Парыз тәртіптен басталады

Мектеп: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының әкімдігінің

«Бейнеу» мектеп-интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырып: Парыз тәртіптен басталады

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік

Мұғалім: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бурина Нурбиби Кенжегалиевна

Сынып: 7

Мақсаты:Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығынын мәнін ашу .

Міндеттері:

Білімділік: адами қарым қатынастағы тәртіптілік қоршаған ортадағы тәртіп пен парыз туралы түсінік беру

Тәрбиелілігі: оқушыларды тәртіп ережелеріне бағынып дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу .

Дамытуышылығы: оқушылардың ақыл-ойын, зейiнiн көрнекiлiк құралдарды пайдалана отырып дамыту, қызығушылықтарын арттырып,сөйлеу қабiлеттерiн дамыту.

Ресурстар: дәптер, үнтаспа, құралдар, мәліметтер
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең

Оқушылармен амандасу. «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру

Тыныштық сәті: Тыныс алу

Ескерту

Топпен атау (тәртіп,талап,тазалық,

татулық,тыныштық)

Жәй баяу жағымды музыка қою)

2.Үй тапсырмасын сұрау

3- тапсырма. 54-бет. Шешендік сөзді оқыңдар. Ондағы берілгендердің (адамдар мен заттар) өздеріне тиесілі қасиеттері мен міндеттерінің болмауын неліктен қасиетсіз дейтінін түсіндіріңдер.

Бал болмаса ара қасиетсіз

Жанбай қалған –шала қасиетсіз

Әдепсіз болса – бала қасиетсіз

әдепсіз болса- дана қасиетсіз

көк шықпасак- жер қасиетсіз

Ойсыз болса – ер қасиетсіз

Жылуы болмаса –түбіт қасиетсіз

Жігері болмаса –жігіт қасиетсіз.

Әр оқушы өз жұмыстарын оқиды
3. Сөзжұмбақ шешу: Сөзжұмбақты дұрыс шешесең, ерекше торкөзден «Парыз» сөзін оқуға болады.

1. Адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы.

2. Адам бойындағы таза ниет, имандылық қасиет.

3. Адамның күнделікті өмірінде жетекші болатын ішкі қасиеттер.

4. Адамдардың туыстық негізде ғана емес, жалпы адамзатты бауырына тарта білуі, оларға қамқорлық көрсетуі.

5. Ел үшін кісілік көрсетіп, борыш, міндет, парызын орындауы.

Сөзжұмбақ шешеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарады.
4. Дәйексөз.

Ар-парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

Бауыржан Момышұлы

  • Ұлдарға хормен оқыту
  • Қыздарға хормен оқыту
  • Дәптерлеріңе жазып алыңдар
  • Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Оқушылардың жауабы негізінде қортынды жасау

Топпен 3 рет қайталау
5. Бірге тыңдаймыз (Мұғалімнің сыйы) «Ғылымдағы ғұмыр» Әбдуәли Қайдар. Мәтінді аудиозапистен тыңдату (АКТ)

Талқылау сұрақтары

  • Автор неліктен жер бетіндегі өмірдің мәнін адамдардың өзара саналы карым-қатынасынан, адамдардың өзара түсіністігінен, біріне- бірінің көмек-жәрдемінен, ықылас-ниетінен, ілтипатынан, істеген игі жақсылығынан құралады дейді? Себебін түсіндіріңдер.
  • «Қарыз» бен «парыздың» айырмашылығы неде?
  • Автор парыздың қандай түрлері жайлы айтады?
  • Парыз дегеніміз не? Ол адамға не үшін керек? Оны қалай орындау қажет?
  • Өздерің парыздарыңды қалай өтеп жүрсіңдер?
  • Парызды өтеудің ерте, кеші бар ма? Неліктен?
Аудиозапистен тыңдайды, талқылайды, қорытынды шығарады.
6. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

1-топ: Ұстаз алдындағы – шәкірттік парыз (өлең шығару)

2-топ: Ата-ана алдындағы – перзенттік парыз (сахналау)

3-топ: Отан алдындағы – азаматтық парыз (сурет салу)

Өлең шығарады, сахналайды, сурет салады.
7. Жаңа ақпарат

Б.Момышұлы

Мен өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.

Парыздан күшті күш жоқ.

· Парыздан қатал сот жоқ.

· Парыздан қорқынышты жаза жоқ.

· Парыздан жарқын жарық жоқ.

· Парыздан кіршіксіз тазалық жоқ.

· Парыз – жан рухы, жүректің жүрегі.

· Парыз – арман мен данқ асқары.

· Парыз — адал берілгендік тамыры.

· Парыз – ержүректің рухы.

· Парыз – қаһармандық жүрегі.

· Парыз – ұлттың іргетасы.

· Парыз – намыс күзетшісі.

Оқушылар тыңдайды.
8. Топпен ән айту

Ерлікке шақыру

Сөзі мен Әнін жазған Мұхтар Шаханов

Музыкасына қосылып, топпен ән айту
9.Үйге тапсырма:

6- тапсырма 55 бет. Мәтінді оқыңдар.Ондағы кейіпкерлердің өз парызына адалдығын білдіретін сөздері мен істерін іріктеп алып, кестені дәптерге толтырыңдар.

Кейіпкерлер Іс-әрекеті Менің ойым
Мәтінді оқиды, парыз туралы сөздерді мағынасына қарай кестеге толытырады.
10. Соңғы тыныштық сәті Сабақтан алған әсерімізді жүрегімізге сақтап, өмірде қолдана білейік.Жақсы әсерлермен бөлісейік. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Баяу музыка тыңдау
Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s