Фаст-фуд немесе жеңіл тағамдардың адам ағзасына әсері

Қызылорда облысы, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі

Биология пәнінің оқытушысы Бодықова Кәмшат Оңталапқызы

Фаст-фуд қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Қарқынды өмір салты қазіргі заман адамына асықпай , сүйіспеншілікпен отырып тамақтануға мүмкіндік бермейді. Күнделікті тамақтанудың орнына жақын маңдағы тамақтанатын жерден бизнес-ланч, пакеттегі жылдам еритін лапша, гамбургерлер немесе хот-догтар мен газдалған сусындар сияқты жеңіл тамақтармен тамақтануға тура келеді.

Қазіргі таңда қалада кез-келген аяқ басқан жерден тамақтануға болады. Көптеген жерлерде арнайы орындар тұрғызылған, онда ыстық самсалар, қамырдағы бәліштер, құймақтар және тағы да басқа жеңіл тағамдар сатылады. Жалпы аш қалмайсың.

Бізді қызықтыратыны, осы фаст-фуд қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандарындай фаст-фуд адам ағзасына , денсаулығына , әсіресе балаларға шынымен зиян ба? Читать далее