Алматы облысы, Алакөл ауданы «Көктұма,қазақ орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Тлеубердиева Гүлнәрдің «Ахметтануға»
қатысты жасаған авторлық бағдарламасы
Түсінік хат
Қазақ ұлтының рухани жаңғыруы жолында еліміздің жыр жауһарларын, әдеби шығармаларын оқыту түсіндіру, халықтың салт- дәстүрлерін төл туындылары арқылы ұрпақ санасына жеткізу ең басты мәселе болып табылады. Қазіргі жас жеткіншектер кітап оқып, жыр жаттаудан гөрі интернет бетіне үңіліп, гаджеттен ойын ойнағанды артық көреді. Балалардың заманауи технологияларды меңгеруіне қарсылық жасамай-ақ, олардың санасына ел арасынан шыққан ақын-жазушылардың туған жер, өскен өлке туралы туындыларын оқыту арқылы әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамытуға болады. Ол үшін осы өз өлкемізден шығып, қазақ әдебиетіне танымал болған ақындардың өлеңдерін оқыту, талдату, тіпті жаттату керек. Өйткені ақын сол балалар туған, өсіп жатқан мекеннің табиғатын, көркемдігін, жері мен суын, барлық әсем келбетін жырға қосады. Ал оны оқыған балалардың жүрегінде өзінің Отанына, туған өлкесіне деген құрмет оянады. Бұл Отанды сүю деген ұлы сезімге ұласады. Читать далее →