Тургаева Дина Джексенгалиевна

Атырау облысы Атырау қаласы

М.Отаралиев атындағы орта мектептің

дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Тургаева Дина Джексенгалиевна

Сабақ тақырыбы: Шағын топта және жұпта қарым-қатынас жасау дағдылары.

Қысқа мерзімді жоспар.

Шағын топта және жұпта қарым-қатынас жасау дағдылары Мектеп:М.Отаралиев негізгі мектебі
Күні02.06.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні:Тургаева Дина
Сынып: 1 Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: —

Сабақ тақырыбы Шағын топта және жұпта қарым-қатынас жасау дағдылары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.1. Қозғалыс қызметіндегі рөлдерді және міндеттерді анықтау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы орындай алады.
Топта және жұпта қарым-қатынас жасау .
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Спорттық құралдарды пайдаланып топта және жұпта қарым-қатынас жасай алады.
Кейбір оқушы орындай алады.
Шағын топта және жұпта қарым-қатынас жасау дағдылары орындай алады
Тілдік мақсаттар Пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері).
Құндылықтарды дамыту Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастыру. Жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ұйымдастыру.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, биология (жас өспірімдер физиологиясы).
АКТ қолдану дағдылары АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.
Сабақ барысы.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Бұл бөлім оқушыларға спорт ойындарында қозғалу дағдыларының спектрін доппен ойналатын ойынға қатысу, жұпта және топта жұмыс істеу арқылы дамытуға көмектеседі.

Ресурстар Ресурстар
Сабақтың басы

12 минут

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Диаметрі шағын доптар 3-10 дана.
Сабақтың ортасы

20 минут

«Түлкі мен тауықтар» ойыны. Бөлме ортасында рейкаларымен жоғары қаратылған төрт гимнастикалық сәкілер орнатылады, бұл – «тауық бақан». Бір жүргізуші – «түлкі» мен бір – «аңшы» таңдалады. Қалған ойыншылар – «тауықтар». Бөлменің бір бұрышына «іннің» сұлбасы сызылады, оның ішіне «түлкі» кіреді. Екінші бұрышта «аңшы» тұрады. «Тауықтар» «бақанды» айнала жайғасады.

Бірінші белгі бойынша, «тауықтар» біресе «бақанға» қонақтап, біресе жерге түсіп, болмаса, «тауық күркені» айналып жүре бастайды. Екінші келісілген белгі бойынша «түлкі» «тауық күркеге» жақындап, бір аяғымен болса да,жерге тиіп тұрған «тауықты» аулай бастайды. «Түлкі» ұсталған ойыншыны қолынан жетектеп, «ініне» алып келеді. Егер жолында «аңшы» кезіксе, «түлкі» тұтқынын босатып, «ініне» қашады. Қолға түскен «тауық» «күркесіне» оралады да, қалған «тауықтар» «бақаннан» түседі. Егер «аңшы» «түлкіні» ұстап алса, онда жаңа «түлкі» таңдалады. 4-6 рет ойнайды. Бір рет те қолға түспеген ойыншылар жеңіске жетеді. 1 суретті қараңыз.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.
Ой толғаныс БББ кестесі

Білем Білдім Білгім келеді
Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан қозғалыстарда қандай жетістіктер бар және оны қалай жетілдіруге болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған қозғалыстардағы тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Рефлексия Сабақ мақсатына жетіп, оқу міндеттері орындалды. Оқушылар рөлдер бойынша ойын арқылы өз міндеттерін орындауды үйренді. Берілген тапсырмалар толығымен орындалды. Оқушылар ой толғаныстары арқылы сабақты жақсы қорытындылап өтті. Берілген уақып толығымен, тиімді игерілді.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату. Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен, жұппен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Қорытынды бағалау.

Ең жақсы өткен екі нәрсе /Оқыту мен оқуға байланысты/

1. Ойындар ұтымды пайдаланылды.

2. Оқушылар топпен жақсы жұмыс жасады.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді.

/Оқыту мен оқуға байланысты/

1. Ойындарды көптеп қосу.

2. Ресурстарды көбірек пайдалану.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?

1. Топқа бөлуді жеке қабілеттеріне қарай топтастыру.

2. Бұрын өткен сабақтардағы ойындарды ойнату.

Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.