Жаңа технология кембридж тәсілімен оқып үйрену тәжірибесінен

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,Мұғалжар ауылы

Мұғалжар орта мектебінің биология пәні мұғалімі

УМБЕТОВ БАУЫРЖАН МОЛДАБАЕВИЧ

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», − деп Сократ айтқандай, егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау–басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Қазақстандағы білім беру үдерісіне енгізілгелі отырған жаңартылған білім беру бағдарламасы−заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Оқытудағы «Кембридж тәсілінің» теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқу әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты бағыты ойлауды дамыту болып табылады, яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздер арқылы (мұғалімнен, оқулықтан, достарынан) алған білімдерін біріктіре отырып іске асырады.

Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады, «өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі» деп сынаған. Мұндай білімнің өрісі тар, көбінесе жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлау үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы оқытуда басты басымдылық оқушыға беріледі.

Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тиісті сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Аталған ойлану үдерісі оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды (МАН, 10). Соның бірі — сын тұрғысынан ойлау. Сын тұрғысынан ойлау –Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді (МАН, 41).

Білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген ұстаз ғана нәтижелі табысқа жете алады. Жаңа технологияны меңгеруде жеті модульдің орны ерекше.

Бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі әр уақытта кіріктіріліп отырды. Өйткені, бұл модулдің негізгі мақсаты мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді, сыныпта оқуды үйрететін білім ортасын қалай құру керектігін, балалардың қалай оқитынын үнемі назарда ұстауды үйретеді. Метатану және қалай оқу керектігін үйрету оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Оқушылар мұндай білім мен қабілеттерді алғанда, олар үшін бұл әдеттегі философияға айналады, олардың оқу үлгерімі жоғарылайды. Егер мұғалімдер оқу үдерісін оқушылар бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп әзірлей алса, бұл оқудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық стратегия ретінде оқыту үшін бағалау арқылы метатанудың ғылыми негізі бар және ол мектептерде, сондай-ақ жоғары оқу орындарында сонымен қатар ғылымда қолданылатын көптеген жүйелерде әрекет етеді. Метатанудың тап осы қағидаттары тестілеу нәтижелерінде де, қалай оқу керектігін үйретуде де осындай білім модулдерінің табыстылығын түсіндіреді (МАН,75).

Оқудағы жаңа тәсілдердің идеясы төмендегі тезистерде көрініс тапқан.

Бірінші тезис: жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.

Екінші тезис:оқыту оқушының бастапқы білімімен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

Үшінші тезис:осы байланыстарды дамытып нығайту үшін толыққанды қатыстыру қажет.

Төртінші тезис:оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге,құруға уақыт береміз.

Бесінші тезис: оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік береміз.

Алтыншы тезис: белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.

Жетінші тезис: мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.

Сегізінші тезис:қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек (МАН,74-75).

Осы тезистерге сәйкес адамның тісінің құрлысымен танысқанда оқушылар өздерінің жануартану курсынан алған білімдеріне сүйене отырып, салыстыру жасады. Оқушыларға астың асқазанда қорытылуы тақырыбында сәйкестендіру тесті берілді. Осы ретте тәжірибе жүзінде формативті бағалауды қолданудың нәтижесі жоғары болып,оқушылардың ынтасы артты. «Астың ауыз қусында қорытылуы» тақырыбындағы сабағымда оқушыларды түрлі түсті резиналардың көмегімен топтарға бөлдім. Сынып екі топқа бөлінді. Оқушылардың білімі «Өрмекші» ойынының көмегімен тексерілді және бағалау парағына бағалары қойылды. Бірінші топқа «Тістің құрлысы және түрлері» тақырыбында тапсырма берілді. Екінші топқа «Сілекей безінен бөлінетін сілекейдің құрамы» тақырыбында тапсырма берілді. Өзімнің сабақта тек бағыт бағдар беруші екенімді оқушыларға алдын-ала түсіндірдім.

Топтағы оқушылар жаңа әдістермен өтілген сабақта жақсы нәтижелерге қол жеткізеді екен. Бұл кезде менің бақылағаным топтағы барлық балалар жұмысқа белсенді араласты. Оқушылардың ойша суреттей алу қабілетін байқадым. «Астың асқазанда қорытылуы. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы» тақырыбындағы сабақта «Жеке-топтық» әдіс пайдаланылып жұмыс жүргізілді. Жетондар арқылы оқушылардың білімі бағаланды, жақсы білімдерін көрсеткен оқушылар қызыл жұлдызша алды. Бұл да бір ынталандыру әдісі болды. Ынталандыру арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артатынын байқадым. Бұл жерде мен жаңа әдіс-тәсілдермен бірге сабағымда уақытты үнемдеуді де үйрендім. Барлық топтар бірінен соң бірі шығып жұмыстарын қорғады. Бұл жұмыстарды қорғап болған соң әрбір топ бір-бірін бағалауға кірісті. Олар бағаларын талдап, не үшін сол бағаны қойғанын сабақтың соңында талқылады. Биология пәнін оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін мұғалімге төмендегі талаптар қойылады.

