Оқушылар шығармашылығы

Біздің сынып

Біздің сынып әдемі.Сыныпта бесеумізбіз. 3 ұл ,мен және апайымыз.Апайымызбен бірлесе отырып,сабақта көптеген нәрселерді жасадық. Маған өзіміз жасаған бағдаршам,құстар,түрлі фигуралар ұнайды.Әсіресе папам жасуға көмектескен барабаным өзіме қатты ұнайды.Үлкен тақта,жаңа парта бәрі де күшті.Бәріміз ақылдымыз,доспыз.Апай бізге бесеуміз дос болып жүруіміз керек деп айтады.

Казталов ауданы Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі Асқар Айгерім Есенгелдіқызы 2 сынып оқушысы,
Жетекшісі Жаманкулова Ардақ Садуакасовна

Менің ұстазым

Ұстаз-деген ақылшы,бар білгенін аямайтын жан.Менің ұстазым-Ардақ апай.Біздің қолымызға қалам ұстатып,әріп үйретті.Мен апайымды мақтан тұтамын.
Ұстаз- дана,ақылшы
Өмір білім санасы
Мейірімді ұстазға
Тілейікші мың алғыс
Ұстаз біздің анамыз,
Ақыл тұтар бабамыз
Әрқашанда аялап,
Жақын жүрер данамыз.

Казталов ауданы Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі Сағатұлы Есенгелді 2 сынып оқушысы,
Жетекшісі Жаманкулова Ардақ Садуакасовна

Наурыз-көктем шуағы.

Көктем келді.Көктемнің шуақты күні наурыз мерекесі болды.Ауыл болып тойладық.Наурыз мерекесі маған қатты ұнайды.Наурыз көжеге тоямыз.Бауырсақ жиміз.Түрлі ұлттық ойындар ойналады.Әжелер шашу шашады.Аталар бата береді.
Армысың наурыз,
Қуаныш болып кел төрлет
Елбасы саған
Көрсетіп жатыр сый құрмет
Жылда сағына қарсы алатын мерекеміз қуаныш пен бақыт әкелсін.

Казталов ауданы Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі
Амангелді Нұргелді Нұрлыбекұлы 2 сынып оқушысы,
Жетекшісі Жаманкулова Ардақ Садуакасовна

Мен ауылдың баласымын

Мен Әбіш ауылында тұрамын.Атам мен әжемнің баласымын.Еліміз тыныш.Отбасымыз өте тату.Оқуым да жақсы.Мені бәрі жақсы көреді.Еркелеп өсіп келемін.Әкеммен анам қалада тұрады.Мен ауылдың өзенін,даласын,үйлерін жақсы көргендіктен қалаға кеткім келмейді.Атам мені атқа мінгізеді.Қамқоршы достарым бар.Ақылшы апайым бар.
Табиғаты байлықтан тұнып тұрған
Тамаша даласы бар жусаны аңқыған
Өзені бар балықтары шалпыған
Сол ауылдың баласымын есімім Еркебұлан

Казталов ауданы Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі
Сисенғали Еркебұлан Сағынғалиұлы 2 сынып оқушысы
Жетекішісі Жаманкулова Ардақ Садуакасовна

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s