Үлгілі ұстаз. Жеке ұстаздың жетістігі туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
Абылай Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі.
Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары
Абдукаримова Масаткул Аздеровна

Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен ойлай отырып, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар — біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз-баға жетпес биік тұлға. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Менің ұстаз болып істегеніме 35 жыл болды, соның ішінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарғаныма 22 жыл. Мен айтқалы отырған Шойбекова Нурипа Темирбековна біздің мектепте жұмыс жасап жатқанына 20 жыл болды. Ол осы жылдар ішінде өзінің нағыз ұстаз екенін жан-жақты дәлелдеген мұғалім. Мектепте қандай да бір семинар немесе іс-шара болса Нурипа жүреді. Оқушылары жылда пән олимпмадасының жүлдегерлері. Атап айтсам

2013-2014 оқу жылында мектеп оқушылары арасында өткен қалалық пән олимпиадасында орыс тілі пәнінен жан жақты білімділік пен белсенділік танытып ІІ орын иеленгені үшін 9 сынып оқушысы Нұралы Орынбек Грамотамен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында 9 сынып оқушысы Кенжалы Қарашаш ІІІ орын алып Дипломмен марапатталды. 2015-2016 оқу жылында ІІІорын алып 11 сынып оқушысы Нұралы Орынбек Грамотамен марапатталды 2016- 2017 оқу жылында ІІІорын иелнгені үшін 11 сынып оқушысы Тойбек Нұртас Грамотамен марапатталды Бұл пән олимпиадасының жемісі.

2013-2014 оқу жылында «Тіл — барлық білімнің кілті» орыс тілі білгірлерінің байқауына қатысып ІІІ орын иеленгені үшін 11сынып оқушысы Әбдір Гүлзат Грамотамен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында ІІ орын алып 9 сынып оқушысы Кенжалы Қарашаш марапатталды

2013-2014 оқу жылында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру мақсатында өткізілген аудандық « Мен көп тілді білемін » байқауына қатысып ІІ орын иеленгені үшін Әбдір Гүлзат Дипломмен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында ІІІ орын иеленгені үшін Нуралы Орынбек Грамотамен марапатталды.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай және үш тілде білім беруді жүзеге асыру мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған қалалық сырттай эссе байқауында орыс тілі пәнінен ІІІ орын алғаны үшін Иманбек Назкен Дипломмен марапаталды

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы аясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды оқушыларды қолдау барысында өтілген «Полиглот» олимпиадасына қатысып І орын алғаны үшін 5 сынып оқушысы Темірхан Диана Грамотамен марапатталды.

2017 жылдың 23 ақпанында «Оқушылардың сындарлы ойлауда, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруде, өзін-өзі бағалаудың тиімділігі» тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу семинарында «Гүлденген Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

2017 жылдың 27 сәуірінде «Үш тұғырлы тіл-болашақтағы сапалы білім кепілі» тақырыбында қалалық әдіс алмасу семинарында 5 сыныпта «Главные члены предложения» тақырыбында ашық сабақ өтті.

2017 жылдың 13 қазанында «Берік болашақтың кепілі-патриоттық тәрбие» тақырыбында әдіс алмасу семинарында «Мектептегі көшбасшылық пен басқару» тақырыбында коучинг – сабақ өтті

2018 жылдың 2 наурызында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Отаным-тағдырым» базалық бағыты бойынша «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында қалалық семинарда 6 сыныпта «Шағырым – шаттық мекенім» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Ұстаз үнемі біліктілігін арттырып отырады.

2005 жылдың сәуірдің 11 мен 23 аралығында Шымкент қаласында Оңтүстік-Қазақстан облыстық үздіксіз білім беру институтында білімін арттырды.

2008 жылдың 20 қазанынан қарашаның 1 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім департаментінің білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында орыс тілі мен әдебиеті курсынан өтті.

2012 жылдың 15 қазанынан 25 қазан аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында біліктілігін арттырды.

2017 жылы 17 сәуір мен 4 мамыр аралығында Қазақстан Республикасынла орта ьілім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі іОрыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтады.

2017 жылдың 21 тамыз бен 10 қараша аралығында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады.

Қазіргі 5-7 сыныптарда жаңартылған білім бойынша «В мире чисел»

«Мы и природа», «Много у меня друзей» «Для чего служит одежда», «Интересное об одежде», Что такое ЗОЖ?, «Приметы в природе», «Мир живой природы», «Природа Казахстана» тақырыпптарында ашық сабақтар өтті

Сонымен қатар ізденімпаз ұстаз әріптестріне «Қалыптастырушы бағалауды сабақта қалай қолдануға болады?», «Мектептегі көшбасшылық пен басқару», «Диалогтық оқытудың маңызы», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «ҚМЖ ны жаңа форматта қалай жазу керек» тақырыбында коучинг сабақтар өтті.

Тәжірибелі, бар өмірін мектеп жұмысына арнады десем артық емес. Жылда өтілетін пән онкүндігін де аса жауапкешілікпен өткізеді. Онкүндікте «Брейн-ринг, «Полиглот», «Умники и умницы», «Ой сана», «В гостях у сказки» сияқты сабақтары өте тартымды да тартысты өтеді.

Тәрбие саласы бойынша да әр мерекеге орай үнемі ашық тәрбие сағаттарын өтіп отырады.

Ұстаздың жетістіктері.