— Оқушыларды өзін-өзі басқаруына ықпал ету, сол арқылы шығармашылық жұмыстарға, ғылыми ізденістерге ықпал ету.

— Сабақтарда дидактикалық ойын түрлерін қамту.

— Ойын элементтерін тиімді пайдалану.

— Оқу–тәрбие процесі арқылы оқушыларға терең білім берумен қатар ойлау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру .

Сондай-ақ мұғалім сабақтарында білім берумен шектеліп қалмай оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеп, пәнаралық байланысты тиімді жүзеге асыру керек. Оқушы белсенділігіне құрылған бұл сабақтарда шәкірттерді ілгері ұмтылдырып қана қоймай белгілі бір мақсат қойып, оны орындау жолындағы қиындықтарды жеңе білуге үйретеді. Оқушылардың белсенділігін, ізденімпаздығын арттыруға, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін толық көрсетіп, дамытатын негізінен — оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер баланың дамуы барысында ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Бұл сабақтарға мұғалім оқушылардың бойында құзіреттілікті, тұлғаның өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастырады.

А.Сухомлинскийдің (1973) «Сабақ-мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы» — деген пікіріне сәйкес, сабақ – педагогикалық шығарма, оны түсіндіруден гөрі өткізу әлдеқайда оңай. Өткізілетін сабақтың сәтті болуының толып жатқан шарттары бар. Оның ең бастысы – мұғалімнің білімі мен жан-жақты ойлай алуы, жеке басының ерекшелігі. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатымен нәтижесін белгілеп алмайынша, дегеніне жете алмайды және сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыра білуі керек. Сабақты бір сарынды өткізу – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, білімге ұмтылысын төмендетеді, сондықтан оқыту үрдісіне сабақтың түрлері: оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізіп отырған жөн. Оқыту түрлерін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында сабақты түрлендіріп өткізу (дәріс, семинар, дискуссия, ойын сабақтары т.б.) оқушылардың биология пәнінің білім мазмұнын жүйелі меңгеруде пәнге қызығушылығын арттыруда, өз бетінше оқып үйренуге тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Сабақты пысықтап, қорытындылағанда оқушыларға басқатырғы, сөзжұмбақ, тест сұрақтары және қосымша тапсырмалар мен қатар оқыту мен оқудағы түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану оқушылардың тақырыпты немесе тарауды бағдарлама талаптарына сай меңгеруіне көмектеседі. Түсінікті болу үшін сабақтардан үзінді келтірейін. «Астың асқазанда қорытылуы. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы» — деген сабағымда мен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді кеңінен қолдандым. Сабақтың мақсаты: Астың асқазанда қандай өзгерістерге ұшырайтындығы туралы оқушыларға теориялық және практикалық білім беру. Ал оқып үйренудің нәтижесі төмендегілерді қамтиды: Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасады, оқушылардың өз білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт беріледі, сабақ үдерісінде АКТ –ны қолдану оқушылардың тәуелсіз ойлануына, ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізеді, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға, жинақылыққа, мадақтауға дағдыланады. Мақсатым мен нәтижеге жету үшін сабақты тартымды, мазмұнды етіп оқушылардың белсене қатысуымен ұйымдастырып, оқушылар топпен жұмыс жасап, оқулықпен өз беттерімен жұмыс жүргізіп оны қорғауы керек деп жоспарладым. Орыс тарихшысы: В.С.Ключевский (1903 ) «Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі» деген.

