Нургожаева Эльмира Оразбековна

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Саду Шакиров ауылы
Ш.Смаханұлы атындағы орта мектептің өзін-өзі тану мұғалімі
Нургожаева Эльмира Оразбековна

Тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.
Тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп. Презентация.
Тақырыбы: Ұстаз портфолиосы.

Мақсаты: Өз махаббаттарын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіріп,Жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту,Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол Алланың жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
Және сүй, хақ жолы деп әділетті », —
деп Абай бабамыз жырлығындай, махаббат – өзін-өзі өзгелерді тануға жетелейді.

«Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева айтқандай: «Мен шын көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.»

Махаббат – өзгелерді сыйлауға негіз болады.

Махаббат– ата-анаға сүйіспеншілікті білдіреді.

Махаббат – адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, адамдардың қасиетті киесі.

Махаббат – Отанды, елді құрметтеуге үйретеді.

Махаббат – табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.

Сергіту сәті.

Ана туралы жыр

Сөзі Ғ.Қайырбековтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтік

Жаңа ақпарат

Адам әрқашан өмірдің жақсы жақтарын көруге талпынуы керек. Ол үшін айналаға жақсы ниет, жағымды ой, жылы жүрекпен қарау қажет. Сүйіспеншілік – адамдық өлшемнің белгісі. Адам махаббаты күллі тіршілікке, болмысқа, адамзатқа арналғанда өзара үйлесімділікке қол жеткізуге болады. Сонда ғана өмірдің мәні махаббатта, жақсы көруде екенін ұғынасың.

Сүйіспеншілік пен Өмір

(Аңыз әңгіме)

Сүйіспеншілік Өмірге неге аса қажет деп ойлайсыңдар?

Байлық, Тәкаппар, Бақыт Сүйіспеншілікке қалай көмектесті?

Сүйіспеншілік құндылығы неде?

Адамға өзара сүйіспеншілік қаншалықты қажет?

Адамда өзімшіл сүйіспеншілік сезімі болмаса, не болар еді?

Әңгімелесу.

Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді?

Жақсы көрудің мәні неде?

«Бәрінің бастауы махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?

Адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көресің?

Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір адамға несімен қымбат?
Туған жерге, туған елге деген махаббат сезімін қалай түсінесіз?

Махаббаттың сыйластық пен достыққа деген қандай байланысы бар?

Шығармашылық жұмыс.

Махаббат түрлерімен танысу

Ата-анаға Балаға Отбасыңа Отанға

Мәтінмен жұмыс

Оқулықта кеңес әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы Константин Паустовскийдің «Жеделхат» әңгімесінің үзіндісі талқылауға арналған сұрақтармен бірге берілген.

Тапсырма

Бұл тапсырма оқушы дәптеріне орындалады.

Балалар төмендегі сөйлемдерді өз ойларынша әрі қарай жалғастырады.

Менің ойымша, жақсы адам болу үшін……
Менің досым……………………………………..
Бәріненде менің жақсы көретінім адамның бойында………

Мультик «Жақсы мен жаман».

Дәйексөз.

«Өзіңе деген махаббат – тамаша нәрсе, өйткені ол-адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі». Т. Гоббас.

«Махаббатсыз дүние – бос » Абай

Үй тапсырмасы.

Берілген өлең жолдарын пайдалана отырып

«Маған қымбат жандар» тақырыбында эссе жазыңдар.
Алтын ұя – Отан қымбат
Құт-берекең-атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың әкең қымбат

Қараңдаршы, балалар, сүйіспеншіліксіз өмір сүру мүмкін емес екен. Өйткені бұл өмірдің мәні де сонда. Егер адам өзінің туған-туыстарын, достарын, Отанын, әлемді, табиғатты сүймесе оның еш бір ісі алға баспайды. Адамның жүрегін ашу-ыза, өкпе-реніш толтырады. Сондықтан, бұл әлемдегі қуаныштың бірден қайнар көзі – бұл сүйіспеншілік екенін ұмытпаңдар.

Тренинг «Сыйлық».

Нұсқау: Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта отырған көршілеріңізге сыйлық сыйлайсыздар. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз қандай сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Үнсіз жасалу керек.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.