«Жайықтан шыққан тұлғалар»

БҚО, Орал қаласы, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі Калимова Дина Мендыхановна

Мақсаты: оқушыларды Ақжайық топырағынан сусындаған тұлғалар өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, жыр шумақтарын, әңдерін айта отырып, туған өлкесі туралы мол мәлімет беру арқылы білімдерін нақтылап, оқушылардың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру.

Жүргізуші:

Туған жерім — түп қазығым — тұғырым,
Ұланыңнан ұлан асыр сыр ұғын!
Өкінбес ем басқа жерді көрмей — ақ,
Өмір — бақи сенде өтсе ғұмырым!
Бал күлкісі сыңғырлаған бұлақтың,
Ерте желмен тербелгені құрақтың
Ертегідей елестейді көзіме,
Туған жер, сен төріндейсің жұмақтың!
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі гуманитарлық пәндер бірлестігінің Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізгелі тұрған «Туған жер — тұнған тарих» атты әдеби – сазды кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.Соның бірі — «Ұлттық жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі»

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.

Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

Жүргізуші: – Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір — бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. «Ақжайық, Ару Жайық – арман өлкем. Атадан мирас болып қалған өлкем» дегендей біз бүгін өз туған жерімізді, туған қаламызды жырлап, балалық жүрегімізбен шынайы сүйіспеншілігімізді білдіреміз.

Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында, Еуразия даласының нақ ортасында, Жайық өзені ағыстарының орта оң жақ бойында орналасқан. Өзен бойы өте әдемі, көк орай шалғынды, ағаш, бұталы.

Шежіресі тарихтың тереңіне кететін ертеден даңқа ие болған. Орал қаласы ел шетінде орналасқанмен де, мәдениеттен ешқашан да шет қалып көрген емес. Қазақстандағы алғашқы кітапхана, театр, музыкалық училище, вокзал, қалалық парк Оралда ашылды.

Оралдықтар А.С.Пушкиннің атын ерекше қастерлейді. Өйткені, Орал ұлы ақын болған Қазақстандағы жалғыз қала. Орал қаласында татар әдебиетінің классигі Ғ.Тоқайың балалық шағы өткен, қаламын ұштаған. Атақты қазақ қаламгерлері Т. Жароков, Ә.Сәрсенбаев,Ж.Молдағалиев,

Қ. Мырза Әлі, Қ. Жұмағалиев, А.Бақтыгереева, сазгерлері М.Мерәліұлы, Ғ.Құрманғалиев, Е.Хасанғалиев, Ш.Қажғалиев, Д.Қажымов т.б. өнерлері Ақжайық топырағынан сусындаған. Орал қаласының өмірі ел тарихымен тығыз байланысып жатыр.

Флешмоб « 07 аймақ»

Жүргізуші: «Туған ел» ұғымы адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағын баған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен, ал ақындар еліне, жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен өлеңмен өрнектеген.

«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім.
Ойлағам шалалықты кешер деп кім?
Қағазға қалдыруға асығыппын
Көңілдің қуанышын, кесел дертін», — деп жырлаған белгілі ақын

Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Орал облысының Тайпақ ауданында Сайқұдық деген жерде (Қазіргі «Өлеңті» совхозында) дүниеге келеген. Оралдың ауыл шаруашылық техникумында оқиды. 1940 жылы Жұбан міндетті әскери қызметке шақырылады да, сонда жүріп Ұлы Отан соғысын қарсы алады. Ақын өзі «Отан үшін», «Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» атты майдан газеттерінде қызмет істеп, өлеңдерін жариялайды.

1949 жылы оның «Жеңіс жырлары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Одан бергі дәуірде ақын «Қызыл галстук» (1949), «Нұрлы жол» (1951), «Бастаушымыз партия» (1954), «Жыр туралы жыр» (1957), «Заман тынысы» (1960), «Жесір тағдыры» (1962), «Ғашық көзбен» (1964), «Мен — қазақпын» (1965) тағы басқа кітаптарын жариялады. «Отан», «Бір бассаң да алға бас», «Туған елге», «Қазақ», «Шығыста туған елім бар», «Солдат сыры», «Сағындым, Жайық», «Жеңімпаздар сәлемі» деген өлеңдері бар.
Жұбан — лирик қана емес, талантты эпик ақын. Ақынның «Қиял қанаты», «Мереке дастарқаны», «Мен-қазақпын», «Айттым сәлем», «Туған жер» сияқты поэмалары бар.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жыл сайын «Жұбан оқулары» өтеді. Жұбан Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай Орал қаласында ақын құрметіне ескерткіш орнатылған. Жұбан Молдағалиевтің туған жерінде ақынның құрметіне орай ескерткіш орнатылды, ал облыстық

ғылыми әмбебап кітапханасы оның есімімен аталды.
Қазақ халқы өзінің төл әдебиетінде осындай ұлы ақынның болғанын әр уақытта мақтан етеді.

