Дене шынықтыру бойынша оқу–тәрбие үрдісін қүруд ың теориялық және практикалық аспектілер негізі

Кукенов Курмангазы Омарович

«Даму мүмкіндіктері шектелген балаларға

арналған балалар үйі» КММ

Қарағанды қаласы

Заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігімен жалпы білім берудің мазмұнына сәйкес дене шыңықтырудың мақсаты тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету.

Тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру баланың дене шыңықтыру негіздерін құрайтын: мықты денсаулық, баланың қимыл қозғалыс қабілеті мен дене шыңықтыру саласындағы білімі, біліктілігі дағдыларының қолайлы деңгейі, шыңықтыру-сауықтырумен спорттық іс-әрекеттерді меңгеруін көздейді. Келесі міндеттерді орындау осы мақсатқа жеткізуді қамтамасыз етеді.

  • денсаулықты нығайту, қалыпты физикалық дамуға жағдай жасау.
  • өмірлік маңызды қозғалыстық біліктілік пен дағдыларға үйрету.
  • қимыл – қозғалыстық (кондициялық және координациялық) қабілеттерін дамыту.
  • дене шынықтырумен спорт саласында білім, біліктілік, дағдыларды меңгеру.
  • дене шынықтыру жаттығуларымен дербес шұғылдану біліктілігі мен қажеттілігін тәрбиелеу, оларды денсаулықты нығайту мен еңбек қабілеттілігін жоғарылату мақсатында саналы түрде қолдану.

Арнайы білім берудің түзету соның ішінде балалар үйі мен интернаттардың қазіргі бетбұрыс заманда балалардың мінез-құлық мәдениетін қимыл-қозғалыс қабілетін жоғарылату, тәрбиеленушілерді дербес өмірге дайындауда дене шынықтыру негізгі шарттардың қатарында болуы керек.

Дене шынықтырудың басты міндеттері:

Білім беру – оқу бағдарламасында бекітілген материалды меңгерумен анықталады. Білімділітің мақсаты – оқу бағдарламасының жүйелі түрде орындалуын талап етеді. Білім беру міндеттерінің мақсаты: қозғалыс дағдылары мен іскірлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдалдылық, икемділік, ептілік, күш-қуат, шыдамдылық т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.

Сауықтыру міндеттерінің мақсаты: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ шығармашылық өмірін қамтамасын ету.

Тәрбиелік міндеттердің мақсаты: жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.

Дене шынықтыру сабақтарының бағдармалық материалының мазмұны 2 бөлімнен тұрады: негізге және дифференциалды (вариативті).

Балалар үйінің әрбір тәбиеленушісі дене шынықтырудың негіздерін меңгеруі тиіс. Осы негізгі компоненттерсіз адамзат қоғамында өмірге табысты бейімделу мен еңбек іс әрекетін тиімді жүзеге асыруы баланың аймақтық, ұлттық, жеке ерекшеліктеріне байланысты емес.

Дене шынықтырудың дифференциалды (вариативті) бөлімі балалардың жеке ерекшеліктерін, білім беру мекемесінің әлеуметтік-экономикалық және аймақтық ерекшеліктерін ескереді.

Бағдарламаның вариативті бөлімінің негізі компоненттерінің материалдарын педагог әкімшілікпен келісіп жыл сайын өзгерте алады.

Негізгі (базалық) бөлімнің материалдары тұрақты түрде меңгерілуі қажет.

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға физикалық тәрбие бағдарламасы педагогтерді балалардың жеке бас ерекшеліктерін ескеруге бағыттайды:

  • «артта қалғандардың» қимылдатқыш қасиеттерін айрықша дамыту;
  • қимылдатқыш қасиеттерді біркелкі пропорционалды дамыту;
  • «бастауыш» физикалық қасиеттерін дамыту.

Дамып келе жатқан ашық демократиялық гуманистік жүйеде дене тәрбиесінің жоғарғы мақсаты – бала және оның жеке, дербес ерекшеліктері.

Балалар үйінің қалыптасу принциптері негізінде замануи психологиялық – физиологиялық оқыту, тәрбиелеу, дамытуды, инновациялық технологияларды қолдана арқылы оқу–тәрбие жұмысының даму идеясы тұлғалық-бағыттылық гуманизациялау, демократияландыру оптимизациялау идеялары жатады.

Демократияландыру дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдер мазмұнының біркелкілілігін жеңу, әртүрлілігімен вариативтілігін ашуда байқалады.

Гуманизациялау әр педагогтың және баланың жеке индивидуалды ерекшеліктерін ескеруде байқалады.

Педагогикалық үрдісте ынтымақтастық педагогика негізінде қайта құруда гуманистік тәрбие идеяларымен әдеттеріне бағытталуы тиіс.

Қызығушылық пен ризашылық тудыратын әртүрлі ойындарымен жаттығулар жиынтығы бұл – сабақтың тұрақтылығы мен ұзықтылық кепілі сабақтан ляззат алу, нәтижеге жету.

Спорттық – сауықтыру бағыт ұстанатын гуманистік тәсілдердің келесі топтамасы ұсынылады:

Қиын мақсат жігірлік қасиеттерін, жауапкершілікті, қиындықтарды жеңу сенімін біртіндеп қамтамасыз етеді.

«Тірек» — жүйелі түрде алдыға жылжуына мүмкіндік береді.

«Басып озу» қимыл-іс әрекетін неғұрлым шапшаң дамыту.

«Ірі блоктар» негізгі түсініктерді, байланысты дене шынықтырудың

әдіс-тәсімдерінің жүйесін меңгеруді қамтамасыз етеді.

«Өзін-өзі» тексеру – мәжбүрсіз оқытуға бағытталған үлгірімен бағалаудын жаңа жолы, тексеру формалары.

Интенсифтендіру және оптимизациялау дене шынықтырі мен спортқа мотивациясын көтеру бағыттылы оқытуды жақсарту.

Белсенді қозғалыс баланың әртүрлі ауруларға тұрақтылығын жоғарылатып организмнің қорғаныс күшін мобилдендерді, еңбек қабілеттілігін арттырады.

Қимыл – қозғалыс әсерінен жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелері жақсарып тірек-қимыл аппараты нығайтып ортаңғы нерв жүйесінің іс-әрекеті реттелді.

Халқымыздың қоғамымыздың байлығы бақ-қуаттылығы,

ғылыми-техникалық прогрессің дамуы ж/е тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы әр азаматтын денсаулығына байланысты. Өсіп келе жатқан ұрпақтын денсаулығы маңызды әлеуметтік санат.

Әдебиеттер тізімі:

1. Березин А.В., Задневич А.А., Ионов Б.Д. Методика физвоспитания учащихся. Просвещение. 2002г.

2. Вавилова Е.Н., Вавилов Ю.Н. Физиологические основы двигательной активности. 2001г.

3. Черник Е.С. Физкультура в школе . учебное пособие М. 1997г.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s