Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазуын қалып тастыру

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Изтаева Айгерим Асхатовна

Көркем жазу оқушының келген күнінен жазумен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты — дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық қоғамдық тәрбиелік мәні зор.

Қазіргі кезде ата — аналарда балалардың каллиграфиясына, жазуына байланысты қате ұғымдар қалыптасқан.Олар жазба жұмыстар қатесіз көшіріліп,жазылса жеткілікті деп ойлайды. Ата — аналар заман талабына сәйкес жазу компьютермен іске асатындықтан жазудың көркемдігі мән беру аса маңызды емес деп есептейді. Соз жоқ,компьютер жазу жұмысын жеңілдетеді,бірақ жазба тілді біржола ығыстыра алмайды. Читать далее

Көптілді білу – заман талабы

Алматы облысы, Қарасай ауданы О.Жандосов атындағы орта мектеп,
мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Қыдыралиева Қамажай Қалшериповна

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар қазақ халқының ана тілі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 7-бабында «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады»,-делінген. Дәл осы мәліметті Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңының 4 және 5-бабынан оқимыз. Елдегі тіл мәселесінің дамуына бағытталған бұдан өзге стратегиялық бағдарламалар бар. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы», «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасында мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытудың мақсат-міндеттері мен басым бағыттары нақты көрсетілген. Читать далее

Сабақтың тақырыбы: Етістер.Өздік етіс.

Астана қаласы №14 мектеп-гимназия

ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Нурымбаева Сандугаш Калдарбековна

Қазақ тілі 6 сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы: Етістер.Өздік етіс.
Сілтеме 6-сынып «Қазақ тілі» оқулығы, таныстырылым
Сабақтың мақсаты: а)Өздік етіс туралы білімді қалыптастыру, оның анықтамасын жүйелі талдап, санаға сіңіру, нақты мысалдар арқылы оны еркін дәлелдеуге төселдіру;ә) дамытушылық – орындалатын тапсырмалар нәтижесінде білік дағдыларын, мағынаны ажырата білу қабілеттілігін нығайту, шығармашылық жұмыс істеуге ұмтылдыру, анық нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру;б) тәрбиелік–топ ішінде бір-бірінің пікірің құрметтей алатын, өз ойын тұжырымды жеткізе білетін, тілін құрметтейтін, ортаны сүйетін оқушы тәрбиелеу. Читать далее

Жер асты сулары. Минералды сулар

Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы,

«Зырян қаласының № 9 орта мектебі» КММ

бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Матаева Аглиман Бултукановна

Пәннің аты: дүниетану

Уақыты: 23. 11.2017ж Кабинет: 38 Мұғалімі: Матаева А.Б.
Сабақтың атауы Жер асты сулары. Минералды сулар
Мақсаты Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік алып, дүниетанымдарын кеңейтуге, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай жасай отырып, суды үнемді жұмсауды, табиғатқа зиян келтірмеуді дәріптеу.

Барлығы: Жер асты сулары, минералды сулар туралы түсініп, сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбірі: Мәтінмен жұмыс жасап, құрдастарына түсіндіру жұмыстарын жүргізе алады.

Жекелеген оқушылар: қосымша материалдармен жұмыс істеп, құрдастарының білімдерін толықтыруға қадам жасайды. Читать далее

Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әр пі.

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы

«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Алтынбекова Назгуль Муратовна

Сабақтыңтақырыбы Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Ойын-игра-game Читать далее

Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік тұғырым

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Златогорка орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Касымова Айгүл Оразбайқызы

Тәуелсіз Қазақстан.

Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздік туралы түсіндіру. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл – қыздардың ерліктері жайлы түсінік беру.Еліміздің рәміздеріне, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі : интерактивті тақта ( слайд), бүктеме (желтоқсан құрбандарының суреттері),Елбасының суреті,рәміздер суреттері.

ҚР-ның Әнұраны орындалады.

Мұғалім:Қош келдіңдер, қадірлі ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!Бүгінгі тәрбие сағатын Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толуына арнаймыз. Читать далее

Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арнал ған «Аққан жұлдыз» атты кеш

Астана қаласы, №14 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ибраева Сараш Алкебаевна

Тақырыбы: «Аққан жұлдыз»

Мақсаты:

Қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен өскен ортасы, тәрбиесі жайлы тереңірек танысу;

Шоқан өмірін үлгі ете отырып, өздерін саналылыққа , еңбексүйгіштікке, өз елін, отбасын сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: кітап көрмесі, слайд – шоу, Шоқан салған суреттері. Читать далее

The ABC party

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

9 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Атаджанова Наргиза Довлетовна

The ABC party

T: Good morning dear pupils, teachers and guests!

P: Good morning, good morning

Good morning to you

Good morning, good morning

We are glad to see you!

T: We have a holiday today, the ABC party.

We shall sing, we shall dance,

We shall read and speak at once!

You know all letters well

You can read them and spell! Читать далее

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Мектеп: № 1 Т.Әлиев атындағы орта мектебі

Күні: Мұғалімніңаты-жөні: Ерболов Асқат Ерболұлы
Сынып: 7

Пәні: Дене тәрбиесі

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Қазақтың ұлттық ойындары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.2.7.1 — жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді талқылау және бейімдей білу.

7.2.3.1 — қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын талқылау және көрсете білу

7.3.5.1 — басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу Читать далее

«Волейбол ойыншысының қорғаныстағы іс – әрекет і»

БҚО, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы оқытушысы

Рашидова Зура Мендвайевна

Пәні: Дене тәрбиесі

Топ:

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Волейбол ойыншысының қорғаныстағы іс — әрекеті

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық:

Волейбол ойыны ережелерімен әдіс – тәсілдерін тереңдетіп үйретуге мағлұмат беру, ойынға қызығушылығын арттыру, ойынның ережесі мен әдіс – тәсілдерін меңгерту.

В )коммуникативтік:

Споттық ойындар арқылы ептілікке, батылдыққа дағдыландыру, танымдылығын дамыту, ұжымдылыққа, бірліке, татулыққа, инабаттылыққа баулу.

С) проблеманы шешу:

Қимыл қозғалыс қабілеттерін, дене қасиеттерін жылдамдық, ептілік, күш, төзімділік, икемділікті дамыту және өмірде қолдана білу. Читать далее