Омарбекова Марал

Түркістан облысы Арыс қаласы Шағыр елді мекені «Бейсен – ана» бала бақшасының тәрбиешісі Омарбекова Марал

Білім беру саласы: Коммуникаця, Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту. Сурет салу

Тақырыбы : Гүлдер,гүлдер ,әсем гүлдер.

Мақсаты: Көктем туралы білімдерін толықтырып, гүлдердің түрлері мен таныстыру. Сөздік қорларын,ой -өрісін ,ойлау қабілетін қиялын дамыту.Гүлдердің түрлерімен таныстырып ,оларды ажырата білуге үйрету.Оларды баптап күту ережелерімен таныстыру .Табиғатты қорғай білуге , адамгершілікке, ұқыптылыққа , бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу. Дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолдану.

Білімділік; Гүлдердің түрлерімен таныстыру . Гүлдердің түр түстерін ажырата білуге дағдыландыру. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру .

Дамытушылық; Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дәстүрден тыс сурет салу арқылы дамыту . Балалардың көркемдік талғамын дамыту , таппақтар арқылы тіл байлығын арттыру.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Ұйымдас-тырушы қозғаушы
  • Саламатсыздар ма!
  • Здраствите!
  • Good morning

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз ,

Көңілдіміз бүгін біз.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң қонақтар.

Доброе утро всем нам

Доброе утро всем гостям

Good morning ,good morning

Good morning to you

Good morning ,good morning

We are glad to see you

  • Бір жылда неше мезгіл бар?
  • Жыл мезгілдерін атайықшы?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

— Аттарын еске түсірейік?

— Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Орыс тілінде көктемді қалай айтамыз?

Балалар шеңберге тұрып , бір-бірімен амандасады. Жақсы көңіл -күй тілейді.

Бір жылда 4 мезгіл бар

Қыс, Көктем, Жаз, Күз.

Қазір жылдың көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде 3ай бар

Наурыз,сәуір,мамыр

3 тілде айтады

-Көктем мезгілінде күн жылынады,ағаштар бұршік жарады,құстар ұшып келеді,ұя салып қарсы аламыз.

Орыс тілінде көктемді «Весна» дейді

Ұйымдастырушы

Ізденуші

Жетекші жөндеуші

Ал балалар енді біз гүл ханшайымымды ортамызға қарсы алайық.

Гүл ханшайымы жұмбақ жасырады.

Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ жасыру.

Адамдардың бәрі қызығады,

Ұстай берсең сәні бұзылады.

гүлдер-цветы-flowers

Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы:

«Гүлдер гүлдер әсем гүлдер»деп аталады.

Балалар суретке қарандаршы ненің суретті қандай гүлдер?

Гүлдер дала гүлдері,бақша гүлдері,бөлме гүлдері болып бөлінеді.

Дала гүлдері өздеріміз білетін бәйшешек, қызғалдақ, сарығалдақ,

түймедақ, бақбақ гүлдері.

Бәйшешек күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл.

Қызғалдақ гул

Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп, жазиралы кең даланы одан сайын асқан сұлулық пен әсемдікке бөлейді.

Бақбақ гүл – гүлдің аты, дала гүліне жатады.Бұл гүл наурыз, көкек айларында және жаз айларында үлпілдек мақта тәрізді гүл ашады. Гүліне сәл жел тисе болды, үлпілдек мақта тәрізді гүл жүндері ұшып кетеді.

Дала гүлдері күтімді көп қажет етпейді.

Раушан гүлі- хош иісті гүл .Бұл гүл далада өседі. Оны мерекелерде , сый құрметте беріледі.

Бөлме гүлдеріне: фикус,қытай розасы,алоэ және әйел бақыты доллар гүлі кактус оданда басқа гүлдер жатады.

-Бұл гүлдің аты-фикус. Фикус- әдемі жапырақты бұтақты өсімдік.

Өсімдіктің діңі жуан болса да жапырағы майда ірі болып келеді.Фикустың шырмалып өсетін де түрлері болады.

