Қос сөздер

Мұғалім: Сергалина Мнуара Жумабековна

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 4 сынып

Тақырыбы: Қос сөздер

Мақсаты: Оқушыларға қос сөздердің жасалу түрлерімен таныстыру, бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажырата білу, қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы айырмашылығын таныту.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: суреттер, жазу жазылған қағаздар, бағалау парағы, қима-қағаздар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу

ә) психологиялық кезең «Шаттық шеңбері» (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (дәптерлерін жинап алу). (3 мин)

-Біріккен сөздер дегеніміз не?

-Біріккен сөздерге мысалдар келтіріңдер.

Бағалау парақтарын таратып беру.

ІІІ.Жаңа тақырып:

«Миға шабуыл» әдісі.(7 мин)

-Тақтаға назар аударайық, сөздерді оқып, олардың нені білдіретінін қалай ойлайсыңдар?

(Қос сөздер)

тақтадағы сөздер арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

Мақсатты қою кезеңі

Бүгінгі тақырыпты үйрену үшін біз алдымызға қандай мақсат қоюымыз керек деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жұмбақтың шешуін тауып, күрделі сөздерді анықтайды, сол арқылы жаңа сабақты болжайды

Балалар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсатын қоюға талпыныс жасайды.

Ереже: Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз дейді. Қос сөздің арасына дефис (-) қойылып жазылады.

Қос сөздер бір сөздің қайталануы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: айта – айта, ар – ұят, сарт – сұрт. Сөздің алдынан күшейткіш буын қосу арқылы да қос сөздер жасалады. Мысалы: қып – қызыл, тап – тар , түп – түзу.

Дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазып, көркем жазу жұмысын жүргізу. Ққ әрпін жазып шығу.

Оқулықпен жұмыс (5 мин)

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз. Қос сөздердің астын сыз. Қос сөздердің мағынасын түсіндіру.

Әр оқушы өзін бағалайды, талдайды.

Сергіту сәті. «Мен қазақпын» (2 мин)

«Адасқан сөздер» ойыны жазбаша (3 мин)

1)сатып құрал-саймандар Әкем алды.

2)қора-қора бар Атамның малы.

3)Жайлауда қарын-қарын жинады анам май.

Оқушылар бір-бірін тексереді, бағалайды.

“Тез, әрі жылдам” Өлеңнен қос сөздерді тап. (ауызша) (2 мин)

Көк құтандар көлбеңдеп

Көтеріле алмайды

Жалғыз — жалғыз ербеңдеп

Көк қояндар зулайды.

6-жаттығу. Мәтінді оқы. Қос сөздерді тауып тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. (5 мин)

Бағалау парағына баға қойып отыру, талдау.

«Венн диаграммасы» Қос сөздер мен Біріккен сөздер (7 мин)

Тақтаға шығып, қорғау.

Бекіту:

Семантикалық карта

Сөздер Біріккен Қос

Әке-шеше

Жаздыгүні

Қожахмет

Тарс-тұрс

Арпа-бидай

Рефлексия

Тақтада ашық және жабық есікті үйлер салынған суреттер ілінген. Ашық есік — түсіндім, қызықты болды. Жабық есік — түсінген жоқпын, ұнамады.

Балалар сабақтан алған әсерлері жазылған стикерлерді сол үйлердің тұсына жабыстырады.

Бағалау.

Әр оқушы бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаны шығарып, талдайды.

ІҮ. Үй тапсырмасын беру. 3-жаттығу, 106 бет.(түсіндіріп өту)

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.