Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері

Қалықбаева Ақерке Қошқарбайқызы,

Астана қаласы №53 мектеп-лицей

бастауыш сынып мұғалімі

Математика Уақыты:19.10.2018 Кабинет: 208 Мұғалім:Қалықбаева А.Қ.
Сабақтың тақырыбы Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері
Сабақтың жабдығы Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер,
Модульдері АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау Өзін өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ)
Әдіс тәсілдер Миға шабуыл, Жұптық әңгіме, Топтастыру стратегиясы
Мақсаты

Оқыту нәтиже

Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастыру; ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Оқушылар математика тілінде жұмысқа сипаттама беруге дағдыланады.Жұмыс туралы мағлұматтарды игереді.

Ынтымақтастық атмосферасы

(релаксация)

— Балалар, сабақты үлгі- өнегесі бар шығыс әңгімесінен бастағым келіп отыр. (әуен ойнап тұрады)

Өте ерте заманда бір данышпан қария болыпты. Оған сұрақтарымен келген адамдардың барлығына ол өзінің кеңесін береді екен. Бір күні бір адам қулық жасап. Оны тексермекші болады. Ол көбелек ұстап алып, данышпан қарияға барады. Келе жатып ойлайды, көбелекті жұдырығыма ұстап , одан сұрайын: Қолымда қандай көбелек, өлі ме, әлде тірі ме?-деп. Егер ол тірі десе, мен жұдырығымды қысып, оған өлі көбелекті көрсетемін, ал егер, өлі десе, мен көбелекті ұшырып жіберемін- дейді.

Ол данышпан қарияға келіп, сұрайды: Қолымда қандай көбелек, өлі ме, әлде тірі ме?-деп. Данышпан қария ойланып тұрып: Барлығы сенің қолыңда- дейді.

— Қалай ойлайсыңдар, бұл жауаптың мағынасы неде?

-Ал олай болса осы айтылған керемет сөздерді біз де сабағымызда қолданайық. Яғни, біздің ұранымыз: «Бәрі біздің қолымызда»

Сендердің қолдарынан бәрі келеді, сондықтан бүгінгі қонақтарымызға үйренгенімізді көрсетейік, сендерге сәттілік тілеймін !

Бағалау парақшасымен таныстыру Дәптердің шетіне әр тапсырманың соңында + — таңбаларын қою арқылы өздерін бағалайды
Үй тапсырмасын пысықтау Дәптерлерін тексеру. Теңдеулерді шеш:Х-56х2=850 748+205+Х=2000 Х+89х3=748 2хХ+1457=10267Х=962 Х=1047 Х=481 Х=4405
Жаңа сабақ. Түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Көркем жазу: Миға шабуыл арқылы. Сұрақ жауапты пайдалану

— Көп таңбалы сандардың разрядтық құрамын атаймыз.

— Кластарын атаймыз, ең үлкен көптаңбалы санды тауып, алдыңғы және кейінгі сандарды атаймыз.

4362, 54250, 632578

1.Кітаппен жұмыс.РАФТ әдісі бойынша өткен тақырыппен жаңа тақырыптың мағынасын ашу.

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін «РАФТ» әдісін пайдалану бір оқушы шығып тақтаға өткен тақырыппен сәкестендіре отырып жаңа тақырыптың мағанасын ашады, айтып түсіндіреді

325 318х2= 650 636 650 636:2=325 318

Есепті шығару үшін оқу міндетін қояйық, жазбаша көбейту мен бөлудің алгоритмін еске түсіреміз. Сонымен біздің сабағымыздың тақырыбы қандай? Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?

2 Жеке жұмыс

Есептеуді жазбаша орында. Дұрыстығын тексер.(Әр қатардан бір оқушы шығып, түсіндіреді)

25 314х2=50 628129 332х3= 387 996252 668:2=126 334 448 644:2=224 322

11 833х3=35 49997 833:3= 32 611 998 736:3=332 912 444 848:4=111212

3, 4«Жигсо» әдісі

Әр топта, яғни алты топта 5 оқушы бар, әр топтың 1,2,3,4 нөмерлеріне бірдей тапсырмалар беріледі, олар өздері тапсырмаларды орындап, әр топтағы бірдей нөмірлер бір партаға бірігіп тапсырмаларын бір- біріне көрсетіп, тексереді, 5 сарапшы, яғни дарынды 5 оқушым топ басшылары бақылаушы- сарапшы ретінде сайланады. Олар тексерудің нәтижесін сыныпқа жариялайды бірдей нөмірдегі шығарылған есептердің жауабын айтады. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу. Топпен жұмыс жасау

№3 а)І-ші күні- 13 085 тал кірпіш

ІІ-ші күні- ? 2 есе көп

Барлығы -?

