«Табиғатты аялайық!»

Астана қаласы

53 мектеп-лицейінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Шатаева Куляш Абильдашевна

Сынып сағаты тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»
Мақсаты: Оқушылардың экологиялық білімдерін кеңейту. Табиғатқа деген
сүйіспеншіліктерін ояту, өз ойларын толық байланыстыру.
Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: гүлдер, құстар, ағаштардың суреттері, ойындар.
Барысы:
Шеңберге тұрып, қонақтармен амандасу.
Арайлап таң атты, Алтын күн сәуле таратты,
Сәлеметсіздер ме! Қайырлы күн болсын.
Мұғалім: Мен бүгінгі күн сендерге жаңа бір жаңалық, көтеріңкі көңіл күй тілеймін.
-Балалар, біздің тақтада жасырын сурет тұр, ашып көрейік.
Мына сурет ашылмайды ғой. Арасынан хат түседі. Мұғалім хатты оқиды. Гүл ханшайымы көмек сұрайды. Сендерге келе жатқанда мыстан кемпір ұстап алыпты.
Ойын: «Сиқырлы қоржын»
Шарты: Қоржынның ішінде тапсырма бар. Әрбір екі тапсырманы орындаса жасырынған сөз ашылады.
-Ойнаймыз ба, балалар?
Бір оқушы қоржыннан тапсырманы суырып алып оқиды.

Жылп, жылп, етемін,
Жылғалардан өтемін. (су)
-Кім су болып, су туралы айтады?
Екінші оқушы:
-Өз атын атайтын құсты қалай атайды?
-Қандай ағаш түрлерін білесің?
-Қандай гүлдерді білесің? Гүл туралы өлең оқиды.
Қызыл, күлгін, ақ сары Шешек атқан сақтары, Хош иісі сүйсінткен, Ең әсем гүл бақтағы.
— Біздің өлкенін өзен, көлдерін ата?
— Жайық өзені, Шалқар, Шаған, Деркөл. Олар сазан, шортан, көксерек, тағы көп балықтар бар.
-Міне, балалар жасырын ашылды. Сөзді оқу, дыбыстық талдау жасау. Осы гүлдердің қандай пайдасы бар? -Олар ауаны тазартады. -Әсемдік береді.
-Емдік дәрілер жасайды.
— Ойын: «Көлеңкесін тап»
Сыныпқа гүлдер ханшайымы кіреді. Ол өзінің аңызын айтып береді.
Ерте, ерте, ертеде, Жер мұнанда көркем еді.Шаруалар тұқым сеуіп, Күні-түні тер төгеді. Хан: Бидай ғана елдің көркі, Дән өсәру ел міндеті, Пайдасы жоқ гүл дегенге,
Толып кетті жердің беті. «Құртыңдар бар гүл біткенді,
Деп хан бірде жарлық етті. Гүл де егеміз, Дәнде егеміз, Туған жерге сән береміз. Дегендерді тыңдамады.Түрленіпті жер қайтадан, Бидай тамақ, гүл сұлулық, Бұл екуі егіз дейді.
Дамытушы ойын: «Көлеңкесін тап»
Мазмұнды суретке қарап, сұрақ жауап әдісі арқылы, балалардың аңыз туралы әңгімелеп беруі.

Балалар, табиғаттың бізге берер пайдасы шексіз.

Ол туралы ата-бабаларымыз дана сөздерді көп айтты. Мысалы: «Гүлді жұлма», «Бұтақты сындырма» сендер не айтар едіңдер?
Ұмытпай күнде су құям гүлге,
Жайнайды гүлім, Құлпыртып түрін.
Кешкілік пе, күндіз бе, Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Дыбыс тарап сан қилы, Жұпар иісі аңқиды.

Сурет салу: «Менің сүйікті гүлім».

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s