Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сәндік қолданбалы өнер Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп
Пәнмұғалімі: Салменова.Г.Х.
Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
Сабақтыңмақсаты Барлық оқушылар:Қазақтың ұлттық өю-өрнектерді пайдалану.

Оқушылар қазақ халықының сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерін үйлесімді пайдалану .

Басым көпшілігі:Ұлттық мәдениет элементтерін зерттейді,пайдалана алады :Шығармашылық нобай орындау арқылы сыни тұрғыда ойлау дағдыларды дамиды .

Кейбір оқушылар:Әшекей бұйымдарды өюлармен үйлесімді пайдалану .

Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі 1.Қауіпсіздік ережесін ұстану:

2.Симметрия заңдылығын сақтау:

3.Ою түрлерін зерттеп ,сол ою-өрнектің бір түрін сурет дәптердің ( мата,фетр ,тығыз мата,драп)бетіне түсіру;

4.Матаға,қағазға т.б.оюды кию.

5.Қиып алынған өрнекті мата ,қағаз т.б бетіне жапсырмалау ;

Алынғаннан кейін оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарының орындау тәсілдері туралы талқылау жургізеді және қалыптастырушы бағалауға сәйкес өздерін-өздері бағалайды …

Тілдік мақсаттар Пәндік лексика мен терминология;

Коммуникативтік дағдылардыларды қалыптастыру;

Қазақ тілі Орыс тілі English
1 Сәндік Декоративный Decorative
2 Әшекейлер Орнамент Ornament
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының алты құндылығы оқушылардың бойына туған жерге деген құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті дарыту.
Пәнаралықбайланыс Бейнелеу өнері, тарих, сызу пәндерімен байланыстыруға болады
Алдыңғы білім Сәндік-қолданбалы өнер, шығармашылық жұмыс жасау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

4 минут

Ұйымдастыру:

  • оқушылармен амандасу;
  • психолгиялық ахуал туғызу;
  • топқа бөлу:Оқушыларды ою-өрнектер қиындылары арқылы топқа бөлу

І топ — Симметрия

ІІ топ — Ассиметрия

Қағаз қиындылары арқылы
Сабақтың ортасы

Білу, түсіну

10 минут

Қолдану

10 минут

10 минут

Жаңа сабақ.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін слайд көрсетіліп, ою-өрнек түрлері туралы, сәндік –қолданбалы өнер жайлы айтылады. Слайд көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен сабақтың мақсатын ашып аламыз.

Қазақ ұлттық мәдениет элементтерін қолдана отырып, бұйымды қалай көркем безендіруге болатынын ойластырамыз. Сәндеу-бұйымды сәндік элементтер қосу арқылы оны әшекейлеу, әрлеу. Сонымен қатар заттың пішінін, фактурасын, түсін толықтыру немесе өзгерту, әшекейлейтін нысанды жиектеу.

Әрлеу материалдарын бұйымның түсін, сызықтарын, пішінін және құрылымын ескере отырып таңдау өте маңызды.

Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:

Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;

Ережеге сай жұмыс жасау;

Ары қарай оқушылар өз бетінше шығармашылық, жұмыс жасайды.

1-ші тапсырма:жеке жұмыс

Критерий:

1.Өз қиялынан бір өрнектің нобайын жасайды;

2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

3.Салынатын нобайды форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

4.Оқушы жұмысында абстракционизм элементтерін қолданады

Дескриптор:

1.Өз қиялынан бір өрнектің нобайын жасай алады

2. Нобайды салуда симметрия заңдылығын қолдана алады

3 Салынатын нобайды форматта дұрыс орналастыра алады;

4. Ой қиялы дамиды, абстрактлі ойлау , шығармашылық қабілеті дамиды

2-ші тапсырма: Топпен жұмыс

Критерий:

1.әр түрлі материалдарды пайдаланып аппликация техникасында ою-өрнек композициясын панно жасау

2.Түстер үйлесімділігін табады, ұлттық колоритті сақтай отырып, заманауи сәндеу үлгілерін қолданады

3.Әшекей ретінде түрлі түсті картон,фетр, бисер, таспалар т.б қолданады.

Дескиптор:

1 Түрлі материалдарды пайдаланып аппликация техникасында ою-өрнек композициясын панно жасай алады

2.Түстер үйлесімділігін табады, заманауи сәндеу үлгілерін қолдана біледі

3.Түрлі түсті картон,фетр, бисер, таспалар т.б материалдармен жұмыс жасай алады.

Презентация,

тірек-сызба, шаблондар (графикалық органайзер)

Сөздік, терминология

Сабақтың соңы

6 минут

Қорытындылау

Оқушылар жасаған кері байланыс бойынша мен келесі сабаққа оқушыға қиын болған, түсінбей қалған тұстарын қайта көрсетемін

Мұғалім кері байланысы:

Өзім кері байланысты «Кім жылдам» әдісі арқылы жүргіземін. Оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар және түсініктеме беріп, кейін түзету және толықтыру керек тұстарын көрсетіп, соңынан тағы бір жағымды пікірмен сабақты қорытындылаймын.

Оқушылар мен әлі де толқытыру, қайталау керек деген тұстарды жетілдіреді.

Оқушыларға жеке берілетін тапсырма
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралаудың әдістерін оқу мақсатын оқушылардың қажеттіліктеріне қарай анықтап алдым. Сабақ мақсатына сай оқушылардың барлығы, басым көпшілігі, кейбір оқушылар орындай алатын тапсырмалар қарастырдым. Оқушыларға бір-бірінің жұмыстарын талдау, бағалай білуді үйренеді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылын арттыру мақсатында «Ой қозғау»,«Кім жылдам» әдістерін қолданамын Қалыптастырушы бағалау

«Қол шапалақтау»

«Мадақтау»

«Бас бармақ» әдісі

«Жұлдызша»

Кері байланыс

«Екі жұлдыз ,бір тілек»арқылы кері байланыс беру .

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ -мен байланыс Құндылықтарды сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s