«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА.

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА.

Ақтөбе қаласы ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН №21 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ

Сағадат Алдияр Абзалұлы 3 «Г» сынып оқушысы

Сынып жетекшісі: Мубаракова Акгуль Алтаевна

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласын сынып жетекшіміз Ақгүл Алтайқызы толық түсіндіріп берді. Президент бұл мақалада негізгі алты бағытты атап кеткен. Маған ең алдымен ұнағаны — мақаладағы «Бәсекеге қабілеттілік», «Білімнің салтанат құруы» және «Сананың ашықтығы» деген бағыттар болды. Егер болашақта барша Қазақстанда білім алып жатқан балалардың білімді, саналы, бәсекеге қабілетті болса, біздің еліміз қазіргіден де жақсы болар еді деп ойлаймын. Сонымен қатар, президент осы мақалада ұлттық сана туралы айтып, алдағы он жылда біздің өмір салтымыз: білім алуымыз, тұрмысымыз, адамдық қатынастарымыз, т.б. барлығы жоғары дәрежеде болады деген.

Ең алдымен алдағы уақытта 2025 жылға қарай, оқулықтардың бәрін де латын әрпімен шығара бастау қажеттігін маңызды деген. Сондай — ақ, тек өз тілімізбен шектеліп қоймай, француз, қытай т.б тілдерді үйренуіміз керек деген. Қазіргі уақытта тіл білу маңызды орында. Себебі, басқа елге барғанда, жалтақтамай өзімізге керек нәрсені үйреніп, басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін т.с.с. өз елімізге пайда әкелетін жағдайларды үйренгеніміз дұрыс. Бұл президенттің бірінші, «Бәсекеге қабілеттілік» деген бағытынан айқын көрінеді. Қорыта келгенде, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағытының өзекті екеніне сенемін. Мен де болашақта елімнің дамуына өз үлесімді қосамын!

Тәуелсіз елім-тірегім

Ақтөбе қаласы ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН №21 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ

Қараш Әлімжан Темірланұлы

Сынып жетекшісі: Мубаракова Акгуль Алтаевна

Тәуелсіз елім-тірегім

Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз.

Ғасырлар бойы қазақ хандары және батырлары жерімізді жаулардан қорғаған. Олар қан мен тер төгіп, аяулы еліміз үшін өз өмірлерін де берген. Жоңғарлардың шапқыншылықтары, Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін өте қиын болды.

Қазақстанның әр азаматы 1991 жылғы 16 желоқсан күнін есте сақтауға міндетті. Бұл күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. Осы күнді ата-бабаларымыз ұзақ уақыт бойы күткен. Бірақ тәуелсіздікті алу оңайға түскен жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсан күні алматылық жастар алаңға шығып көтерілді. Ал үкімет оларды күшпен таратты. Бұл оқиға бірнеше күнге созылды. Көптеген жастар аяусыз қырылды, ал қалғандары жазаға тартылды, 246 студент оқу орнынан шығарылды. Осы оқиға тәуелсіздікті алу жолының бірінші қадамы еді.

Биыл тәуелсіздігімізге 26 жыл толмақ. Біз үшін жанын қиып, тәуелсіздік алып берген ата-бабамыздың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Егер ата-бабамыз қолына қару алып елімізді қорғамаса, біз басқа елдің құлы болатын едік. Бірақ ата-бабамыз жаумен қасық қаны қалғанша шайқасып, Қазақстан елін бізге аманат етіп қалдырды. Енді біз Қазақстан елін қорғауымыз керек. Өйткені , Қазақстан елі- біздің туған жеріміз. Ал әр елдің азаматы туған жерін қорғау керек.

Егер бір елдің азаматы еліне сүйіспеншілекпен қарамаса, онда ол елін жақсы көрмейді деген сөз. Ал мен өз елімді жақсы көремін. Біз өз еліміздің дамуына үлесімізді қосуымыз керек. Ол үшін сапалы білім алу керек, ізденіс керек.

Менің президентім.

Ақтөбе қаласы ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН №21 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ

Төрежан Анеля Болатжанқызы 3 «Г» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Мубаракова Акгуль Алтаевна

Менің президентім.

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің елім – Қазақстан. Республикамыз өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсан айында алды. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Қазақ халқымызда «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген мақал сөз бекер айтылмаған.

Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. Елімізде көптеген ұлт өкілдері бар және олар бір-бірінің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын құрметтеп, тату өмір сүреді. Осыдан 26 жыл бұрын 1 желтоқсан күні халқымыз тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті қылып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Оған үлкен сенім артып, еліміздің болашығын жақсартуды міндет етті. Содан бері еліміз тек жылдан жылға алға басып, дамып келе жатыр. Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды.

Елбасымыз барлық елді, мәдениетті қолдап, ата-бабамыздан қалған қазынаны ұмытпауға және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады. «Қазақстанның болашағы, жастар, сіздердің қолдарыңызда» деген елбасымыздың сөзі бізге, жас ұрпаққа арналған. Еліміздің одан әрі көркемдеуіне, жетілуіне біздің үлесіміздің үлкен рөл атқаратынына елбасымыз сенімді. Ендеше біз жас ұрпақ елбасымыздың сенімін ақтап, өз туған еліміздің, жеріміздің өсіп өркендеуіне үлесімізді қосайық.

Мен өз президентіме, Отанымның жарқын болашағына сенемін!

Функция тарауын қайталау

Қостанай облысы, «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің

Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі» ММ

математика пәні мұғалімі Ескалиева Гаухар Базарбаевна

Класы: 6а

Сабақтың тақырыбы: Функция тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты: Аталған тарау бойынша алған білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.
Сабақ міндеті:

а) Білімдік: Оқушының тақырып бойынша математикалық білімін,өзіндік ізденісін дамыту;
ә) Дамытушылық: Оқушының танымдық қызығушылығын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тақырыпқа сәйкес білімдерін тереңдетуге күш салу;
б) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, дәлдікке, өз жетістігін бағалай білуге, қарым-қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту сияқты рухани тәрбие негізін қалыптастыру. Читать далее

«Күйде кездесетің дыбыс ерекшеліктерімен танысу »

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия

Домбыра пәнінің мұғалімі Квайдулов Баимбет Асылханұлы

Ашық сабақ.

Тақырыбы: «Күйде кездесетің дыбыс ерекшеліктерімен танысу»

Оқытушы: Квайдулов Баимбет Асылханұлы

Білім алушы:Ниетжан Алихан, 1-сынып

Сабақтың мақсаты:Оқушыға күй орындағанда кездесетің керекті дыбыс ерекшеліктерін түсіндіріп, басқа күйлерді орындағанда да, осы дыбыс ерекшеліктерін қолдана алатын деңгейде үйрету.

Міндеттер:Оқушы үйде жаңа сабақпен өзі жұмыс жасай алатындай деңгейде түсіндіру . Читать далее

Музыкалық мектептерде кездесетін актуалдық про блемалар

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия

Домбыра пәнінің мұғалімі Топишев Дәурен Советұлы

Музыкалық мектептерде кездесетін актуалдық проблемалар

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан-жүйесін оятуда, өнерге ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасының рөлі ерекше.

Домбыра үні өзіне тән дыбыстық бояуымен, алуан түрлі қағыстарымен және штрихтарымен қатар, өте бай көркем образдық әлемімен де айқындалып, қазақ халқының тарихи дүние танымы және психологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатады.

Музыкалық шығармаларды оқушыға үйрету үшін мұғалім, ең алдымен, ол шығармаларды өзі жан-жақты білуі керек. Демек, музыкалық шығармаларды үйрету үшін, оқушыға әрбір шығарманы талдап, оның есінде сақталатындай дәрежеде қарапайым тілмен түсіндіре білу қажет. Тәжірибе көрсеткендей, тек ұстаз басшылығымен үйренген музыкалық шығармалар арқылы ғана оқушының музыкалық-орындаушылық шеберлігі техникасының өсіп-жетілетіні біздің сөзімізді растайды. Читать далее

Сабақтың тақырыбы: Үстеу

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, «Раздольный жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Онгарбай Жанерке

Сабақтың тақырыбы: Үстеу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға қазақ тіліндегі сөз табының бір түрі үстеу туралы кеңірек түсінік беру
2. Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету:
3. Тәрбиелігі: Іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, Екі өтірік, бір шын, «Венн диаграммасы», «Домино» ойыны т.б Читать далее

