Кажгалиев Рустам Сакенович

БҚО, Казталов ауданы, Болашақ ауылы, Богатырев ОЖББМ

Жаратылыстану пәнінің мұғалімі

Кажгалиев Рустам Сакенович

5 cынып

Заттар және материалдар Мектеп: Богатырев ОЖББМ
Күні: 25.12.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Кажгалиев Р.С.
Сынып: 5 Сабақта қатысқаны: қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы 5.2A Заттардың құрылысы мен қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
Сабақ мақсаттары Оқушылар:

кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийлері

(дағдылар: білу және түсіну; қолдану)

Оқушы оқу мақсатына жетеді егер:

Кем дегенде табиғатта түзілген үш затты және кем дегенде жасанды жолмен алынған үш затты атайды

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіріп, олардың түзілуін физикалық және химиялық құбылыстардың нәтижесі ретінде түсіндіре алады

Лексика мен терминология:

Табиғи заттар, заттардың түзілуі, жасанды заттар, заттарды алу

Диалог/жазылымға арналған сөздер/сөздер тіркестері:

Табиғи заттарға … жатады

Физикалық/химиялық құбылыстың нәтижесі … заттар болып табылады

Жасанды заттарды … үшін алу керек

Синтетикалық заттардың табиғи талшықтармен салыстырғандағы артықшылықтары/кемшіліктері …

Құндылықтарды дарыту Өмір бойы білім алу, өз атқарған жұмысына жауапкершілік, ұжым/командада жұмыс істей алу
Сабақ барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы (М)Көрсетілім үстеліне пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, маталардың бірнеше түрлері, басқа да табиғи және жасанды материалдардың үлгілерін қойыңыз.

Оқушылардан осы заттарды екі топқа бөлуін және қандай белгі бойынша бөлгендерін сұраңыз.

пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, маталардың бірнеше түрлері, басқа да табиғи және жасанды материалдардың үлгілері
Сабақтың ортасы Талқылаудан кейін оқушыларға кейбір заттар табиғатта, ал кейбіреулері жасанды жолмен алатындығын нақтылаңыз.

(Т) Топтық жұмыс: мәтінді оқып, табиғи және жасанды материалдардың атауларының астын сызыңыз. Олардың физикалық немесе химиялық жолмен түзілгендігін анықтаңыз.

(М) Табиғи және жасанды заттар физикалық және химиялық құбылыстардың нәтижесінде түзілу мүмкіндігіне назар аударыңыз.

Тақтада және оқушылардың дәптерлерінде келесі кестені толтыру:

Зат Табиғи Жасанды Алыну жолы
Қант + Химиялық

.

(Э)эксперимент/тәжірибе

Өз беттеріңше лимонад жасауға болады? (міндетті түрде үлкендерден көмек сұраңдар).

Ұнтақтың құрамы

  1. Ас содасы — 30г (үш шай қасық).
  2. Лимон қышқылы — 60 г (алты шай қасық).
  3. Қант ұнтағы (пудра) -50 г (бес шай қасық).

Дайындау нұсқауы

  1. Құрғақ сопақ ыдыс дайындап аламыз.
  2. Өлшенген сода мен лимон қышқылын құрғақ сопақ ыдысқа құямыз.
  3. Ұсақ ұнтақталғанша араластырамыз.
  4. Қант ұнннтағын қосамыз. Бір қалыпты болғанша қайтадан араластырамыз.
  5. Дайындалған қоспаны тығыз жабатын қақпағы бар шөлмек ыдысқа қайта құямыз.

Сусынның құрамы

  1. Бір стақан су (шырын, морс және т.б.)
  2. Дайын ұнтақ -20 г (екі шай қасық)
  3. Стақан суға соданы қосып араластырамыз. Ұнтақтың кристалдары сұйықтықпен реакцияға түсіп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады (оқулықта 77 сурет).

(Т)Оқушыларды бірнеше топқа бөлу, олар келесілерді орындауы керек:

— табиғи және жасанды материалдардан жасалған маталардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау;

— ағаш және пластик терезелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау;

— металдан және пластиктен жасалған ыдыстардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.

Өткен материалды түсінгендіктерін тексеруге арналған тапсырма орындау (қосымша 2).

Мәтін. Қосымша 1

Пластикалық шөлмек ыдыс, лимон қышқылы, қант ұнтағы, ас содасы, су стакан, қасық

Сабақтың соңы Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

нені білдім? не үйрендім?

— не түсініксіз болды?

— әлі де не бойынша жұмыс істеу керек?

Рефлексия: Оқушыларға түсті шарларды ыдыстарға жабыстыру арқылы «ыдыстарды толтыруды» ұсыныңыз.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s