Шығарма Менің елім – Қазақстан

Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын
№21 орта мектеп-гимназиясының
3 «Ә» класс оқушысы Тұрсын Бағлан Жанатұлы
Класс жетекшісі: Наванова Замзагүл Тортайқызы

Шығарма

Менің елім – Қазақстан

Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Ол өте үлкен республика, Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Мұнда өзен, көл, орман, таулар бар. Қазақстанда ауылдар мен қалалар көп. Елімізде бағалы аңдар мен жануарлар және құстар да көптеп кездеседі.

Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары бар. Медеу мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады. Ал, бас қаламыз Астана жыл сайын көркейіп, гүлденуде.

Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар бейбіт, тату өмір сүруде. Осындай елде тұрып жатқаныма өте қуаныштымын. Қазақстан болашақта ірі мемлекеттердің қатарына қосылады деп сенемін. Ал, еліміздің болашағы біздерміз. Сондықтан өз елімнің дамуына кішкентай болса да үлесімді қосуға тырсамын. Мен өз Отанымды, туған жерімді жақсы көремін және мақтан етемін.

Реклама

Шығарма Отбасы

Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын
№21 орта мектеп-гимназиясының
3 «Ә» класс оқушысы Бердалы Сабина Ұлыбекқызы
Класс жетекшісі: Наванова Замзагүл Тортайқызы

Шығарма

Отбасы

Менің отбасым өте үлкен. Әкем отбасымыздың асқар тауы. Ал анам жанындағы бұлағы. Менің отбасым маған ең қымбат жандар. Әсіресе, атам мен әжем. Олар мені әрқашан қолдап көмектеседі, ақылын айтып үйретеді. Менің ағам мен апам бар. Олар бар болғанына өте қуаныштымын. Ағам басқа қалада оқиды. Мен оны өте қатты сағынамын.

Біз әр мейрамды бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Менің отбасым – ең үлгілі отбасы. Мен отбасымды мақтан етемін.

Шығарма Қанатты достар

Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын
№21 орта мектеп-гимназиясының
3 «Ә» класс оқушысы Тақауов Алдияр Ерланұлы
Класс жетекшісі: Наванова Замзагүл Тортайқызы

Шығарма

Қанатты достар

Құстар – біздің қанатты досымыз. Олардың қыстап қалатыны, жылы жаққа ұшып кететіні бар. Құстар ұя салып, балапандары қанаттанғанша күтіп бағады. Оларды қорғайды. Балапандарына тамақ тасып, ұшуға үйретеді.

Құстардың табиғатқа да пайдасы зор. Олар ағаштарды зиянды құрттардан тазартады. Өсімдіктердің әр жерге өсуін де құстар таратады екен. Олар ағаштарға, шатырларға ұяларын салып, тіршілік жасайды.

Біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Аспанда қалықтап ұшқан құстарға қарап қызығамын. Менің де қанатым болса, самғар едім. Біз адамдар көкте ұшаққа мініп көре аламыз. Қанатты достар тіршіліктің бір бөлігі, табиғат жаратылысы екен.

Шығарма Күзгі орман

Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын
№21 орта мектеп-гимназиясының
3 «Ә» класс оқушысы Саматов Алихан Ерланұлы
Класс жетекшісі: Наванова Замзагүл Тортайқызы

Шығарма

Күзгі орман

Күз мезгілі болды. Ормандағы ағаштар көңілсіз күйге енді. Өйткені олар көктемде бүршік атып, гүлдеп жайқала өскен түрінен айырылды. Жапырақтары сарғайып, қурап түсе бастады.

Жапырақтары түссе де, ағаш кейпінде тұратынын олар сезбейді. Қара ағаштардың бұтақтары майысып тұрғаны да әдемі көрінеді. Ағаш табиғаттың бізге берген сыйы.

Ну орманның арасы сиреп кетті. Бұл әр мезгілге байланысты болатын жылдағы құбылыс. Мен ормандағы ағаштарға мұңаймаңдар дегім келеді.