінеміз, ал 60 минутымызды жоғалтсақ түк болмағандай жәйбырақат жүре береміз. Бір минут емес, бірнеше сағатты әлеуметтік желінің тұтқыны болып, компьтердің алдына уақытымызы құрбандыққа шалып жатырмыз. Уақытты жоғалту- білімді жоғалту, ақыл-ойдың дамуына тоқтау салу. Бұның соңы апат болары анық. Читать далее

Мамандығым-мақтанышым. Еркін сөз байқауына

Досжан Тоқтарұлы
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы «Н.Әлімқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп» дефектолог маманы

Алматыға бару үшін таксиге отырдым. Қасымда отырған кісі аман сұрасқаннан кейін мамандығымды сұрады. Менің мамандығым дефектолог екенін, ол мамандардың жұмысы жайында түсіндіріп бердім. Қасымдағы жолаушы сенің мамандығың бір түрлі мамандық екен иә? -деп сұрақ қойды. Мен қасымдағы жолаушыдан мұндай таңырқау күтпеген едім. Тек ішімнен мырс етіп, күлдім де қойдым. Себебі әлгі кісінің біздің мамандық туралы білімі таяз еді. Жалпы дефектолог маманы болу — дүние қуып, байлық жинайтындардың араласатын жұмысы емес. Асқан адамгершілікпен, ыстық жүрекпен, мейірімділікпен атқарылатын сауапты да жауапты іс. Читать далее

Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған!

БҚО, Орал қаласы, № 37ЖОББМ
әлеуметтік педагогі
Кузайырова Асылай Маралкызы

Еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі жетімдер қазіргі кезде болып отыр. Жалпы алғанда, кез келген қоғамның қай уақытта да ең қорғансыз әрі әлжуаз бөлігі – жетімдер. Ата-анасынан ерте айырылып жетімдіктің дәмін тату кім-кімге де оңай емес. Кез-келген сәби бақытты жанұяда тәрбиеленіп, ата-анасының ыстық құшағында ер жеткенді қалайды. Алайда бұндай бақыт барлық балаға бұйыра бермейді. Осындай жағдайды көргенде еріксіз жүрегін елжіреп, көзімізге жас келеді. Себебі, ол сәбилер осындай өмірді өздері таңдап алмайды. Неліктен, қоғамымызда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларымыз көбеюде, оларға кімнің жаны ашыди, кім көмек береді, кім қамқор болады. Бұл сұрақтарға жауап алсақ та одан ешқандай қорытынды шықпайды. Читать далее

Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғ ылым таппай мақтанба

САБАҚ:

Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын.

А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.

Мектеп: Әлкей Марғүлан № 40 орта мектеп
Күні: 08.09.2017 Мұғалімнің есімі: Қасен Әмина Балтабайқызы
Қатысқандар саны: 32 Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.1.1 — мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

2.3.1.1 — мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру Читать далее