«Сұйылтылған тұз қышқылының мырышпен әрекеттес уі»

Ысқақова Бибіхадиша Әбсалқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебі

Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Зертханалық жұмыс №9

«Сұйылтылған тұз қышқылының мырышпен әрекеттесуі»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3А Химиялық реакциялар

Мектеп: №157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебі
Күні: Аты-жөні: Ысқақова Бибіхадиша Әбсалқызы
Сынып: 7 Қатысқан оқушы саны: қатыспаған:
Сабақтың тақырыбы Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Зертханалық жұмыс №9

«Сұйылтылған тұз қышқылының мырышпен әрекеттесуі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:

сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеп, реакцияны сөзбен жазып, түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

қышқылдардың сілтілермен, әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеп, жүретін реакцияларға салыстырмалы сипаттама жасайды. Сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыра алады және сутектің маңызды қасиеттерін, қолданылу саласын біледі

Бағалау критерийлері 1. Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды

2. Сұйылтылған қышқылдардың әр түрлі металдармен реакцияларын зерттейді.

3. Сутек газының сапалық реакциясын түсіндіреді және жүзеге асырады.

Тілдік мақсаттар Бейтараптану, металдардың белсенділік қатары, оттек, оксид, тотығу, (әмбебап) индикатор, pH (жай ғана «қышқылдық» шкаласы ретінде), ерітінді, қышқылдылық, сілтілілік, жеңіл тұтанатын, сутек

Зертханадақауіпсіздік техникасы ережелерін білу өтемаңызды, себебі…

Қышқылдартерінікүйдіреді. Сілтілермен жұмыс жасағанда абай болу керек, себебі…

Құндылықтарды

дарыту

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу
Пәнаралықбайланыстар Биология, физика
Алдыңғы білім Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып 5.2 Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар).
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру. Сыныпта бірлескен оқу ортасы мен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп, жақсы көңіл күй тілейміз.

Үй тапсырмасы. Білімді өзектендіру. Сыныпты 3топқа санау арқылы бөліп, «поккорм» әдісі арқылы алдыңғы білімнен сұрақтар қою.

1. Қышқылдар дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

2. Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс жасағанда Қ.Т.Е не үшін сақтау қажет?

3. Қандай қышқылдарды білеміз? Формулаларын жазамыз.

4. Сілтілер дегеніміз не? Формулаларын жазамыз.

5. Индикатор дегеніміз не? Түрлері? Кім үйде индикатор дайындады?

6. рН көрсеткіші нені білдіреді?

Бағалау: « Басбармақ» әдісі арқылы топ бірін бірі бағалайды.

Қышқылдардың басқа реагенттермен әрекеттесуі нені білдіреді? Әрине химиялық қасиеттерін. Дәптерге жазамыз

Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Презентация-лар
Сабақтың ортасы

5 минут

18 минут

5 минут

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі бойынша 3 топқа мәтінді бөліп беремін
Оқулықпен жұмыс

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Оқушылардың қызығушылығын ояту. Эксперимент жургізу. Химиялық стақанға сілті ерітіндісі ,NaOH-натрий гидроксидін құйып,оған бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосамыз.Ерітінді таңқурай түске боялады.Ерітінді түссізденгенше бюреткадан тамшылатып, HCl- тұз қышқылының ерітіндісін қосамыз. Индикатордың түсінің өзгеруі нені білдіреді? Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?

Білімді қолдану.Эксперимент жургізу тапсырмалары.

1-топ «Оксидтер»

ҚТЕ сақтау. №9 Зертханалық жұмыс. Мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуі. №10 Зертханалық жұмысты параллель жүргізу. Сутекті жинау және дәлелдеу,түсіндіру

Қышқылдардың сілтілермен әректтесуі. Бейтараптану реакциясы

Не себепті фенолфталеиннің түсі әуелі таңқурай түске боялып, кейіннен түссізденеді?

2-топ «Негіздер»

ҚТЕ сақтау. №9 Зертханалық жұмыс. Темірдің тұз қышқылымен әрекеттесуі. №10 Зертханалық жұмысты параллель жүргізу.

Сутекті жинау және дәлелдеу, түсіндіру

3-топ«Қышқылдар»

ҚТЕ сақтау. №9 Зертханалық жұмыс. Мыстың тұз қышқылымен әрекеттесуі. .№10 Зертханалық жұмысты параллель жүргізу.

Сутек бөлінбейді, яғни реакция жүрмейді, себебін түсіндіру.

Оқушылар өз бақылауларын кестеге сөзбен жазып, қорғайды

Реакцияға қажетті

Реактивтердің тізімі

Жұмыстың барысы Не байқадың? Қорытынды
1
2
3

Оқушылар 1,2 жағдайда реакция нәтижесінде газ бөлінгендігін көреді. Не себепті 3-ші жағдайда реакция нәтижесінде газ бөлінбейді?

Н.Н.Бекетовтың құрастырған металдардың белсенділік қатарын түсіндіру.

Қарапайым құрылғы көмегімен су үстінде газ үлгісін жинау. Сынау әдістерін талқылау. «Пах» деген дыбыстың шығуы, газ күйіндегі сутектің сипаттамасы болып табылатынын түсіндіру.

Оқушылар бөлінген газға тәжірибе жасап, оның сутек екендігіне көз жеткізеді.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды

Алған білімді бекіту.

а) Сұйылтылған тұз қышқылымен магнийдің, алюминийдің және темірдің реакциясын сөзбен жазыңыз

1-реакция: _________________________________________

2-реакция: _________________________________________

3-реакция

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s