Мектеп, аудан, облыс, республика көлемінде.

2003-2004 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауында ерекше көзге түскені

үшін Алғыс хат

-2004 жылы өткен мектепішілік «Жыл сынып жетекшісі» байқауында бас жүлдені иеленгені үшін Мадақтама.

2004-2005 жылы мектепішілік Мадақтама.

2005-2006 жылы мектепішілік Мадақтама.

2005 жылы Арыс қалалық білім беру және спорт бөлімінің Құрмет грамотасы.

-2007 жылдың 10 сәуірінде өткен мектепішілік «Жыл сынып жетекшісі»

байқауында бас жүлдені иеленгені үшін Мадақтама.

2006-2007 жылы Арыс қалалық білім бөлімінің Алғыс хаты

-2007 жылы өткен мектепішілік «Жыл сынып жетекшісі»

байқауында білімді жетекші атағын иеленгені үшін Мадақтама.

-2007-2008жылы мектепішілік Мадақтама.

-2008-2009 жылы мектепішілік Мақтау қағазы.

-2010 жылы өткен мектепішілік «Жыл сынып жетекшісі»

байқауында бас жүлдені иеленгені үшін Мадақтама

-2009-2010 жылы Арыс қалалық білім бөлімінің Мадақтамасы.

-2010-2011 жылы мектепішілік Алғыс хат.

-2010-2011 жылы Арыс қалалық білім бөлімінің Мадақтамасы.

-2011-2012 жылы мектепішілік Мадақтама.

-2012-2013 жылы мектепішілік Құрмет грамотасы.

-2012-2013 жылы Арыс қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы

кеңесінің Құрмет грамотасы.

-2012 -2013 жылы ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің

біліктілігін арттыру Институтының Құрмет грамотасы.

-2012-2013 жылы Арыс қалалық қорғаныс істер жөніндегі

біріктірілген бөлімінің Мақтау қағазы.

-2013-2014 жылы мектепішілік Мақтау қағазы.

2014 жылы мектепішілік Мадақтама

2014 жылы Арыс қалалық әкімдігінен Алғыс хат.

2015 жылы Арыс қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы

кеңесінің Құрмет грамотасы.

2015 жылы Арыс қалалық білім бөлімінің Алғыс хаты.

2016 жылы Арыс қалалық білім бөлімінің Дипломы.

2016 жылы мектепішілік Мадақтама

2017 жылы мектепішілік Мадақтама

2017 жылы Арыс қалалық білім бөлімінің Мадақтама.

2017 жылы Арыс қалалық білім бөлімінің Мадақтама.

2017 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы И.Сағындықовтың Мадақтамасы

2018 жылы Арыс қалалық білім бөлімінің Мадақтама.

Еңбектері жарияланған порталдар

Республикалық өрлеу

Республикалық www 45 minut.kz

Республикалықинтернет порталы www.bilim-gylym.kz

Халықаралық интернет ресурс www.bilimnur.kz

Халықаралық интернет ресурсwww.metodist

Осы бес порталда «Много у меня друзей» атты ашық сабақ жарияланды және де Алғыс хат пен Сертификаттар алдым.

USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық ашық сабақтары жарияланды

  1. «В мире чисел»
  2. «Мы и природа»
  3. «Для чего служит одежда»
  4. «Лексика»
  5. «Сложноподчиненные предложения»
  6. «На земле очень много профессий»

Тәрбие саласы бойынша авторлық ашық тәрбие сағаттары жарияланды. Алғыс хат, Құрмет грамотасы, Сертификаттар алды.

  1. «Мәңгілік өшпес отты жылдар»
  2. «Ең ардақты асыл жандар-Аналар»
  3. «Арыстың елі-намыстың елі»
  4. «Жаныңда жүр жақсы адам»

Bilim-all.kz ақпараттық – танымдық порталда «Интересное об одежде» тақырыбында ашық сабақ жариялаған үшін Диплом, Алғыс хат, Сертификат алды.

2017 жылдың 01-03 қараша күндері Қазақстанның педагогикалық академиясы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы мен Республикалық ғылыми-әдістемелік «Мектеп» журналы ұйымдастырған «Тәжірибе алаңындағы идеялар аукционы: Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбындағы облыстық демалыс конференциясында белсенді қатысқаны үшін Алғыс жарияланып Сертификат берілді.

«Педагог» Республикалық озат педагогтар порталының ұйымдастырумен 13 қаңтар педагог А.С. Макаренконың туғанына 130 жыл толуына орай өткен «Бала тәрбиелеудегі педагог ұстанымы мен әдіс-тәсілдері» атты Халықаралық қашықтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып ІІ орын иеленгені үшін және де мақалалар жинағына сабағы жариаланғаны үшін Дипломмен марапатталды Алматы, 2017 жыл.

«Арыс ақиқаты», «Сынып жетекші», «Мектеп» журналы сияқты баспаларда мақалалары жарық көрген.

Сөзімді тағы да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деген сөзімен аяқтағым келіп тұр. Жұмысына аңсап барып, қуанып қайту, өзінің не бітіргеніне, енді не істейтінін білу, бұл-мамандығын сүйген адамның ісі. Шойбекова Нурипа сияқты өз мамандығын шын сүйетін ұстаздарға ұрпақтың болашағын толық сеніп тапсыру үлкен бақыт деп айта аламын. Ұстаздың еңбегі жана берсін.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s