«Өнерлі бала сүйкімді»

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

12 орта мектептің

өзән-өзі тану пәні мұғалімі

Джелдибаева Аймхан Кыдырбаевна

Тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді»

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: әдептілік, еңбекқорлық, тәртіптілік

Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  1. Өнерге жету жолындағы ізденістерге үйрету;
  2. Өнерге деген қызығушылықтарын дамыту;
  3. Әдептілікке,еңбекқорлыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.
Ресурстар:

(көрнекі құралдар, ынслайдтар, карточкалар менмәлiметтер)

  1. Сабақ барысы:

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.

Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте жарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

5 «Т»ережесін еске түсіру.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

«Жәннат бақтары»

Әуен авторы:

Фредерик Шопен

2. Үйтапсырмасы.

Оқулықтың 88 бетіндегі К. Сегізбаевтың «Құмға салған сурет» әңгімесін мазмұндау.

Сұрақтар:

1. Ә.Қастеевтің суретсалуғадегенқұштарлығықалайоянды?

2.Сурет өнері суретшінің қандай қасиеттерінің ашылуына түрткі болды?

3.Сіз жас суретшінің қандай қасиеттерін алар едіңіз?

Мәтінмен жұмыс
3.Дәйексөз.

«Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын»

Нақыл сөз

  1. «Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын» мәтелінің мән-мағынасын кім түсіндіріп береді?
  2. Өнер саласында халыққа танылып жүрген қандай өнер адамдарын білесіңдер?

Алдымен 2 рет оқып шығып,содан кейін ұлдар- 2рет,қыздар- 2рет,

4.Әңгiмелеу: «Жақсылардың жақсысы»

Аңыз

Баяғыда бір адам жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау бақша екен. Бір күні оның кішкеентай қызы бақшаны, барық бөлмені аралайды.

Кірмеге жалғыз ғана қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қыз:

  • Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсы ғой деп ойлаймын, деді.

-Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскеде бұл бөлмені саған беремін.Сен оған өмір бойы риза боласың, деп жауап қайтарды әкесі.

— Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қызыдың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді.

— Әке, сен жабық бөлмеде « Жақсылардың жақсысы бар» деген едің мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа ешнәрсе таппадым, дейді.

— Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар қызым!

— Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал, кітап оқысаң білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы ешнәрсе жоқ.

Сұрақтар:

1.Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?

2. Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіздер?

3. Қызы неге әкесіне ренжіді?

5.Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

Сыныптағы оқушылардың өнерін, шығармашылық қабілеттерін анықтау.

  1. Топ — Әншілер тобы Ән айту
  2. Топ — Суретшілер тобы Еркін тақырыпта бір сурет салу
  3. Топ — Ақындар тобы өнер туралы 5 жол өлең құрастыру.
Топпен жұмысОқушыларды «Әншілер», «Суретшілер», «Ақындар» топқа топтастырамыз.
6.Топпен ән айту.

«Қасиетті домбыра»

Сөзі мен әні:Б.Бейсенованікі

Бабамыздың көзіндей қара домбыра,

Данамыздың сөзіндей дара домбыра.

Асқақтатып рухымды ағылт домбыра,

Әр қазақтың төрінен табыл домбыра.

Қайырмасы:

Шанағыңда ойнаған,

Үніңе еш тоймағам,

Қасиетті домбыра.

Күмбірлеген күйіңе,

Әрдайым мен сүйсінем.

Қасиетті домбыра.

2. Шанағыңнан төгілген күйің домбыра,

Арта берсін әр дайым сыйың домбыра.

Қастерлейді өзіңды халқың домбыра,

Тоғыз перне, қос ішек алтын домбыра.

Қайырмасы:

  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 92-бетіндегі Қанат Қайымовтың«Ақын деген кім?» мәтінін мазмұндау.

Ө.Тұрманжановтың «Бәрі жақсы өнердің тақпағын жаттау»

8.Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан үйренгенімізді жүрегіміздің түбіне сақтап алыңыздар.Сабаққа қатысқандарыызға көп рахмет.Сау болыңыздар.

«Балалық шақ» Автор Т.Мұхаммеджанов

Орындаушы: А.Еңсепов

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s