Ауызша көбейту және бөлу 32 · 5 және 160 : 5

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

12 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Сагынгалиева Мейрамгуль Темировна

Сабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту және бөлу 32 · 5 және 160 : 5

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 32·5; 160:5 түріндегі көбейту және бөлуді түсіндіру, білім дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы сабақта әр түрлі тәсілмен мысалдар шығаруға көңіл бөлу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: Оқушылардың алға қойған мақсаттарына жетуге өз бетінше тапсырмаларды орындауға қызығушылығын оята отырып,сенім және білім әрқашан қымбат екенін түсіне білуге.

Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жеке, жұптық, топтастыру әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірме материалдар, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Психологиялық дайындық.

Сәлеметсізбе! Оқушылар сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

«Бес бармақ»: Мен бүгін саған сәттілік тілеймін! Оқушылар сендер бүгін өздерінді өздерін бағалайсыңдар. Тақтаға бағалау критерийлеріне назар аударамыз.

Бағалау критерийі:
1) Барлығы дұрыс болса — «5»
2) 1 – 2 қате болса — «4»
3) 3 қате болса – «3»

2. Миға шабуыл: Жіп

Оқушылар шеңберге тұрады. Бір-біріне жіп лақтыру арқылы көбейту кестесін сұрайды.Оқушылар қалай ойлайсыңдар көбейту кестесі біздің өмірімізге керек пе? Әрине, керек. Біздің өмірімізге өте қажет. Мысалы: дүкенде, почтада, дәріханада т.б . пайдаланамыз. Көбейту кестесін жаттаңдар, естеріңде сақтаңдар!

ІІ. Өткенді пысықтау: Үй тапсырмасын тексеру. Дәптерлерін ауыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар, бүгінгі сабағымызда «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Алтын қақпамыз үш қақпадан тұрады. Тас қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа. Әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Үш қақпаның тапсырмасын толық орындасақ, алтын сандыққа жетеміз. Алтын сандықтың тапсырмасын орындасақ, бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз.

Алдымен білімімізді кенейтіп алайық.

Оқушылар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Ауызша көбейту және бөлу 32 · 5, 160 : 5».

1. Түсіндіру.

Екі таңбалы санға бір таңбалы санды көбейту және бөлу амалдарын орындау үшін, алдымен екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз.

1-қадам. 32-ны разрядтық қосылғыштарға жіктейміз.

32 дегеніміз 3 ондық. 2 бірлік яғни 30 + 2

2-қадам. Көбейтіндіні жазамыз яғни (30 + 2) · 5

3-қадам. Әр қосылғышты жеке-жеке 5-ке көбейтеміз. 30·5+2·5

4-қадам. Көбейтінділердің мәнін табамыз.

32·5=(30+2)·5=30·5+2·5=150+10=160

Демек мәні 160 шықты.

Екінші амалымыз бөлу амалы 160:5

2 таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу үшін екі қосылғышта ыңғайлы тәсілді пайдаланамыз. Ол үшін қосылғыштардың екеуі де 5-ке қалдықсыз бөліну керек.

1-қадам. 5-ке бөлгенде бөлінді мәнінің ондықтары мен бірліктерін анықтау мүмкін болатындай етіп қолайлы қосылғыштарға жіктейміз. 160=( 150+10)

2-қадам. Бөліндіні жазамыз. (150+10):5

3-қадам. Әр қосылғышты 5-ке бөлеміз.

150:5+10:5

4-қадам. Бөлінділердің мәндерін қосамыз.

160:5=(150+10):5=150:5+10:5=30+2=32

Тас қақпаның тапсырмасы:

Оқушылар, тас қақпаның бір тапсырмасын орындауымыз керек. Оның шарты мынадай.

Қане,тәртіп сақтайық,

Тез есептеп аттайық.

Алға қадам басқанда,

Біздер батыл аттайық!

3. 62 бет. Түсіндіре отырып, шығар:

42 · 5 75 · 6

210 : 5 450 : 6

Жарайсыңдар, оқушылар біз тапсырманы дұрыс орындап едік «Тас қақпамыз ашылды»

Балалар,тас қақпамыз ашылып, ізінен күміс қақпамыз шықты. Әдеттегідей күміс қақпаның да тапсырмасын орындап көрейік.

Күміс қақпаның тапсырмасы:

Көп білетін оқушы,

Алға басып келеді.

Есептердің шешімін,

Дұрыс тауып береді.

2. 61бет. Есепті шығар:

Темір жол төсеушілері бірінші күні 60 км жол төседі, ал екінші күні одан 27 км кем төседі. Үшінші күні осы екі күнде төселген жолдың үштен бір бөлігіндей жол төседі. Үшінші күні неше километр жол төселді?

1- күні – 60 км

2-күні — ? км, 27 км кем

3-күнде — ? -гі

Шешуі:

60 – 27 = 33 (км) 2-күні

60 + 33 = 93 (км) 1-күні және 2-күні

93 : 3 = (90 + 3) : 3 = 90 : 3 + 3 : 3 = 30 + 1 = 31

Жауабы: 31 км жол төседі.

Күміс қақпамыз да ашылды.

Ал, енді балалар «Алтын қақпаның» тапсырмасын орындап көрейік.

Алтын қақпаның тапсырмасы:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Кезекті танымдық тапсырмаға берейік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жұмыстарын көрейік.

4. Теңдеулерді шеш:

9 · х = 48 + 33 х : 7 = 110 – 100

Алтын сандықтың тапсырмасы:

Ал, оқушылар, енді біз алтын сандыққа да келіп жеттік. Алтын сандықты ашу үшін мына ойынды ойнап жіберейік.

Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Амалды орындап көріңдер.

Ойын: «Қоянға көмектесейік» қоянға амалдардың дұрыс жауабын тауып, себетке сәбіз жинауға көмектесейік.

Оқушылар, Алтын қақпа ойынында барлық қақпаның тапсырмасын орындап, бүгінгі сабаққа жақсы қатыстық.

4. Амалдарды орыңда.

23 · 2 + 160 : 16 = 83 · 1 – 74+3 =

46 · 2 + 8 : 4 = 31 · 2 + 10 : 5 =

48 : 8 + 13 · 4 = 72 : 8 + 12 · 3 =

IV. Сабақты қорыту.

  • Балалар, бүгінгі ерекше ойын сабағымыз ұнады ма?
  • Не білдік?
  • Не үйрендік?

Үй тапсырмасы: № 7. 62 бет

V. Бағалау.

Оқушылар өздерін бағалап болғаннан кейін, мұғалім қорытынды бағаны қояды.

Кері байланыс.

Оқушылар бізде тақтада алма ағашы ілініп тұр. Бұл алма ағашына не жетіспейді? Иә, алма жетіспейді. Егер сендер сабақта барлығын түсінсеңдер-қызыл алма, егер орташа түсінсеңдер-сары алма, түсінбесеңдер-жасыл алма жабыстырыңдар. Сабаққа қатысқандарын үшін рахмет! Сау болыңдар!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s