«Дене шынықтыру пәнін оқыту үрдісінде зияткерлі к технологияларды қолданудың негіздері»

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған
облыстық арнайы мектеп интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Елтай Куанышұлы Альмуханов

Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Ұстаз үшін ең маңызды мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбилеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс тәсілдерді қолдана білу.

Дене шынықтыру сабағында спорттық – ойындық тәсілді пайдалану арнайы мектептердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Ойын – оқушы әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындығы қарым – қатынастың әдісі мен құралы. Ойын дегеніміз – адамның ақыл – ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойын әрекеті естің, барлық таным процесіне әсерін тигізеді. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Қимыл әрекетке негізделген ойындар дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі болып табылады. Көпшілік ойындар ұжымдық сипат алады, ойыншылар бір – біріне көмектесіп, команда жеңісі мен ортақ мақсатқа жету жолындағы өзінің жауапкершілігін және қолданушылардың көмегін сезінеді. Мұның тәрбиелік мәні де аса зор. Дене мүшелерінің икемділігін, жылдамдығын, қуат күшін арттырып, іс қимылдың өзара үйлесімділігін жетілдіруге, тапқырлық пен зеректілікке үйретуде түрлі ойындардың маңызы арта түседі. Халықтық педагогиканың құралы болып табылатын ойындар, балалардың денсаулығын түзетуге, білімін қалыптастыруға, қимыл қозғалыстарының үйлесімділігін, еңбекке баулуға, ұжым болып жұмыс істеуге, және де зейінін, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, қимылдың дәйектілігі мен кеңістік пен уақыт белгілерін дұрыс қабылдауға үйретеді, оны болашақ өмірге, қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі болуға дайындайды. Ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Арнайы мектеп мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұмысының негізгі саласы – сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі мақсат оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз оқушылардан жақсы нәтиже алу. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушылардың барлығын қызықтыра отырып қатыстыра білу. Сыныптағы оқушылардың дамуы, қабылдауы, есте сақтау қабілеттері мен зейіндері әртүрлі. Сондықтан әртүрлі ойын элементтері кез – келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті сабаққа көніл бөлмейтін оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмалар мен жаттығуларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың өздеріне тән қабілет мүмкіндіктері болады. Сондықтан арнайы мектепте мұғалімдер оқушылардың мүмкіндіктеріне сай, қарапайымнан күрделіге қарай жүйеленген, берілген тапсырмалар үнемі қайталанып оқушының зейінін және есте сақтау қабілеттерін дамытып отырады.

Мен осы бағыттарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: мультимедиялық көрініспен, видеороликтер пайдалана жаңаша тапсырмалар мен жаттығуларды көрсету арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым.

Әр сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеттері әр қилы, бірдей емес, сондықтан әр сабақта, әр кезде әр оқушының қабілетіне, жеке жас ерекшелігіне, сырқатына, дене дайындығына қарай әрқайысының деңгейіне сәйкес сол жаттығуды немесе тапсырысты игертуде тиімді әдістің түрін таңдап тәрбиелей отырып білім беру әр ұстаздың біліктілігін, шеберлігін, іздемпаздығын көрсетеді.

Жалпы, білім беру барысында ұстазға шеберлік, төзімділік, талапшылдық қасиеттердің керек екенін ескере жүріп, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтып, дене құрылысының дұрыс қалыптасуына жағдай жасап, өз денесін жақсы меңгеруге көмектесіп, әлі жететін қимыл әрекеттерге қызықтырып, ұстамды, батыл болуға тәрбиелеуміз қажет. Сондықтан білім

беру саласы ұстазға жан – жақты білім қызметін ұсынатын, ақпараттық технологияны меңгертетін сала болуы керек.

Ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеп, білім деңгейін үнемі жоғарлатып отыруы қажет. Мен, әрдайым өзімнің педагогикалық кәсіптік дәрежемді көтеруге тырысамын. 2013 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік универститетінде «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының «олигофрено – педагогика мұғалімі және тәрбиешісі» мамандығы бойынша, 2015 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру сабақтарында денсаулық сақтаушы технологияларын қолдану және қозғалыс дағдыларына үйрету» атты және 2018 жылы осы оқу орталығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарынан өттім. 2017 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ – да үздіксіз білім беру орталығында «Дефектология мұғалімі» мамандығы бойынша қайтадан кәсіби даярлықтан өттім. 2015 жылы дене тәрбиесі мұғалімдерінің «Использование фитнес технологий на уроках физической культуры» атты облыстық семинарға, 2017 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту: ұстаным, рефлексия, инновация» атты облыстық педагогикалық инновациялар жәрменкесіне, 2018 жылы — мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға арналған «Ұйымдастыру қызметінің негіздері» тақырыбындағы аймақтық семинар – тренингіге қатысып өз ойларымды ортаға салып, әріптестеріммен пікір алмастым. Оқушылардың бойындағы жасырын қабілеттерін ашу және дамыту, рухани жан – жан дүниелерін байыта түсуге негіз болатын мектепішілік үйірмелер жұмысын қолға алып жетекшілік етемін. Оқушылар сабақтан соң үлкен қызығушылықпен келіп қатысады. Соның нәтижесінде мектеп оқушылары үнемі «Спешиал Олимпикс» және «Жұлдызай» республикалық, облыстық, қалалық жарыстарға үздіксіз қатысып жүлдегерлер қатарынан көрінуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз алға қойған мақсаттарға жету үшін барлық күш жігерімізді дені сау, белсенді, әрі қоғамға лайықты жас ұрпақ тәрбиелеуге жұмсайтын боламыз…» деген еді. Ендеше, әр ұстаз өзінің пәнін жетік білуі, әр түрлі ақпараттық технологияны қолдана түрлі әдіс – тәсілді пайдалана отырып, оқушыларды қызықтыра білуі қажет. Осы мәселелерді әр кез сабақта, сабақтан тыс шаралар барысында қолдана білсек, еңбегіміздің нәтижелі болары сөзсіз.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s