Қайырбаева Әсел Сәттібайқызы

Ақтау қаласы № 39 «Хиуаз» балабақшасының тәрбиешісі

Қайырбаева Әсел Сәттібайқызы

Тақырыбы: «Дәстүрден тыс әдіс жапсыру»

Оқу іс – әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырады күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!

Тәрбиеші: Қанекей балалар орнымызға отырайық. Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір жылдың көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Көктем мезгілінде 3 ай бар. Олар наурыз, сәуір, мамыр.

Тәрбиеші: Қазір көктемнің қай айы?

Балалар: Қазір көктемнің мамыр айы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Көктем мезгілде қандай құбылыстар болады?

Балалар: Көктем мезгілінде қар еріп, күн жылынады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар дұрыс айтасыңдар. Енді барлығымыз тақтаға қарайық ненің суретін көріп тұрмыз?

Балалар: Бәйшешек гүлінің суретін.

Тәрбиеші: Йә, бұл бәйшешек гүлінің суреті. Күн жылынып қар ери бастағанда ең алғаш болып осы бәйшешек гүлі шығады екен балалар. Әсем көрініс емес пе? Біз бүгін жапсыру оқу іс – әрекетінінен көктем мезгілін, яғни алғаш болып шығатын бәйшешек гүлін бейнелейтін боламыз. Ол үшін алдымен алдымызға ақ қағазымызды алып алайық. Бірінші аспаннан бастаймыз. Ол үшін қағазымыздың жоғырғы жағын желімдеп аламыз. Аспанның түсі қандай?

Балалар: Аспанның түсі ашық көк.

Тәрбиеші: Олай болса мына ашық көк түсті ұсақ кесілген қағазымызды алып қағаз бетіне жапсырамыз. Бұл жапсырудың түрі «мазайка» деп аталады.

Енді астыңғы жағын желім деп аламыз. Ақ ұлпа қарларды жапсырамыз. Ол үшін майлық ақ қағазды аламыз. Майдалап қағазды жұлмалаймыз.

Ұлпа қарлардың астынан шығып тұрған әсем бәйшешек гүлін жапсырамыз. Ол үшін қызыл түсті майлық қағазды алып таяқшаның басына қойып бұрмалаймыз. Бәйшешек гүліміз әдемі болып шығып жатыр ма?

Балалар: Йә.

Тәрбиеші: Олай болса бәйшешек гүліміздің сабағын және жапырағын жасайық. Ол үшін жасыл түсті майлық қағазымызды алақанымызбен қысып умаждаймыз.

Тәрбиеші: Көктем мегілінің көрінісі шықты ма?

Балалар: Йә көктем мезгілінің көрінісі шықты.

Қорытынды: Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз ұнады ма? Ненің суретін бейнеледік? Бүгінгі оқу іс – әрекетіміз осымен аяқталды. Жарайсыңдар балалар алғаш шығатын бәйшешек гүлін әсем бейнеледіңдер. Барлығың бүгінгі оқу іс – әрекетіне белсене қатыстыңдар Жарайсыңдар балалар алғаш шығатын бәйшешек гүлін әсем бейнеледіңдер. Барлығың бүгінгі оқу іс – әрекетіне белсене қатыстыңдар.Еліміз аман, жұтымыз тыныш болсын.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.