Шешуі:

  1. 13 085х2 = 26 170
  2. 13 085+ 26 170 = 39 255Жауабы: ІІ-ші күні 26 170 тал кірпіш, барлығы 39 255

ә) Дайындалды – 19 125 т

Зауыт – 3

Әр зауытқа-? т. топырақ қажет

Шешуі:

19 125: 3= 6375Жауабы: Әр зауытқа 3 т топырақ қажет

5. Қай тәсіл тиімдірек?

а) 1 тәсіл: (2025 + 3005) х 2 = 10 060 (төсекқап)

2-тәсіл: 2025 х 2 + 3005 х 2 =10 060 (төсекқап)

ә) 1 тәсіл: 2025х (3+4)=14 175м (мата)

2-тәсіл: 2025х3+2025х4= 14 175 м (мата)

Сергіту сәті

7. Жұптық жұмыс. « Жұптық әңгіме» әдісін пайдалану арқылы меңгерту /10 мин/

Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы»(ЖАДА)(Выготский) қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздеді, талқылады, түсіндіреді.

а) Шырынды құю үшін зауытқа неше ыдыс керек екенін тап.

Ш: 36 000л : 2 л = 18 000 (ыдыс керек)

720 000 л : 3 л = 24 000 (ыдыс керек) Ж: 2 л ыдыс 18 000, 3 л ыдыс 24 000 керек.

ә)Зауыт неше литр шырын өндіргенін есепте.

Ш: 1 112 ∙ 5 = 5 560 л

Ш: 2 218 ∙ 3 = 6 654 л Ж: зауыт 5л – 5 560 л, 3 л – 6 654 л (шырын өндірген)

4. Ауызша.Ойын «Кім жылдам?» (Таңдау тәсілі арқылы тауып, ата)

8м3 = 2м ∙ 2м ∙ 2м

27м3 = 3м ∙ 3м ∙ 3м

64м3 = 4м ∙ 4м ∙ 4м

125м3 = 5м ∙ 5м ∙ 5м

Сабақты бекіту Рефлексия .Сабақты қорытындылау, бағалау.

— Сонымен, сабағымыз соңына келді. Қорытынды шығарайықшы, сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойып едік? Мақсатымызға жеттік пе, тағы толық түсінбеген тапсырмаларымыз бар ма? Яғни, келесі сабақта қосымша жұмыс жасау керекпіз. Бәрі сендердің өздеріңнің қолдарыңда екеніне көз жеткіздіңіздер ме ?

Үй тапсырмасы № 6, 8. 79 бет.
Бағалау — Әр тапсырмаға бір балл аласыңдар, кім қанша алғанын қарап, санап, бағалаймыз.

«5» алған оқушылар орнынан тұрсын, ал енді «4» алған оқушылар орнынан тұрсын. Жақсы, ал қалған оқушы тағы талпынып жұмыс жасаймыз, себебі, бәрі өзіміздің қолымызда.

— Бүгін оқушылар не үйренді?
-Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?
-Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Сабақтың өзіндік талдауы: Сабақты әуен қойып, үлгі- өнегесі бар шығыс әңгімесін бастап, сол арқылы туындаған мәселені шешіп, «Бәрі өзіміздің қолымызда» деген өмірлік ұстанымдарын жан- жақты қарастырдық. Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтерілді.Бағалау критерийлерімен алдын ала таныстырып, үй тапсырмасын бірнеше оқушыға оқытқыздым. Тапсырмаларын тақтадағы жауаптарымен сәйкестендіріп, өздерін бағалады. Көркем жазу кезінде «Миға шабуыл» әдісі қолданылып, алдыңғы тақырыптарды еске түсірдік.

