Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Сынып:1 Г

Мектеп: Шымкент қ. №130 ЖОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Алипова Нурия Анарбаевна
Сабақтың тақырыбы:

Натурал сандар және 0 саны.

Бөлшектер

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

24

0

1.1.1.1 санау барысында натурал сандардың реттік номері

анықталатындығын түсіну;

10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар

қатарындағы орнын анықтау;

Сабақ мақсаттары
  1. Барлық оқушылар санау барысында натурал сандардың реттік номері анықтайды, 10 сан көлемінде тура кері санай алады.
  2. Көптеген оқушылар 10 сандарының көршісін атай алады.
  3. Кейбір оқушылар олардың натурал сандардың құрамын анықтай алады.
Бағалау критерийлері 1.10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын біледі

2. 10 көлемінде тура және кері бағытта санай алады.

3. Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын

анықтай алады.

Сөздік қор Натурал сандар, тура кері санау
Құндылықтарды дарыту Оқушылар арасындағы достық,сыйластық қарым-қатынасты сақтай білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Сауат ашу, көркем еңбек
Алдыңғы меңгерілген білім Сандарды реттік және тура кері санайды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Шаттық шеңбері

«Сиқырлы гүл»

Балалар сиқырлы гүлді ұстап, келесі оқушыға тілек айту арқылы ұсыну, бір-біріне жақсы тілектер тілеу.

Топқа біріктіру

«Ине-жіп» әдісі бойынша. Ине роліне 4 әріптесті шақырып, ретімен көзін орамалмен байлап, айналасында тұрғандарды көрсетуі арқылы жіптер тізбектеледі, топтар құрылады.

Гүл
Сабақ ортасы

25

Жаңа сабақ Миға шабуыл

Видеоролик көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

10-ға дейін санау.

Тура және кері бағытта санау.

Сандардың көршілерін атау.

1-тапсырма.Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңдер.

Дескриптор

Білім алушылар 3 санының құрылу жолын түсіндіре алады.

2-тапсырма

1-топ Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз.

2-топ гүлдерді өсу ретімен орналастырады.

3-топ гүлдерді кему ретімен орналастырады

Дескриптор:

1.Гүлдерді орналасу ретімен санай отырып, сәйкес санмен байланыстыра алады;

2.10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жаза алады.

3. 10 көлеміндегі сандарды өсу ретімен жаза алады.

Интерактивті тақта

Оқулық, жұмыс дәптері

Гүлдер,үлестірмелі суреттер

Сергіту сәті Көңілді әуен Би қара жорға Аудио жазба
Сабақтыңсоңы

3 мин

«Шыбын ұрғыш» әдісі

  1. Пісіп тұрған төрт алмұрт,
    Қызығатын көрген жұрт.
    Екі алмұртты бұтақтан,
    Алып жеді Мұратқан.
    Қанша қалды алмұрттан? (екі)
  2. Бес алманың үшеуін,
    Досың сұрап алды.
    Айтшы, сонда нешеуі,
    Өз қолыңда қалды?(2)
  3. Тал бойында тізіліп
    Бес жапырақ тұр еді.
    Жел соқты да үзіліп,
    Ұшып кетті үшеуі.
    Ілініп тұр әлі
    Жапырақтың нешеуі? (3)
  4. Табақта төрт өрік,
    Қолымда бір өрік.
    Қосқанда барлығы
    Болады неше өрік? (5)

«Басбармақ» әдісі сабақты қорытындылау.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушыларға тапсырмаларды қызықты етіп жоспарлаймын. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау Сергіту сәтін орындағанда би қимылдарын жасағанда ары қашықтықты сақта, қаламсаппен жұмыс жасағанда мұқият бол.
Сабақ бойынша рефлексия

Алдағы уақытта жас ұрпақты тәрбиелеу барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында алған білімімді жетілдіріп, әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып сабақта қолданамын.

Сабағымда білім алушылардың қызығушылықтарын ояту, түрлі ой тастауға баңытталған тапсырмаларды орындаттым.Кейбір білім алушылар сабақта өз белсенділігін көрсетіп отырды.Қорытындылай келгенде өткен сабағымда мақсатма жеттім.Сабақты жоспарланған жоспар бойынша өттім.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s