Тақырыбы: Қазақстан-ортақ үйіміз

Түркістан қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай бақшасы МКҚК

«Балдырған» бөбекжай бақшасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Қазақстан ортақ үйіміз»

Тәрбиеші: Ахметова Матлуба Ганиевна

Мақсаты:Балаларды туған елінің, Отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру. Қазақстанды мекендейтін ұлт өкілдері, олардың салт-дәстүрлері, тағамдары , ұлттық киімдері жайлы мағлұмат беру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына , тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып,ардақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:Қ.Р рәміздері,ұлттық киімдер,қолөнер туындылары бейнеленген суреттер,слайд.

Әдіс-тәсіл:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,тақпақтар,мақал-мәтелдер,өлеңдер.

Қызығушылығын арттыру

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған,жер ана!

Сәлем саған,нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілікті қалайы

Шеңберге тұрып,бірге айтады.

-Балалар ,бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастайық.

-Балалар барлығымыз Қазақстан картасына назар аударайық.Мынау біздің байтақ жеріміз. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі,жері кең байтақ.Оны білу үшін картаны пайдалану қажет.Сонда қай жерде қала,әдемі ормандар,биік таулар,көлдер,теңіз,қазына байлықтары бар екенін картадан білеміз.

-Балалар,біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

-Біздің елордамыз қалай аталады?

-Ендеше,балалар,Астана қаласының қазіргі гүлденуін экраннан тамашалайық.

-Біз қай қалада тұрамыз?

-Иә,балалар,біздің қаламыз Көкшетау облысына қарайды.Біз таза ауамызбен,орман-тоғайымызбен,сұлу табиғатымызбен мақтанамыз.Көкшетау,Бурабай табиғаты туралы слайд көрсетіледі

-Сендер қандай балабақшаға келесіңдер?

-Біздің ұлтымыз қандай?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-дұрыс айтасыңдар.

Әр адамның өз Отаны болады.Отан –ол біздің туған жеріміз.

-Тіл туралы тақпақ:

Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар.Қазақстанның елбасы кім?

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.

Елімнің ел ағасы ,елбасшысы,

Н.Назарбаев аман болсын!

-өте жақсы

-Балалар,әр мемлекеттің өз белгілері бар.Сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін,рәміздерін білесіңдер ме?

-осы рәміздерге жеке тоқталып өтейік.

-Сендер әнұранды білесіңдерме?

-Әнұран қай кезде орындалады?

-Әнұранды айтқан кезде қалай тұрамыз?

-өте жақсы

-Ал,мынау не?

-Елтаңбада не бейнеленген?

-пішіні қандай?

-осыған қарап қай елдің белгісі екенін білуге болады.

-Елтаңба туралы тақпақ айтады

«Өз туыңды тап»ойыны.Шарты:

Ортаға әр ұлттың тулары тасталады,соның

ішінен Қ.Р.туын тауып алулары керек.

-Сонымен мынау не?

Түсі қандай?

-пішіні ше?

-Туда тағы нелер бейнеленген?

-Иә,балалар,Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап,қырандай самғай берсін дегені.

СЕРГІТУ СӘТІ:

Көк жалау желбіре,

Асқақтап аспанда.

Жас ұлан,ел бірге,

Сап түзе жасқанба.

-Балалар Қазақстанда қазақтардан басқада ұлт өкілдері тұрады.Біз көп ұлтты мемлекетпіз.Қазақстанда әр ұлт өкілдеріне өмір сүру үшін жан-жақты жағыдай жасалынған.Барлық ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрін,ұлттық киімдерін сақтап қалған.Әр ұлттың табиғат жөнінде өз болжамдары бар.Сол болжамдардың тәрбиелік мәні зор.

Өсімдіктер қалай өседі

Түркістан қаласы әкімдігі білім бөлімінің

«Балдырған» бөбекжай бақшасы МКҚК

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Өсімдіктер қалай өседі»

Тәрбиеші: Ахметова Матлуба Ганиевна

Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы өсімдіктердің қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсніктерін қалыптастырыу. Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірбиелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту. Экологиялық тәрбие беру. Читать далее

«Өсімдіктер қалай өседі»

Түркістан қаласы әкімдігі Білім бөлімінің

«Балдырған» бөбекжай бақшасы МКҚК

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Өсімдіктер қалай өседі»

Тәрбиеші: Токсанбаева Галия Каппаровна

Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы өсімдіктердің қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсніктерін қалыптастырыу. Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірбиелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту. Экологиялық тәрбие беру. Читать далее

Тақырыбы: Қазақстан-ортақ үйіміз

Түркістан қаласы әкімдігі білім бөлімінің

«Балдырған» бөбекжай бақшасы МКҚК

«Балдырған» бөбекжай бақшасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Қазақстан ортақ үйіміз»

Тәрбиеші: Ахметова Матлуба Ганиевна

Мақсаты:Балаларды туған елінің, Отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру. Қазақстанды мекендейтін ұлт өкілдері, олардың салт-дәстүрлері, тағамдары , ұлттық киімдері жайлы мағлұмат беру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына , тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып,ардақтай білуге тәрбиелеу. Читать далее

Тәуелсіз елдің ұланымыз

Түркістан қаласы әкімдігі

«Балдырған» ясли-бақшасының

тәрбиешісі Маханова Г.Ш

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, желтоқсан құрбандарының суреттері. Читать далее