Нургалиев Мендибек Зинуллинович

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің

тарих пәні мұғалімі Нургалиев Мендибек Зинуллинович

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Ресей империясының құрамында Мектеп: Жаңажол ОЖББМ
Сағат саны: Мұғалімнің аты-жөні: Нұрғалиев М
Сынып: 8 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

Сабақтың мақсаты Патша үкіметінің 1867-68 жж әкімшілік реформаларының жүргізілу себептері мен барысы туралы түсіну
Бағалау

критерийлері

Сыни ойлау мен талдау— 1867-68 жж әкімшілік реформаларының жүргізілу себептері мен оның жүргізілу барысын анықтайды;

Синтез- 1867-68 жж реформалардың нәтижесін қорытындылайды

Тілдік мақсаттар 1867-1868 жж. реформаларының мән-жайы туралы талдайды, (айтылым дағдасы) Ресейдің жүргізген саясаты туралы зерттеулермен танысады (оқылым, айтылым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

«Бөліп ал да, билей бер», генерал – губернаторлық, облыс, уезд, болыс, ауыл, приказ

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Қазақ Еліне 1867-1868жж. реформалардың жүргізілуінің себебі… … …

1867-1868жж. реформалардың мақсаты… … …

Ең басты өзгерістер болды…

Бастапқыға қарағанда маңыздырақ болды, өйткені

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды/ айтарлықтай, өйткені

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» идеясы негізінде азат елдің тәуелсіздік бұғауына түсу тарихын оқыту арқылы патриотизм құндылығы жүзеге асады

Сабақ барысында «Функционалды сауаттылық», топтық жұмыста «Құрмет пен ашықтық» жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және оқылым, айтылым, жазылым барысында қолданылады. Картамен жұмыс барысында география пәнімен байланыс жүзеге асырылады
АКТ қолдану дағдылары АКТ дағдыларын дамыту (бейнематериал, интербелсенді тақта)
Бастапқы білім Ұлы жүздің Ресей құрамына қосылуы жалпы қазақ жерлерінің Ресей империясының құрамына толықтай қосылуына әкелгендігін біледі
Сабақ барысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Қызығушылық-

ты ояту

00-05 мин

(Т) Ұйымдастыру сәті.

Ой шақыру

БЫМ Тақтаға Франция королі ХІ Людовиктің айтқан сөзін: «Бөліп ал да, билей бер» (Diviser pour regner) және сурет тақтадан слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылардың зейінін суретке аударып, төмендегі сұрақ арқылы сурет пен афоризмді қалай түсінетініндігі сұралады. Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

Бұл ұстанымның ХІХ ғасырда Қазақстанға қандай қатысы болды?

М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.

Тарихи концепт (фокус):Себеп пен салдар

Презентация

Қосымша-1

Суреттер

Қазақстан тарихы оқулығы, 8-сынып, Қабылдинов З.Е.,Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бейсембаева

Алматы «Атамұра» 2018

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

05-25 мин

25-39 мин

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты?

(М) Тақырыпқа мазмұнына қатысты қысқаша шолу.

Зерттеу мен талдау

1-тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс

(Т) 1867-1868 жж. әкімшілік басқару жүйесіне байланысты интерактивті тыңдалым ұсынылады. Оқушылар бейнематериалды тыңдай отырып, берілген тапсырмаға сәйкес қажетті мәліметтерді дәптерлеріне жазып отырады. Тыңдалым аяқталғаннан кейін, топ ішінде талқылап, жауаптарын сыныпқа жариялайды.

Жеке тапсырма: (Айбеков Д)

1.Бейнематериалдан не тыңдадың соны дәптеріңе жазып ,айтып бер.

2.1867-1868жж реформа нәтижесінде Қазақстан аумағы қандай генерал-губернаторлықтарға бағындырылды,неше сатылы басқару жүйесі енгізілгенін жаз

1-топ.

  • Патша өкіметінің 1867-68 жж реформа жүргізуінің себебін анықтаңыз;
  • Реформа мақсатын сипаттаңыз;

.

Дескриптор:

-Патша өкіметінің 1867-68жж реформа жүргізілуінің кемінде 2-3 себебін анықтайды;

-1867-68жж әкімшілік реформалардың мақсатын сипаттайды;

2-топ.

  • Патша өкіметінің реформаны жүргізудегі дайындық жұмыстары туралы әңгімелеңіз
  • «Уақытша Ереженің» нәтижесінде Қазақстанда болған әкімшілік-территориялық өзгерістерді картада белгілеу,көрсету

Дескриптор:

-Патша өкіметінің реформаны дайындау жұмыстарының кемінде 1-2 іс-шарасын нақты дәйектер келтіре әңгімелейді

— 1867-68 жж реформа негізінде Қазақстан жерінде құрылған 3 генерал-губернаторлықты және 6 облысты белгілейді,көрсетеді

3-топ.

