Білім беру мекемесінің жетістіктері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
Абылай Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі.
Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Шойбекова Нурипа Темирбековна

(Мекеме жетістігі, ұжым жетістігі, оқушылар жетістігі туралы)

Мекеме жетістігі

Абылай Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі Оңтүстік-Қазақстан облысы Арыс ауданына қарасты киелі Шағыр ауылында орналасқан білім ордасы. Қыран түлегіне қайыстай қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды демекші осы мектептің ұстаздары жайлы айтсам, қаймағы бұзылмаған ауызбіршілігі мықты ұжым. 2017-2018 оқу жылында талай істерді атқарды. Осы оқу жылында мектебімізде 4 қалалық семинар өткізілді.

1. 2017 жылдың 23 ақпанында «Оқушылардың сындарлы ойлауда, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруде, өзін-өзі бағалаудың тиімділігі» тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың мақсаты: «Сабақ барысында критериалды бағалауды қолдану арқылы оқушылардың оқудағы өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға жетілдіру. Бірнеше мұғалім сабақ берді. Информатика пәнінің мұғалімі Мәжінбеков Ерғали 9 сыныпта «Модельдеу тәсілдері, модельді құру» ; физика пәнінің мұғалімі Ізтілеуов Нартай 8 сыныпта «Электролиттердегі электр тогы. Электролиз заңы»; география пәнінің мұғалімі Мажинбеков Қаржау 6 «Ә» сыныбында «Атмосфералық жел»; математика пәнінің мұғалімі 6 «А» сыныбында «Бір айнымасы бар сызықтық теңсіздіктер тарауына қайталау есептерін шығару»; химия пәнінің мұғалімі 10 сыныпта Сегізбаев Самат «Д элементтер. Мыс»; тақырыптарында ашық сабақ өтсе, бастауыш сынып мұғалімі Елғонова Ақгүл «Критериалды бағалау-сапалы білім негізі» тақырыбында коучинг сабақ өтті. 5 сынып жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі Шойбекова Нурипа «Гүлденген Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті

2. 2017 жылдың 27 сәуірінде «Үш тұғырлы тіл-болашақтағы сапалы білім кепілі» тақырыбында қалалық әдіс алмасу семинары өтілді. «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы, бола береді» деп Н.Назарбаев айтқандай қазақ тілінен бастап орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінде сабақ өтілді. Семинардың мақсаты: «Жаңа технологияны әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың тілдік қорын дамыту, мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарап үйренуге қызығушылығын арттыру». Төмендегі мұғалімдер сабақ өтті . Қазақ тілі бойынша бастауыш сынып мұғалімі Жүнісбаева Күлбакира 2»А» сыныбында сабақ өтсе, қазақ тілі пән мұғалімі Қопанов Төрехан «Толықтауыштық қатынас» тақырыбында 7 сыныпта сабақ өтті. Орыс тілі бойынша орыс тілі пән мұғалімдері Шойбекова Нурипа 5 сыныпта «Главные члены предложения» тақырыбында өтсе, Керімбекова Айжан

1 сыныпта «Что мы узнали?» тақырыбында сабақ өтті. Ағылшын тілі бойынша пән мұғалімдері Тұрысбекова Айгерім 3 сыныпта «Seasons» тақырыбында сабақ өтсе, Құдабаева Роза 6 сыныпта «Grammar to be goind to құрылымы» тақырыбында сабақ өтті.

Әлемдік үдерістің талабына сай көп тілді меңгерудің өмір талабы екендігін, дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мақсатында «Үш тұғырлы тіл» саясатының маңыздылығын түсіне білді.

3. 2017 жылдың 13 қазанында «Берік болашақтың кепілі-патриоттық тәрбие» тақырыбында әдіс алмасу семинары өтті.Семинардың мақсаты: АӘД мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, Отан алдында жауапкершілік сезімін сезіну, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, қырағылыққа, қайсарлыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Семинарда алғашқы әскери дайындығы пән мұғалімі Әбілдаев Бекжан «Саптық тұрыс» тақырыбында сабақ өтсе, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шойбекова Нурипа әскери жетекшілерге «Мектептегі көшбасшылық пен басқару» тақырыбында коучинг – сабақ өтті Семинар соңында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Боранбаева Гүлжан концерттік бағдарлама өткізді.