Абай өткен «қалың ел — қазағым…» — деп,
Жүректегі дертіңді жазамын деп
Қолдан келер қайран жоқ,
Жырға сусап
Ой құдығын ел үшін қазамын тек, — дегендей, келесі кезекті ақынның жыр шуақтарына берсек:

Зарип Бірлік «Мен — қазақпын»

Темірғалиева Мариям «Жағаңда тұрмын Жайығым»

Масалова Алтынай «Жыланды»

Искаков Орынбасар «Өлеңті»

Серікқалиева Альфия «Туған жерге тағы да»

Мурадов Кирилл «Тайпақ деген жер бар»
Жүргізуші:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.

Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген.

Қадыр Мырза Әлі 1958 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған «Балдырған» журналында бастаған.

Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланған. Сонан бергі уақыт ішінде «Көктем», «Данышпан», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», «Күміс қоңырау», «Домбыра», «Кеш», «Жерұйық», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан», «Саз сиқыры», «Күндер-ай», «Жаңғалақтар» (1960ж); «Ноян-қоян» (1962ж); «Күміс қоңырау» (1970-1985); «Үкілі үзінділер» (1996); «Кішкене қожанасырлар» (1961); «Алуан-палуан» (1963); «Данышпан» (1961); «Биік баспалдақ» (1993); «Жазмыш» (2001); «Шырғалаң» (2004ж); «Алаштың арманы» (2001); «Иірім» (2004); т.б. ұзын — саны қырықтан аса кітаптары, таңдамалы шығармаларының бес томдығы, 2001 жылы он бес томдығы жарық көрген. Екі жүзге жуық ән мәтіндерін жазған. Ақынның бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Қадыр Мырза Әлі жасөспірімдерге арналған өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мысалдардан тұратын ондаған жинақ беріп, балалар әдебиетін дамытуға да үлкен үлес қосқан, өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, өзі де Овий, Руми, Гейне, Гюго, Лермонтов, Есенин, Гамзатов, Межелайтис, Петефидің жырларын қазақ тіліне сәтті тәржімалаған көркем сөздің хас шебері еді. Қадыр Мырза Әлі 2011 жылы қаңтар айында қайтыс болған.

Келесі кезекте ақын жырлары:

Бисенғалиева Аягүл «Қазақ пен қонақ»

Құсайынова Светлана «Қыр қазағы»

Сиражев Амангелді «Не берсең де арнап бер»

Есениязов Руслан «Ауылдың адамдары»

Шәкім Данияр «Оралым менің»

Қарагулов Жеңіс «Ауыл — атамекен»

Латип Азат «Туған жер»

«Асыл әжем» әнімен 10-сынып оқушысы Ғизатова Айза

Жүргізуші:

Әлі де Сіз жайлы білерміз,

Жаныңызда болса да тірегіңіз.

Ақ Жайықта ән салып жүреді екен,

Шағаладай шарқ ұрып жүрегіңіз.

Міне, осындай Жайықтың көрнекті өр ақыны, белгілі қоғам қайраткері Ақұштапапамыз 1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Еңбек ауданында (қазіргі Теректі ауданында) дүниеге келген.

1961 жылы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті бітірген.

1961 — 1966 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған.
А. Бақтыгереева еңбек жолын «Орал өңірі» облыстық газетінде бастаған. 1966 — 1971 жылдары Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен. 1971 — 1972 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып еңбек еткен. 1972 — 1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975 — 1981 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының аударма редакциясында қызмет атқарды. «Өрімтал» деген алғашқы өлеңдер жинағы 1967 жылдары жарық көрді. Кейіннен «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), (Сені ойлаймын) (1973), «Ақ қанат » (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы», «Белокрылая» (1981), «Ақ желең» (1985), «Сүмбіле» (1990), «Ақ шағала» (2001) атты кітаптары басылып шықты. ақын өлеңдері орыс тіліндегі «Песня.Мечта.Любовь», «Чудесный сад» (1980) топтамаларына енді. «Советская женщина», «Огонек» журналдарының жүлдесін алған (1980) . ТМД елдері ақындарының (Зүлфия, Кузовлева, Н. Басиков, С.Капутикин және т.б ) өлең — жырларын қазақ тіліне аударған.