-1867-68жж реформаның нәтижесінде Қазақ жерінде құрылған әр әкімшілік-территориялық бөліктерді және оларды басқаратын лауазымды тұлғаларды тірек-сызба негізінде түсіндіріңіз.

-1822,1824 жылдардағы басқару ережесімен салыстырып,2-3 айырмашылықты айтыңыз

Дескриптор:

— 67-68жж әкімшілік реформалардың нәтижесінде құрылған 5 әкімшілік-территориялық бөлікті және олардың лауазымды тұлғаларын тірек-сызба негізінде түсіндіреді

— 22,1824 жылдардағы басқару ережесімен салыстырып,2-3 айырмашылықты айтады

4-топ.

  • 1867-68жж реформалардың нәтижесінде шаруашылық пен тұрмысқа енген өзгерістерді түсіндіреді;
  • 1867-68жж реформалардың негізінде сот істеріндегі өзгерістерді талдайды

Дескриптор:

-1867-68 жж реформа негізінде шаруашылық пен тұрмысқа енген кемінде 2 өзгерісті дәйек келтіре әңгімелейді;

-1867-68 жж реформалардың негізінде сот істеріне енген кем дегенде 2 өзгерісті талдайды

Кері байланыс. Топтардың бір-бірін бағалауы

Интерпретация.

2-тапсырма. Қорытындылау жұмысы

Шағын эссе

(Б) Оқушылардыңалған білімдері мен дағдыларын қорытындылап, түйіндеу үшін төмендегі тапсырманы орындайды. Оқушылар берілген сөздерді пайдалана отырып, шағын хабарлама дайындайды. Берілген сөздер тізбегінен кемінде 3 сөз қолдануы керек және ол бүгінгі сабақтан алған білімдерінің жиынтығы болады.

Сөздер: Әкімшілік-аумақтық бөлік,әскери-азаматтық билік әскери губернатор, болыс, түтін салығы

Дескрипторы:

-Эссені сауатты жаза алады;

-Дәйекпен дәлелденген тұжырым береді

Қосымша-1

СББР № 197. Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа: http://e-history.kz/kz/scorm/course/235

Карточкалар

Карта:

Қазақстанның 1867-1868 жж. реформалар бойынша әкімшілік аумақтық бөлінісі

http://e-history.kz/kz/scorm/course/235

Қосымша-2

Кескін карта

Қосымша-3

Тапсырма парақшасы

Сабақтың соңы

Ой-толғау

39-40 мин

Рефлексия.

Оқушыларға түрлі түсті стикерлерді тарату. Оқушылар кері байланыс парағы негізінде өздерінің білімдері мен дағдылары қандай дәрежеде игергендерін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деп ойласа, өзіне жасыл стикер, егер орташа деп есептесе – сары, ал меңгеру қиыншылық туғызған жағдайда қызыл стикерді таңдап алады.

Үлгі:

  • Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды орындадым деген жағдайда (жасыл стикер);
  • Мен орташа түсіндім, тапсырмаларды орындауда қиналдым деген жағдайда (сары стикер);
  • Ешнәрсе түсінбедім, тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деген жағдайда (қызыл стикер)
Стикерлер
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Ресей империясының құрамында Мектеп: Жаңажол ОЖББМ
Сағат саны: 1 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Нұрғалиев М.З
Сынып: 8 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.1.1.2 – Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау
Сабақтың мақсаты Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен мақсатын талдау
Бағалау

критерийлері

Сыни ойлау мен талдау— Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен мақсатын, оның жүзеге асыру барысын талдайды;

Синтез- Ресей империясының қоныстандыру саясатының мән-мағынасын нақтылайды

Тілдік мақсаттар Мәтін мазмұнын талдау барысында оқылым, тыңдалым, айтылым жазылым дағдылары жүзеге асады.

Пәндік лексика мен терминология:

Ходоктар, Шоқындыру, миссионер, шіркеу, басыбайлы шаруа

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қоныстандыру саясатының мақсаты…

Менің ойымша

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды/айтарлықтай маңызды болды, өйткені……

Құндылықтарды дарыту Өмір бойы оқу; материалды білуге және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру.

Құндылықтар:

— патриотизм

— ұлттық сана-сезім

— тәуелсіздік

— ар-ождан бостандығы

Пәнаралық байланыстар География, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті.
АКТ қолдану дағдылары Интернет, презентация, т.б.
Бастапқы білім Оқушылар бөлімді меңгеру барысында 7.3A Отарлау және ұлт-азаттық күрес бөлімінде алған білімдеріне негізделеді
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

00-07 мин

(Б) Ұйымдастыру сәті.

Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.

(Б) Суреттер топтамасымен жұмыстану арқылы оқушылар сабақ тақырыбына болжам жасайды.

Сұрақ: -Суретті көріп сізге қандай ой келді?

(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.