Алоэ гүлі – оның жапырақтары тікенекті болғанымен қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеттері бар, жара болған жерімізге алоэ кескінін кесіп алып тигізіп біраз уақыт ұстап тұрсақ , жара жылдам жазылады.

Ал, бөлме гүлдері күтімді қажет етеді.оны күнделікті су құйып,топырағын қопсытып,шаңын сүртіп тұрмаса гүл өліп қалуы мүмкін. Гүлдерді жайдан жай өсірмейді.Адам оған қарап шаршағанын басады.Гүлге қарап отырып демаласың.Гүлдердің емдік қасиеттері де бар .олардан түрлі-түсті жақпа майлар,күнделікті сусабын,әтір жасауға болады.гүлдердің хош иісі бар.гүлдердің адамға пайдасы мол.Ол ауаны тазартып тұрады.

Балалар сендер гүлдер туралы тақпақ білесіздерме?

Дидактикалық ойындар.

Кім тапқыр?

Гүлдерді атаймын және көбелектің түсін ажырата білу . Атаған гүлдерге

түсіне карай көбелектерді қондыру

Сергіту сәті:

Гүл өсірем үйде(жоғары қол көтереді)

Су құямын гүлге(қолмен су құяды)

Гүл күткенді біледі(тербеледі)

Бойын сылап күледі( бойын қолымен сыйпайды)

Күнде гүлін ашады

Жұпарын маған шашады(қолын желпейді

Балалар шығармашылық жұмысқа ораламыз

Балаларды 2топқа боліп отырғызамыз .

Бірінші топ

Балалар тұзбен гул салады . Балалар гүлді әдемілеп ұқыптылықпен салады.

Екінші топ Гуашпен бақбақ гүлдің суретін саламыз.

Салған суретттеріне қарап бағалаймыз.

-Балалар бүгін біз қандай гүлдер түрі мен таныстық?

-Гүлдің қандай пайдасы бар ?

Гүлдер адамдарға не сыйлайды?

Гүлдерді кімге сыйлаймыз?

Бөлме гүлдерін қалай күтеміз?

-Қандай ойын ойнадық?

Жарайсыңдар !

Гүлді жұлуға болмайды.Олар күтімді қажет етеді. Оларға қарасаңдар көңіл күйлеріңді көтереді.

Жылулық шеңбері

Гулдер, гүлдер, көп гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер

Өсе берші ырғалып

Өсе берші нұрланып

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық

-Балалар мұқият тыңдайды.

(Гүл)

Гүлдердің суреттері

Мұқият тыңдайды.

Сымбат

Гүлдер, гүлдер не түрлі,

Құлпырды да жетілді.

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді.

Cырғалым

Өз қолымен ыдысқа,

Отырғыздым үй гүлін.

Сабақтары қып-қысқа,

Терезеден сүйді күн.

Раяна

Үйімізге сән беріп,

Ашылдыгүл бір шөптен.

Жатсада тыста қар көміп,

Терезеде тұр көктем.

Жания

Үйде тұрып өсетін,

Әкеп гүлдің көшетін.

Топырақты салдымда,

Отырғыздым қалбырға

Ойынды көңілді ойнайды.

Балалар қимылмен жасайды.

Балалар шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Балалардың жауабы

Гүлдер таза ауа береді, әдемілік үшін.

Гүлдер адамдарға қуаныш сыйлайды.

Гүлді аналарымызға әжелерімізге және достарымызға сыйлаймыз

Бөлме гүлдері күтімді қажет етеді.оны күнделікті су құйып,топырағын қопсытып,шаңын сүртіп тұрамыз.

Балалардың жауабы

Балалар жылулық шеңберге тұрады

Сау болыңыздар!

Дасвидания!

Good bye!

Күтілетін нәтиже;

Нені біледі:Дала гүлдері мен бөлмеде өсетін гүлдерді ажырата білді,гүлдер туралы тақпақ

Қандай түсініктерді игерді:Гүлдің құрлысын ,ойын шартын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Күнделікті өмірде гүлдерді күтіп баптауды.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.