«Тәй – тәй балақан»

Атырау облысы Атырау қаласы

29 «Нұрсая» бөбекжай балабақша тәрбиешісі

Аманиязова Заря Сисенгалиевна

Сабақтың тақырыбы: «Тәй – тәй балақан»

Тақырыбы: «Тәй – тәй балақан»

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: балаларға қазақ халқының салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. «тұсау кесу» рәсімін көрсете отрып өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру. Өлең жырлар, әңгімелеу арқылы балалардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: слайдтар, видиоролик, дидактикалық ойынға байланысты құралдар.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс — әрекеті Баланың іс — әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру) Қонақтармен үш тілде амандасады.

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық,

Алақанға салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.

Шаттық шеңберіне тұрып, олең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Балаларды ізденушілікке ұйымда

стыру

  • Жарайсыңдар, шашуды шашқанды жақсы көреді екенсіңдер. Ал, осы шашуды қайда шашады?
  • Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатардістүрлі мерекелерде де шашу шашылады екен.

Слайд көрсету (дәстүрлерді көрсете отырып, балалардан сұрау)

  • Мынау қандай дәстүр? Сезім айта қойшы
  • Иә, дұрыс айтасың, жаңа туылған нәрестеге жамандық жоламасын деп адамдар өлеңдерін жырлап, жақсы тілектер айтқан.
  • Келесі қандай дәстүр? Амина айта қойшы.
  • Мерекелерде, тойларда.

Сезім:

Шілдехана тойы –дүниеге

жаңа келген сәбиге арнап жасалатын той.

Амина:

Жаңа туылған нәрестеге 40 күн өткеннен соң, 40 қасық суға күміс тиындар салып, сәбиді шомылдырған. Бұл дәстүрді «қырқынан шығару» дейді

  • Келесі дәстүр қандай екен? Айсұлтан айта қойшы.
  • Жарайсың Айсұлтан. Ал енді келесі қандай дәстүр екен?
  • Иә, дұрыс айтасың. Бесік — жаңа туылған бала үшін, қасиетті мүлік, алтын ұя болып есептеледі. Қазақ халқында бесікте тербелмеген адам жоқ. Атам қазақ баланы босқа бесікте тербетпеген. Ал туылған баланы бесікке салу — қазақ халқы үшін мәртебелі, қасиетті дәстүр болып есептеледі. Қазақтар балаларын бесікке жатқан кезінен бастап тәрбиелейтін. Баланың денесі түзу болып өсуіне бесіктің пайдасы көп.
  • Келесі дәстүр қалай аталады?

(видиоролик корсету)

Тұсау кесу тойы да ән – жырсыз, тақпақ – бисіз өтпеген. Ендеше балаларымыздың тақпақтары мен Мединаның әнін тыңдайық.

Сергіту сәті: «Қара жорға»

Айсұлтаняя.

«Ат қою» дәстүрі Жасы үлкен адам елге сыйлы азамат болсын деп, сәбидің құлағына атын айтады

Медина:

Бесік той.бесік баланың құтты мекені.

  • Тұсау кесу

Жанель:

Тәй-тәй, балам, тәй балғын,

Жүре қойшы жәй балғын.

Қарыс сүйем қаз бастың,

Қадамыңнан айналдым.

Ақниет:

Тәй-тәй, тәй-тәй балақан

Өзің жүріп көре ғой.

Шақырады ақ әжең

Қаз-қаз басып келе ғой.

Ән: «Тұсау кесу» Мединаның орындауында.

Балалар қара жорға биін билейді

Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қортынды шығарып, кемшіліктерді жою) Дидактикалық ойын:

«қай дәстрге қажетті заттар»

Шарты: әр түрлі дәстрлерге қажетті заттарды ажыратып, тауып беру.

  • Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. рахмет
Балалар дидактикалық ойынға жақсы қатысып, заттарды ажыратты.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s