Ғизатова Айза «Ана»

Ахметова Меруерт «Ақжайық сенсің әркез сыйынарым»

Хамитова Рысгүл «Ақжайыққа жыр арнағым келеді»

«Ай Ару» бишілер тобының орындауында «Қазақ биі»

Жүргізуші:

— Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, өзінің кіндік кескен, туып-өскен мекенін қастерлей, оның тыныс-тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал –ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын құрметтей , елге деген сағынышын әнмен жеткізген сазгерЕскендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Әнші (лирикалық баритон), композитор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды — хор факультетін Е.Виноградов пен Н.Шарипованың класы бойынша курсты және Әль — Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды.
1970 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері. 1984 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі. 2000 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Ән: «Атамекен»

Жүргізуші: Ақжайығым – мәңгі жырым, әнімсің,

Ақжайығым – менің қымбат жанымсың.

Бүкіл елден сұлулығың озғандай,

Сәулет қалам, тіршілікте сәнімсің.

Донеділ Ізмағамбетұлы Қажымов 1952 жылы 9 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, Бұлдырты ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен (1996), «Тәуелсіздіктің 10 жылдығына» арналған (2001) медалімен марапатталған. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық училищесін, А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген.

Оралдан алынған тұңғыш Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі. Д.Қажымов 1989, 1990, 1992 жылдары Мәскеу қаласында Халық шығармашылығы жетістіктері көрмесінде бірнеше мәрте өнер көрсетіп, қола медалімен марапатталған. 1996 жылы «Ән тербеп жүрегімді», 1997 жылы «Ақ Жайық — ару мекенім» атты әндер жинақтары «Дастан» баспасынан жарық көрді. «Ақ Жайық — ару мекенім», «Мәңгілік махаббат», «Сағыныш», «Сағыныш саздары», «Туған ел» атты әндері республика, облыс көлеміне танымал. Өнер сапарында көршілес Ресейдің Саратов, Орынбор, Астрахань, Тюменьқалаларында болды. Халқымыздың ән-термелерімен қатар, өз шығармаларын Норвегия, Болгария, Румыния, Греция, Түрік елдерінде шырқады.

Қазіргі уақытта Қадыр Мырза Әлі қоғамдық қорыының жетекшісі.

Жүргізуші:

Сіздер бүгін Ақ Жайықтан шыққан ақындарымыздың өлең — жырларымен таныс болдыңыздар. Ал енді Ақ Жайық сенің өміріңде қандай орын алады дегенге жауап берсек. (Оқушылар шарға жазылған әрбір әріптің мағынасын

ашып айтып, «Ақжайық» сөзін құрап шығарады)
А Атадан балаға аңыз болып айтылар жарқыраған — Ақжайық.
Қ Қадыр мен Ақұштап сынды ақындардың туған өлкесі — Ақжайық.
Ж Жайнаған гүлге толы сұлу қала — Ақжайық.
А Ата мен балаға сыншы бола білген қала — Ақжайық.
Й Игі істердің бастауына айналған жарқын қала — Ақжайық.
Ы Ынтымағы мен достығы жарасқан қала — Ақжайық.
Қ Құрылысы бой көтеріп, көркіменен тамсандырған — Ақжайық.

Ақ Жайық, Ару — ақ мекен,

Көңілден сені шығарман.

Болған күн тақ пен бақ бөтен,

Жайраңдап күліп шық алдан.

Ұстаздар мен оқушылардың орындауында: «Ақ Жайық-ару мекенім» Сөзі: Зәкәрия Сисенғали

Әні: Д.Қажымов

Жүргізуші:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді.

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді — деп, Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай, сан ғасырлар табиғатпен етене өмір сүрген дархан халқымыз жерінің әрбір тасын, гүлін қастерлеп өткен, табиғат сұлулығына бас иген. Халқымыз қастер тұтқан, осынау киелі жерімізді аялы алақанымызбен, жылы жүрек сезімімізбен, көздің қарашығындай қамқорлық жасауда еш

аянбай, жаһарларымызды құрмет тұтып, барлық ұлттық салт — дәстүрлеріміз, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғыртайық!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s