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ — ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИЛЫҒ ЫН БАЙЫТУДЫҢ НЕГІЗІ — Ақпараттық ғылыми практик алық республикалық онлайн семинар материалдары

Ұйымдастырушы: Ақтөбе қаласы «№13 орта мектебі» ММ және «Bilimnur» ақпараттық порталы

Ақпарат таралымы:

  • Республикалық 45minut.kz басылымы 2012 жылдан бері тұрақты шығып келе жатқан ұстаздарға арналған басылым. Басылым тиражы — 3 000 дана. Интернет тиражы күнделікті 10 000 қолданушы.
  • Ұстаздардың пәндік Whatsapp топтары. Пән атаулары бойынша құрылған топтар республика бойынша пән ұстаздарының өзара іс-тәжірибе алмасуы үшін ашылған. Топтарда тек қана пән бойынша тақырыптық пікір алмасу қатаң қадағаланады. Whatsapp топтардың жалпы саны — 30. Әрбір топта 250-257 тұрақты топ мүшелері тіркелген. Тіркелген жалпы ұстаздар саны — 7000-нан астам қолданушы.
  • Ұстаздардың Google, Facebook топтары. Топтар әлеуметтік желіге тіркелген ұстаздар арасында өзара пікірлесу және іс-тәжірибе алмасуы үшін құрылған. Жалпы қолданушылар саны – 50 000-нан астам оқырман.

Өткізілген күні: 06.12.2017 жыл
Өткізілген орны: Ақтөбе қаласы «№13 орта мектебі» ММ

  • Онлайн семинарды ұйымдастырушы Ақтөбе қаласы «№13 орта мектебі» ММ басшысы Куштаев Аскар Тулебаевич «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
  • Онлайн семинарға қатысушы ұстаздарға «Семинар қатысушысы» сертификаты тегін берілді.
  • Іс-тәжірибе таратылымға материал ұсынған ұстаздар «Арнайым жарияланым акциясы» бойынша марапатталды. Материалдары 5 (Бес) сайт басылымда жарияланды. Ұстазға 5 (Бес) сертификат және 2 (Екі) алғыс хат тегін тапсырылды.

Басылымдар: 45minut.kz, Bilimnur.kz, Bilim-gylym.kz, Orley.kz, Metodist.kz

«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗ ЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ.pdf
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ, ТАЛАНТ ТЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІ ЛІГІ.pdf
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ФОНЕТИКА САЛАСЫНА ҚАТЫ СТЫ ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ.pdf
М.ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҰЛТ ТӘРБИЕСІ.pdf
ҮШТІЛДІК- ӘЛЕМДІК БІЛІМ КЕҢЕСТІГІНДЕГІ ПОЛИМӘДЕ НИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ.pdf
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕП. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы « № 13 орта мектебі» ММ басшысы Куштаев Аскар Тулеб аевич..pdf

Жау, жау, жаңбыр!

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы

Талдыкөл мектеп- балабақша кешені

Тәрбиеші Лукпанова Елизавета Куанышевна

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жау, жау, жаңбыр!

Мақсаты: Жансыз табиғаттағы құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру; табиғат құбылыстарының бірі – жаңбырмен таныстыру. Балалардың табиғатқа, табиғат құбылыстарына, оны танып-білуге деген қызығушылығын ояту. Жаңбырға қуануға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: зерттеу мақсатындағы серуендер ұйымдастыру; табиғат құбылыстарын бақылау; жұмбақ шешу; шығармашылықпен айналысу; тəжірибелік жұмыстар. Читать далее

«Біз күштіміз, ептіміз»

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені

Тәрбиеші: Кенелдикова Гүлбаршын Жагоровна

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұ.О.Қ. Аппликация.

Тақырыбы: : «Біз күштіміз, ептіміз»

Мақсаты:Балаларды пішіндермен (үшбұрыш,төртбұрыш) таныстыру;геометриялық пішіндерден (үшбұрыш, төртбұрыш) үй құрастыруды және жапсыруды үйрету. Тілдерін қиялдарын дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін арттыру.

Көрнекілік құралдар: слайд,үлестірмелі материалдар,магнитті тақта, дайын пішіндер.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, көрсету,сұрақ, жауап. Читать далее