«Таңғажайып алаңы» интеллектуалды ойын сабақ Бі лімді тиянактау

Алматы қаласы
А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ
бастауыш сынып мұғалімі Жакишева Гүлбараш Абжапбаровна

Оқу мақсаты:  Қарапайым аріптерді өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында кестелік қосумен азайтуды орындай алады;  Оқушылар нақты мысалдар арқылы өмірде көрген деректі дұрыс анықтайды; Ресурстар:  «Таңғажайып алаңы» ойынына арналған барабан;  Сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар;  Математикаға байланысты сөздер жазылған карточкалар;  Ұпайлар жазылған карточкалар;  Бағаны білдіретін қызыл, көк, сары қағаздар (белгілер)  Алма жинау, карзина  Берілетін сыйлықтар  Қобдиша, тақтайша, музыка Тірек сөздер Топ ойыншылары, жарнамалық үзіліс, финалистер, супер финал

Сабақ тақырыбы.pdf

Реклама

Ауызша көбейту және бөлу амалдарына қатысты білі мдерін тексеру. (Аукцион сабақ)

Алматы қаласы
А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ
бастауыш сынып мұғалімі Полатова Гулжан Бекжигитовна

Сабақ жоспары: Уақыты: Пәні: математика Сынып: 3

Cабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту және бөлу амалдарына қатысты білімдерін тексеру. (Аукцион сабақ)

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану.

Негізгі түсініктер: Оқушылардың ауызша көбейту және бөлу дағдыларын пысықтау. Өткен сабақпен байланысы: көбейту және бөлу дағдылары Бағалау: Бақылау Жұмысты бағалау Сапалы білімді бағалау (оқушылар комментариясымен) Керекті құрал жабдықтар: оқулық, дәптер, мақал- мәтелдер, жағдаяттық суреттер, мәтін.

Сабақтың әдісі: интербелсенді , жеті модульдің стратегиялары, Блум таксономиясы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауызша көбейту және бөлу дағдыларын пысықтау. Балаларда қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары туралы мағлұмат қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылардың ауызша көбейту және бөлу дағдыларын есеп пысықтау, бекіту. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары туралы мағлұмат беру.

2. Балалардың есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен еңбектену,жеке оқушының білім, білік дағдыларын дамыту.

3. Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баули отырып, қазақтың мәдениетін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ашық сабақ.docx