4. 2018 жылдың 2 наурызында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Отаным-тағдырым» базалық бағыты бойынша «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында қалалық семинар өтті. 6 мұғалім сабақ өтті. Тәрбие саласы бойынша төмендегі мұғалімдер . «Өлкетану» базалық бағыты бойынша ашық тәрбие сағаттарын өтті. «Алтын қазына жобасы 2 сыныпта Елғонова Ақгүл «Менің Отбасымның жақсы дәстүрлері»; «Тарих мұрасы» жобасы бойынша 6 сыныпта Шойбекова Нурипа «Шағырым – шаттық мекенім»; «Отаным тағдырым» бағытының «Сөз-тілдің көркі» жобасы бойынша 10 сыныпта Палман Гулбира «Абай тағылымы-халық даналығы»; «Өрле Қазақстан» жобасы бойынша дене шынықтыру пән мұғалімдері келесі сабақтарды өтті: Жакипов Жолдас 11 сыныпта Волейбол «Допты ойынға қосу және қабылдау»; Әбілдаев Бекжан 8 сыныпта Гимнастика «Алға-артқа домалау»; Сегізбаев Ғалым 7 сыныпта Ұлттық ойындар «Асық ойыны» ; Спорт жетекшілері «Толағай» отбасылық сайысын өткізді

Мұғалімдер жетістігі

Елбасы Н.Ә Назарбаев айтқандай, бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол «өмір бойы білім алу», қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

«Педагог» Республикалық озат педагогтар порталының ұйымдастырумен 13 қаңтар педагог А.С. Макаренконың туғанына 130 жыл толуына орай өткен «Бала тәрбиелеудегі педагог ұстанымы мен әдіс-тәсілдері» атты Халықаралық қашықтық ғылыми-пракимкалық конференциясына қатысып ІІ орын иеленгені үшін және де мақалалар жинағына сабағы жариаланғаны үшін Шойбекова Нурипа Темирбековна Дипломмен марапатталды Алматы, 2017 жыл.

Егеменді еліміздің жарқын болашағы жолында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білім саласындағы адал еңбегі және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Оңтүстік-Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы И.Сағындықовтың Мадақтамасымен орыс тілі пәні мұғалімі Шойбекова Нурипа Темирбековна және бастауыш сынып мұғалімі Елғонова Ақгүл марапатталды. Шымкент 2017 жыл.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Оңтүстік-Қазақстан облысы білім басқарма басшысының қызметін атқарушысы Р. Ергашеваның Алғыс хатымен бастауыш сынып мұғалімі Болысбекова Жанар мен орыс тілі пәні мұғалімі Керімбекова Айжан марапатталды.

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы білім беру қызметкерлерінің «Қазақстанның жаңғыруы 3,0-білімінің үлесі» тақырыбындағы секция жұмысында құнды баяндама оқығаны үшін ағылшын пән мұғалімі Тұрысбекова Айгерім мен физика пән мұғалімі Ізтілеуов Нартай Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мадақтамасымен марапатталды. Арыс 2017жыл

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасында сапалы білім мен кәсіби біліктілігін танытып, жүлделі ІІІ орын алғаны үшін Орынбасар Жадыра Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Дипломымен марапатталды. Арыс 2017жыл

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық «Ең үздік шығармашыл ұстаз» байқауына қатысып ІІІ орынды иеленгені үшін технология пәнінің мұғалімі Жанбатырова Гүлзира Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің марапатталды. Арыс 2017жыл.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңашыл мұғалім – 2017» қалалық байқауында орыс тілі пәнінен өзіндік идеясымен үздік танылып жүлделі ІІІ орын иеленген Керімбекова Айжан Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Дипломымен марапатталды. Арыс 2017жыл.

«Оқушылардың сындарлы ойлауда, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруде, өзін-өзі бағалаудың тиімділігі» тақырыбында өтілген қалалық тәжірибе алмасу семинарында ашық сабақ берген үшін Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мадақтамасымен Шойбекова Нурипа, Ізтілеуов Нартай, Мәжінбеков Ерғали, Сегізбаев Самат, Елғонова Ақгүл, Мәжінбеков Қаржау, Ақжігітов Ерлан марапатталды. Арыс 2017 жыл.