  • Тарихи концепт (фокус): өзгеріс пен сабақтастық
Презентация
Сабақтың ортасы

07-13 мин

13-23 мин

23 – 33 мин

33-39 мин

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?

(М) Ресейдегі басыбайлы құқық туралы қысқаша ақпарат беріледі. Басыбайлы құқықтың неліктен жойылғанын және қарапайым шаруалар үшін бұл Ереженің маңыздылығы айтылады.Оқушылар«басыбайлы құқық» ұғымының мағынасын түсінуі үшін оның негізгі белгілері туралы түсінік беріледі.

  1. Шаруалардың жеке топтары арасындағы айырмашылықтар жойылады;
  2. Шаруалардың құқығына, қосымша табыс іздеуіне шек қойылады;
  3. Шаруаларды бірте-бірте азаматтық құқығынан айырады;
  4. Феодалдың шаруаны қуып жіберуге құқығы болады.

Оқушылар осы белгілерге қарап отырып, басыбайлы шаруалардың жағдайын түсініп, аталған құқықтың жойылуының маңыздылығын біледі.

Зерттеу мен талдау

1-тапсырма. «Тұжырымдармен жұмыс»

4 топқа бөлінген оқушыларға тұжырымдар таратылады.Тұжырым мағынасын оқушылар топ ішінде талқылап, тұжырымға қатысты пікірлерін сыныпқа жариялайды.

1 — топ: «Қазақ қоныстары алып жатқан жерлер Ресей өкіметінің жерлері деп жарияланды».

2 — топ: «1897 жылғы санақ бойынша қоныстандыру қозғалысының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде Ақмола облысында қазақтардың үлес салмағы небары 37% көрсеткішті құрады».

3 — топ: «Қоныстандыру қозғалысы Сырдария мен Жетісу облыстарында да белсенді жүргізіліп, XIX-ғасырдың 80-жылдары тек Сырдария облысының өзінде 37 орыстардың елді-мекендері пайда болды».

4 – топ: «Қытаймен шекараны қорғау мақсатында орыс адамдарын Өскемен, Зайсан уездеріне орналастырып, орыс селоларын дуалмен тұтас жабу керек, жергілікті қазақтар үкіметке қарсы баскөтеретін болса қоныстанушы орыс шаруаларын жылдам қаруландырып, көтерілісші басбұзарларға қарсы қоюды тиімді ұйымдастыру керек»

Жеке тапсырма:( Айбеков Дидар)Үлестірме қағаз

1.Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аудару себептерін жаз.

2.Қоныс аударушыларға патша өкіметі қандай жеңілдіктер бергенін жаз?

2-тапсырма.Кестемен жұмыс

«Тарихи оқиғаның себептері»

(Ж/Ж) Тұжырымдарға негізделген келесі тапсырмалардың орындалуы ұйымдастырылады.Әр оқушыға немесе жұптасқан оқушыларға мәтін таратылып беріледі. Оқушылар берілген мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырады. Мұғалім оқушыларды аралап, қолдау-көмек береді. Мұғалім тапсырма орындау уақыты аяқталғаннан кейін, тапсырма шарты бойынша оқушылардан ауызша, бірінен-кейін бірі тапсырманың қаншалықты орындалғанын тексереді.

Патша үкіметінің қоныстандыру саясатын жүзеге асыру барысында көздеген мақсаты Қоныстандыру саясатының себептері Қоныстандыру саясатының барысы

Кері байланыс. Топтардың бір-бірін бағалауы

Интерпретация

3-тапсырма. Білімді тиянақтау жұмысы

Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясатының барысы туралы білімдерін жинақтау үшінтөмендегі «Бессаусақ» тапсырмасы ұйымдастырылады.

  • Қазақстан жеріне қоныстанушыларға арналған «Уақытша Ережені» дайындаған кім?
  • «Уақытша Ереже» бойынша орыс қоныстанушыларына не берілді?
  • Патша өкіметі орыс шаруаларын Қазақстанға неге орналастырды?
  • Қазақстанға орыс және украин шаруаларын қарқынды орналастыру қашан жүргізіле бастады?
  • Ресейден келген қоныстанушылар қайда орналастырылды?

Дескриптор:

-Жауап құрылымын сауатты құра алады;

-Дәйекпен дәлелдеп, жауапты дұрыс береді

Кері байланыс. Мұғалімнің кері байланыс беруі

Қабылдинов З.Е Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бейсембаева

8 сынып. Қазақстан тарихы. . «Атамұра»

2018 ж.

Қосымша-1

Тұжырым жазылған карточка-таратпа

Қосымша-2

Мәтін таратпалар

Қосымша-3

Тапсырма үлгі парақшаға беріледі немесе слайдтан көрсетіледі

Сабақтың аяғы

39-40 мин

Рефлексия. «Өз прогресіңді бағала» Стикер жапсыру Стикерлер
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.