БІЛІМ НЕГІЗІ — БАСТАУЫШТА

НЫГМЕТЖАНОВА УЛДАНА
Алматы қаласы Алатау ауданы

«№ 152 мектеп – гимназия»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Мектептегі басты тұлға –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да ең алдымен осы ұстаздар арқылы жүзеге асады.Рухани жан дүниесі бай, жан — жақты дамыған , бәсекеге қабілетті, қоршаған ортаға тез бейімделетін жеке тұлғаны сомдау- бүгінгі күнгі басты талабы болып отыр.

Бастауыш білім беру- үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.

Бастауыш сынып мұғалімі ретінде өз алдыма қойған мақсатыма тоқталсам: бала бойында білім, икемділік, дағды сияқты арнайы жоғары құзыреттілікті қалыптастыру, оны жүзеге асыру.Ол үшін оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық басымдылығын әрекетте ұштастыру қажет.

Тәжірибеге сүйенсек:

Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларына оқытылатын пәндердің әр түрлі болуынан,сынып оқушыларымен атқарылатын жұмыс та алуан түрлі.

Екіншіден, бастауыш сынып мұғалімінің жан-жақтылығы – оның математика, ана тілі,қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері,еңбек пәндерінің барлығын оқытуында.

Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен санасып, оқу- тәрбие үрдісінде түрлі іс шаралардың атқарылуы.Бұл,физиологиялық,психологиялық ерекшелікті ескермесе,бала бойындағы ағза ауытқушылығына тап болатынымыз анық.

Төртіншіден,бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыруда,өздік әрекет үлкен орын алатындықтан,баланың жекелеме әрекет жасауы — оның толыққанды дамуының айғағы болмай ма?

Аталған нәтижелердің барлығы да мұғалімнің ұстаздық,психологиялық,әдістемелік және жекелеме тұлғалық қызметтері арқылы жүзеге аспақ.

«Өткенге қарап басымызды иеміз,ертеңге қарап білек сыбанамыз».Ендеше, бүгінгі бала- ертеңгі азамат.Алып та анадан туса, « Мейірімді анадан үйрен» дегендей балаға аналық мейірімділікпен қарау-бастауыш сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұстаз бойындағы -басты қасиет саналады.

Күннен де жарық — білімге құштарлықты ояту жолын бастауыштан бастайтынымыз ақиқат. Сондықтан да «Білім негізі- бастауышта» демей ме?

Шәкірттерімді ; «Іздесең- табасың,талаптансаң-жетесің,зейін салсаң –ұғасың» -деп шабыттандыра отырып, өнерімнің сәулесін осы өрендеріме шашудамын.

«Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы» демекші,табысқа жетуде

айқын мақсат пен міндет арқылы жоспарлы жұмыс,ізденіс,ақпарат құралдарымен тығыз бйаланыста болуды өз басым ғана емес, шәкірттерімнің де қадамынан бағамдаудамын.

Пән бойынша «Оқушылардың шығармашылық қабілетін, тілін дамыту» тақырыбындағы ізденіс тақырыбымды бастауыш сынып мұғалімі ретінде зерделеу жолындағы межелеген жұмыстар төмендегідей:

  • ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу;
  • қалалық семинарларға ашық сабақ беру;
  • «дөңгелек үстел» мәселелерін талқылауға үлес қосу,
  • мектепішілік қоғамдық шараларға белсене қатысу,
  • өздік білімімді көтеру және білім жетілдіру курстарынан өту,
  • оқу, дәріс беру жұмыстарында өз әріптестеріммен ой бөлісу, талқылау,
  • өнер,талантымды шыңдау.

Менің ұстаздық ұстанымым:

« Бақыттың бесігі-білім,бақыт кілті- еңбекте» деген қағиданы есте сақтаймын,еңбектенемін.Жаныма ұлы Абайдың

«Ақыл,қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек» деген даналық сөзін серік етіп,талаптанамын, таланттарды шыңдаймын,талап биігінен көрінуге ұмтыламын.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s