Ұстаздарға көшбасшы әдіскер ұстаз

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Миролюбовка
орта мектебінің директоры Рысгүл Райханқызы

Білімді ұстаз- мектептің тірегі, һәм жүрегі. «Бала — болашағым» деген еліміз, сондықтан да біздің алдымызда ұлы міндеттер тұр. Ел болашағы болар жас ұрпақты тәрбиелеу жолында біз , ұстаздар, баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге алған білімін болашақта қолдана алатын, сандық сауаттылығы артқан, өз ойын еркін жеткізе алатын , бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге міндеттіміз.«Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» — бұл білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау, білім кеңестігіндегі мәдениет пен өнердің даму негізі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» дей келе , ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп жолдауында айтқан болатын.Білім саласында түбегейлі өзгерістер ұстаздардан аса жауапкершілікті талап етеді.Сондықтан әрбір ұстаз заман талабына сай жаңашылдықты өзімнен бастауы, алдында отырған оқушы санасына жеткізуі,ұстаздың міндеті деп санаймын. Ұстаз көшбасшы,әдіскер,жаңашыл болуы оқыту үдірісінде зияткерлік шығармашылық бастамашылдығын дамытуға ықпал етеді.

Жаңашыл мұғалім – нұсқаушы.Әрбір педагогтың білімі мен білігінің биік болуын көтеруді мақсат тұтқан еліміз ұстаздардың білімдерін жетілдірсе, біз өскелең ұрпақтың білім аясын кеңейтуіміз керек. Әрбір ұстаз үшін өз шәкірітінің биіктерден көрінуі мәртебе. Алғашында дәстүрлі оқытудан сындарлы оқытуға тосырқай қарағанмен, тәжірибе барысында оқушы бойындағы оң өзгерісті байқап, қуандық. ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқаратыны сөзсіз.Жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген мұғалімдер білім сапасын арттыруға барынша үлес қосып, ұрпақты жаңа заманға сай біліммен қаруландыратынына сенемін! Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты-жаңа бағыттағы ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге үйретеді.Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады дегендей,әр ұстаз өзінің жұмыс жүйесінде қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялардың элементтерін енгізе отырып,оқушының өздігінен ойлануына жетелеп,жігерлендіре отырып,соның нәтижесінде жемісін көруін қалайды.

Әрбір жаңашыл, көшбасшы,әдіскер ұстаз ақпараттық технологиялардың ғылыми-теориялық негізін меңгеріп, жұмысында қолдануға тырысуы керек.Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының жаңаша білім алуына мүмкіндік жасайды.

Жаңарған Қазақстанға –жаңа білім беру үдірісін жетілдіретін ,қиындығы мен қызығы мол жаңа оқыту бағдарламасында ұжымыма сәттілік тілей отырып, дөңгеленген дүние бір орында тұрмайды,зымыраған заманды, «Білім» деген зымыранмен қуып жетейік деген үндеу салғым келеді.Ол үшін зымыранның заманға,заманына адамы лайық болу керек!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s