«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Амангалиева Гүлжанар Амангалиевна

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы,А.Байтұрсынов атындағы

№ 10 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Білім бұлағының көзін ашу бастауыш сыныптан басталады. Олай болса, бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Озық ойлы, тапқыр да нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт бағдар беру, ой- өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті. Баланың жеке басының шығармашылығын, қабілетін, дарындылығын дамыту мәселесі ежелден-ақ ұлт ойшыларымыз Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған сондықтан олар өз еңбектеріне және тұлға қабілетін дамытуды үнемі көздеп отырған.

Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс және ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндікапталықтар, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушының қалауы, таңдауы мен байланыстарын ескеру қажет.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлау мен шығармашылық жұмыс жасауын дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор.Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру,сондай-ақ оқушыларды мейірімділікке, шеберлікке дағдыландырады.

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділіктерін шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану- олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер, оқушылардың ізденіс қабілеттерін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Оқу үрдісінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек. Оқу процесіндегі негізгі мәселе –оқушының белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушының іс-әрекеті неғұрлым үйлесімді кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.

Шығармашылық: жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Халқымыздың «Жігітке жеті өнер де аз», «Сегіз қырлы, бір сырлы» сияқты нақыл сөздері адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерін ескертсе керек. Шығармашылық: ойлап табу, жаңалық ашу, шығару жетістікке жету, белсенділігін арттыру. Ол жеке адамға тән. Ал бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығы- тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субьективті жаңалық.

Бастауыш сынып оқушыларының процесіне тән кезеңдерін топтастыру:

1.Жаңалықпен бетпе-бет келу

2.Шығармашылық акт

3. Шешімнің жарық көруі

4.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу

Шығармашылық жұмыстың типіне, мақсатына қарай, бұл кезеңдер 1-1 мин ат салысып, қабаттасып жатуы тиіс. Шығармашылық процесс баланың ақыл-ойын, қабілетін дамыта түседі. Дамыту барысында бірнеше факторлар әсер етеді.

1.Биологиялық

2. Әлеуметтік

3.Баланың белсенділігі

Бастауыш сыныптардағы сауат ашу, тіл дамыту тұрғысынан оқушының шығармашылығын дамыту. Дамыта оқу жүйесінің- маңызды принциптерінің бірі теориялық білімін басшылыққа ала отырып қорытып тұжырымдау.

А) Сөздің әр дыбысынан сөз тудыру.

Әсем-әдемі, сұлу, ерке, мейірімді.

Б) Мәтін құрастыру

Әсем-әдепті , әдемі қыз. Ол сұлу болғысы келеді. Ол өте мейірімді қыз.

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда оның неге қажетті екенін зерттеу. Оларды жеңіл ойлауға қарсы көзқарастарымен тепе-теңдікті ұстап зерттеумен қатар оларға сеніммен қарау керек.

Шығармашылық ізденіс-білетін мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер етеді.

Топтау, түртіп алу, ойлау, жұптау, талқылау, болжау, әлемді шарлау әдістерін дер кезінде пайдалануды қажет етеді. Оқушы оқыған білімдерін саралап, жаңа өзгеріс енгізуге талпынып, үлкен әлемге еніп, ойды тұжырымдайды. Осылай іздену, толғану арқылы өзінің өзгерісін сезеді, өзгені сезініп шығармашылық қабілеті арта түседі.

Сондықтан да бала өзіне сенімді дербестікке, еркіндігінің болуы- сапалы білім алудың бірде бір кепілі деуге болады. Сонымен бірге бастауыш мектептегі сауат ашу, тіл дамыту, грамматика (қазақ тілі) оқушы шығармашылығын дамытудағы алатын орны ерекше.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология, — Алматы, «Білім» 1996 ж
  2. Аймауытұлы Ж. Психология. – Алматы, «Рауан» 1995ж
  3. Дарындылықтың психологиялық диогностикасы. -Астана «Дарын», 2007ж
  4. Елікбаев Н.Ұлттық психология. -Алматы: Қазақ университеті, 1992ж
  5. Интернет желісі
Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s