«Үш тұғырлы тіл-болашақтағы сапалы білім кепілі» тақырыбындағы қалалық семинарда шығармашылық әзденісі мен үлгілі сабақ корсетені үшін Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мадақтамасымен Шойбекова Нурипа, Жунусбаева Кулбакира, Керімбекова Айжан, Тұрысбекова Айгерім, Қопанов Төрехан, Құдабаева Роза марапатталды.

АӘД пәні бойынша «Берік болашақтың кепілі – патриоттық тәрбие» тақырыбындағы қалалық тәжірибе алмасу семинарында сазды бағдарлама дайындаған үшін А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Боранбаева Гүлжан; орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шойбекова Нурипа «Мектептегі көшбасшылық пен басқару» тақырыбында коучинг – сабақ өткені үшін; алғашқы әскери дайындығы пән мұғалімі Әбілдаев Бекжан «Саптық тұрыс» тақырыбында сабақ өткені үшін Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мадақтамасымен марапатталды.

ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Отаным –тағдырым» базалық бағыты бойынша «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында өткізілген қалалық семинарда белсенділік танытқаны үшін орыс тілі пәні мұғалімі Шойбекова Нурипа , бастауыш сынып мұғалімі Елғонова Ақгүл, қазақ тілі пәні мұғалімі Палман Гулбира, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Әбілдаев Бекжан, Сегізбаев Ғалым, Жакипов Жолдас Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мадақтамасымен марапатталды.

«Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында оқушылардың оқу нәтижелерін бағалаудың түрлі тәсілдері» тақырыбында қалалық оқу әдістемелік семинарында белсенділік танытқаны үшін Тұрысбекова Айгерім Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Алғыс хатымен марапатталды

Оқушылар жетістігі

2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жан-жақты білімі мен біліктілігін танытып жүлделі орын алғаны үшін Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Дипломымен төмендегі оқушылар марапатталды:

11 сынып оқушысы Тастанбек Аяулым физика пәнінен ІІ орын

9 сынып оқушысы Кемпірәлі Асқар математика пәнінен ІІ орын

9 сынып оқушысы Төленді Иманғали қазақстан тарихы пәнінен ІІІорын

10 сынып оқушысы Исахан Аружан тарих пәнінен І орын

«Рухани жаңғыру-қлттық өрлеудің ұлы күші» тақырыбындағы аудандық жас тарихшылардың ғылыми-практикалық конференциясында үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алған 10 сынып оқушысы Исахан Аружан Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Дипломымен марапатталды

2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба жарысының қалалық кезеңінде тарих пәнінен жан-жақты білімі мен ізденісін танытып жүлделі ІІІ орын алғаны үшін 9 сынып оқушысы Исахан Аружан Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Дипломымен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық «Мен өз елімнің патриотымын» шарасының ән байқауына қатысып жан-жақты өнері мен белсенділігін танытып ІІІ орын алғаны үшін Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мадақтамасымен 11 сынып оқушысы Кедебек Құрманбек марапатталды.

2017 жылы мектепті 14 оқушы бітірсе, 10 бала жоғарғы оқу орнына түсті.

7 оқушы грант иегері болды.

Осы істердің басы — қасында жүріп мұғалімдердің жетістікке жетуіне үлесін қосып, қолдап жүретін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдукаримова Масаткүл апайдың еңбегі зор.

Ұстаз – зор тұлға, ол күннің шуағындай шуақ шашып, жақсы сапалы білім, саналы тәрбие беріп, өз істеріне берік болса, оқушыларына шуақ шашса, мектеп те, оқушылар да көркейе бермек. Кішігірім мектептің кішігірім еңбегін көрсеттім, алда біз алар талай асу бар.

Ұстаздар еңбектерің жана берсін

Шәкіртің асулардан аса берсін,

Қызығы мен қиыны көп жұмыста,

Шабыттарың ұжымым арта берсін.

Инновация сендерді мойытпасын,

Жаңарған әдіс-тәсіл қажытпасын.

Алдынан тау шықса да қопаратын,

Ұстаздар, ардақтылар мың жасасын.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s