Осы айтылғандай сабақ үрдісінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс–тәсілдерді қолдану қажет. Ал оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл–ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармышылық қызметіне байланысты. Жаңа тақырыпты бастау үшін оқушыларға алдын ала асқазан сөліне салынған піскен жұмыртқаның ақуызының қандай өзгеріске ұшырағанын көрсету арқылы ой қозғадым. Оқушылар әр түрлі болжамдар айтты, оқушылар бұл сөл асқазан сөлі болса, біздің асқазанымызда жұмыртқа да осындай өзгеріске ұшырайды. Енді асқазанда ас қандай өзгерістерге ұшырайтынын білу үшін біз мына жұмыстарды жүргізейік, деп «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойынын ұйымдастырдым. Сандықшаға өздерінің сұрақтарын салып, екінші топ жарыса жауап берді. «Асқазан сөлінің құрамында қандай қышқыл болатынын білесің бе?» деген сұрақ қойыпты. Ал А оқушы «Тұз қышқылы қалай асқазанды күйдіріп жібермейді?» деген сұрақ дайындапты, бірақ оған ешкім жауап бере алмай жауабын өзі берді. Асқазан сөлінің құрамы туралы кесте толтырылып, оқушылар топта бір бірінің жұмыстарын тексеріп бағалады. Жұмыстары жетонмен бағаланды. Оқушылардың белсенділгі, қызығушылығы жоғары болды. Мұғaлiм сaбaқ үрдiсінде оқушы iзденiсіне жол aшатындай әдіс-тәсілдерді тaңдaп aлғaндa ғaнa оқушы шын мәнiнде өзiндiк ойлay қабілеті бaр жеке тұлға болып қaлыптaсaды. Сондықтaн сaбaқта қолданылатын оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану оқушының бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығын қалыптастырады. «Ас қорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары. Аурулардың алдын алу шаралары. Тағамнан улану, алғашқы көмек көрсету шаралары.» тақырыбында өткен сабақтың қорытындысы ретінде оқушыларға РАФТ әдісін пайдаланып, дәрігер ретінде мектеп оқушыларының алдында дәріс оқуға тапсырма бердім. Оқушылардың барлығы бұл тапсырманы өте жақсы орындады, оқушылар да ашылып сөйледі. Нашар оқитын оқушының өзі ойын элементтері араласқан сабақта қызығып, ынталана түседі. Оқушылардың тізбектелген сабақтардан кейін жазылған рефлексияларынан үзінді келтірсем: «Маған сабақ өте ұнады, себебі топпен бірлесіп жұмыс істедік», «Сабақ маған қатты ұнады. Сабақ көңілді өтті. Білімімізді жетілдіре түстік.», «Маған сабақ ұнады, әсіресе біздің дәрігер болғанымыз.» т.б.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану оқушының ой-өрісін дамытып қана қоймай, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудырады.

Кембридж бағдарламасының әдіс- тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, өткізілген сабақтардан өзгеріс және жақсы білім алғандығы туралы түсіндім. Сабақ барысында түсірген, жинақтаған фотосурет, бейнежазбалардан бақылағаным оқушылардың сөйлеу дағдысы, өз ойын еркін жеткізе алуы, топпен жұмыс жасау барысында белсенділігі артқанын бақыладым. Оқушыларды зерттеп жинақтаған деректер, мысалы: сауалнамалар, бейнежазбалар, фотосуреттер зерттеу жұмысының нәтижесін көрсетеді деп ойлаймын.

Болашақтағы менің іс-әрекеттерім: сабақтарымды оқушылар өз ойларын дәлелдеп үйренуі үшін, сабақта әңгіме-дебат түрін пайдалану, талдау деңгейін қосу үшін күрделі және деңгейлік тапсырмаларды пайдалануды, бағалаудың объективті болуы үшін табыс критерийлерін дайындауды жоспарлап отырмын. Формативті бағалауды топтық жұмыста қолдану оқушыларды ынталандырып, белсенділігін арттырып, өз ойын еркін жеткізу, талдау жасау қабілетінің дамитындығына менің көзім жетті. Оқушылардың биология сабақтарында терең сапалы білім алуына формативті бағалауды қолдана отырып өз үлесімді қосып отырмын деп ойлаймын.

Оқушыларға сабақ беру барысында қолданылатын педагогикалық тәсілдер балалар туралы болжамдарға негізделеді, олар ересектерді оқытуда қолдануға келе бермейді. Сондықтан да ересектер мен балаларды оқытудың арасында бірқатар айырмашылықтар бар екенін ескеру қажет. тренинг, семинар, коучинг, әдістерін тиімді пайдалану, ой қозғау әдістерін толық талдау болды. Әсіресе, миға шабуыл, видеоталдау, проблемалық жағдаяттар практикалық жұмыстармен ұштастырыла өтті. «Қалай оқу керектігін үйрету», «Диалогтік оқыту» «Оқыту үшін бағалау оқуды бағалау» модульдері бойынша коучинг сабақтар өткізілді

Менің жоспарлап өткізген «Диалогтік оқытудың мәні» тақырыбындағы сабағымда мұғалімдер тиімді педагогиканың бөлігі ретінде оқытудың диалогтік әдістері мен тәсілдеріне талдау жасады. Мұғалімдер жауап алу мен шағын топтардағы жұмысты қоса алғанда, әңгімені жеке оқуға ықпал ететін педагогика құралы ретінде тиімді қолдану туралы өз идеяларын тұжырымдады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануымның арқасында оқушыларымызда мынадай өзгерістер қалыптасты:

  1. Оқушыларда белсенділік артты.
  2. Білімнің өз мүддесі үшін қажеттілігін білді.
  3. Оқушылардың өзіндік пікірі қалыптасты.
  4. Таным қабілеті ашылды.

Ал мұғалімдегі өзгерістер төмендегілерді қамтиды.

  1. Мұғалімнің кәсіби құзырлықтары дамыды.
  2. Мұғалім білім алуға бағыттаушы болды.
  3. Оқушымен қарым-қатынасы түбегейлі өзгерді.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s