Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі

Сабақ: Сауат ашу Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

№ 12 бастауыш мектеп мұғалімі
Латыпова Нұрсауле Аманжолқызы

Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Оқушыларға Қ қ дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту,сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. Читать далее

Реклама

Жас математик

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

12 бастауыш мектеп мұғалімі

Латыпова Нұрсауле Аманжолқызы

Тақырыбы: «Жас математик»

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту. Читать далее

“ЖАС МАМАН — 2018” САЙЫСЫ

Несіпкүл ӨТЕБАЕВА, Түркістан қаласы.

ОҚО, Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияда жас мамандардың шығармашылығын тарату, озат тәжірибені насихаттау, мұғалімдік мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатында жас мамандар онкүндігі өткізіліп, іріктеуден өткен мұғалімдер мектепішілік “Жас маман-2018” сайысына қатысуға мүмкіндік алды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Мұратқызы мектепішілік сайысты шеберлікпен кәсіби тұрғыда ұйымдастыра білді. Ол ең алдымен сайысты өткізуге байланысты барлық детальдар, ұйымдастыру шараларын ойластырды. Қатысушылардың бағалау өлшемдерін жасады. Сайыстың ережесі бойынша І тур – панорамалық ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар көрсету болатын. Панорамалық сабақ дегеніміз – мұғалім өзінің жаңаша сабақ өткізу үлгісін, педагогикалық озат тәжірибесін, оның барлық элементтерін (оқыту әдіс- тәсілі, технологиясы, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың формаларын) бір сабақ мысалында емес, сабақтар жүйесінде жинақы түрде көрсету болып табылады. Читать далее