«45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минутыңа дайындал»

Оқытудағы деңгейлік тәсіл – сындарлы оқыту теориясына негізделген. Ал сындарлы оқытудың негізгі мақсаты- оқушының белгілі бір пән бойынша терең түсіну қабілетін дамыту және алған білімдерін өмірде кездесетін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету екендігін білдім. Бұрын сабақтарымда мен оқушыларға өзім ізденіп дайындап білімді ұсынып, сабақты бүге-шүгесіне дейін өзім түсіндіріп берсем, осы бағдарлама аясында оқушылардың ойлауы дамитыны, жаңа білімді түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарымен пікірлесе отырып алатынына көзім жетті. Бағдарламаның негізгі идеясын түсіне отырып, оқушылардың ойлау қабілетін қалай дамытатынымды ойластырып, жеті модульді кірістіре отырып 7-8 кластарға арналған сабақтар топтамасын құрдым.

Мақсатым оқушылардың топтасып жұмыс жасауына, өздерін, бірін-бірі бағалауына және сабақты өз беттерінше меңгеруіне мүмкіндік жасау. Зерттеу бойынша ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен сыныптастарымен бірігіп жүргізген жұмыс баланың оқуына және танымдық әсері жоғары екенің дәлелденген. Сондықтан да сабақтарымда диалогтік оқытуды тиімді пайдалануға тырысамын. Мен оқушыларымды диалогтік оқуға тарту үшін тиімді сұрақтар қоя білуім керек екенін түсіндім. Сабақтарымды көбіне «ойшақыру», «Миға шабуыл» т.т. әдістері арқылы бастаймын, себебі балалар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын еркін айтып, сабақтың мақсатын ашып отырады. Заман ағымына сай өзгере отырып, технологиялардың дамыған күрделі техника ғасырында оқушыларға пәнге деген қызығушылықтарын арттыра білу шебер мұғалімнің ерекшелігі. Сабақтың табысты болуына АКТ-ны қолданудың тиімді. Бұрын кез –келген сабағыма мәтін-мазмұны немесе ақын- жазушылардың өмірімен таныстыруды ең алдымен өзім түсіндіріп, содан кейін оқушылардың мәнерлеп оқуын тексеретін болсам, енді сандық технологиялардың мүмкіншіліктердін пайдаланып, ережелерді, жазушы өмірі туралы өздерін іздендіріп, өздеріне зерттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырдым.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шыныбаева Лаззат Сандибековна

Реклама