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін «РАФТ» әдісін пайдаланып, екі оқушы тақтаға шығып өткен тақырыппен сәйкестендіре отырып жаңа тақырыптың мағынасын ашып, есепті шығару үшін жазбаша көбейту мен бөлудің алгоритмін еске түсіріп, түсіндірді. Оқушылар осыған қарап, өтілетін жаңа тақырыпты болжап, сабаққа мақсат қойды. Тиімділігі сабақтың тақырыбын болжап айтқанда сөздері жинақы,өздеріне сенімді болулары. Содан кейін, кітаппен жеке жұмыс орындалды, яғни кітаптағы есептерді жазбаша орындап, әр қатардан бір оқушы шығып, көбейту мен бөлудің алгоритмін түсіндірді. Жеке жұмыстан кейін «Жигсо» әдісі арқылы топтық жұмыс орындалды. Әр топта, яғни алты топта 5 оқушы бар, әр топтың 1,2,3,4 нөмерлеріне бірдей тапсырмалар берілді, олар өздері тапсырмаларды орындап, әр топтағы бірдей нөмірлер бір партаға бірігіп тапсырмаларын бір- біріне көрсетіп, тексерді, 5 сарапшы, яғни дарынды 5 оқушым топ басшылары бақылаушы- сарапшы ретінде сайланды. Олар тексерудің нәтижесін сыныпқа жариялап бірдей нөмірдегі шығарылған есептердің жауабын айтты. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білулері. Бұл әдіс арқылы оқушының тек көшбасшылығы ғана емес, олардың дарындылық қасиеттері байқалып, оқушылардың арасында сұрақ-жауап туындап диалог, пікірталас туындады. Бұл сабақтың ерекшелігі оқушылар өздері ойлау үдерісін басқарып, барлық топтың жұмысын бақылап, бір-біріне сыни көзқараспен қарап, әділ бағалап отыруы. Келесі тапсырманы « Жұптық әңгіме» әдісін пайдалану арқылы меңгерттім.Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы»(ЖАДА)(Выготский) қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздеді, талқылап, түсіндірді.Қорытынды бөлімінде оқушылардан осы сабаққа қойған мақсатымызға жеттік пе , түсінбеген тапсырмаларымыз бар ма деп сұрау арқылы толық меңгерілмеген тапсырмаларды келесі сабақта қосымша жұмыс жасалатыны ескертілді. Бәрі оқушылардың өздерінің қолдарыңда екеніне көз жеткіздім.Оқушылар әр тапсырмаға бір балл алғанын ескере отырып, кім қанша алғанын қарап, санап, өздерін бағалады. Алдымен «5» алған оқушылар орнынан тұрды, кейіннен «4» алған оқушылар орнынан тұрып, балалардың алған бағаларын анықтадым. Ал қалған оқушы тағы талпынып жұмыс жасаймыз, себебі, бәрі өзіміздің қолымызда екенін айта келе балаларға сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, стикерлерге жазды. Қолданылған модульдер: АКТ,СТО, көшбасшы, дарындылық,ынтымақтық атмосферасы, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Туындаған кедергілер: Кейбір оқушылардың көптаңбалы сандарды оқи алмауы; Кейбір оқушылардың тапсырманы орындауда бір- бірімен келіспеуі және басқа оқушылармен ілесе алмауы. Оқушының үйренгені: Жаңа тақырып бойынша қосымша ақпарат жинақтады. Топта өз ойын айтып, қорғауға және басқалардың ойын құрметтеуге дағдылана бастады,өзін- өзі әділ бағалауға дағдыланды.Мұғалімнің үйренгені: Сыныпта оқушы өзін қысылмай емін-еркін ұстауы үшін қолайлы орта құру; Оқушылардың жеке, жұпта, топта жұмыс жасауларына жағдай туғызып, өзара пікір алмасуына, ой бөлісуіне, оқушылардың бір- бірін үйретуге бағыт беру. Оқушылардың ойлануына мүмкіндік және уақыт беру. Қорытынды: Оқушылар жаңа тақырып бойынша қосымша ақпарат жинақтады. Топта өз ойын айтып, қорғауға және басқалардың ойын құрметтеуге бейімделе бастады.Мұғалімнің міндеті: Оқушылар тақтаға шығып өз ойларын қорғаған кезде қолдау көрсетіп, жетекші сұрақтар беріп, оқушының пікірін тыңдау; Оқушылардың ойлануына мүмкіндік беру. Осының бәрін ескере отырып, келесі сабақтарда оқушылардың пікірлері мен идеяларын қабылдап, үйрену барысында оқушылардың іс- әрекетінің белсенділігін қолдап отыруды ұйғардым.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s