ЭССЕ тақырып: «Менін кәсіптік мамандығым»

Аубакишева Асия Кабдрашитовна

екінші біліктілік санаты құқық пәндер оқытушысы

Астана қаласы ЖШС «Басқару колледжі»

ЭССЕ тақырып: «Менін кәсіптік мамандығым»

2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Астана қаласы бойынша білім беру ошақтарының бірі – басқару колледжінде оқытушылық қызметімді бастадым. Аталған колледжде құқықтану мамандығы бойынша арнайы пәндерде «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай Құнанбаев айтқандай, мен де балаға білім беруде өз білімімді үнемі жетілдіріп, толықтырып отырамын. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйеелдеу және дамыту болып табылады. Жоғарыда атап өткен талаптарға сай бүгінгі таңда нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін, бүгінгі жастарымыздың мамандыққа деген ынтасын, құштарлығын арттыру, құрметтеу, алған білімін тәжірибеде пайдалана білуге үйрету міндетін негізге аламын.

Менің оқытушы ретінде өзіме үнемі төмендегідей талаптар қоямын.

  1. Оқытушының ой-өрісі кең, жан-жақты білімді болуы тиіс.
  2. Оқытушының ары таза, адал, парасатты, төзімді, кешірімді болуы керек.
  3. Оқытушы өз оқушыларына беделді, ұжымда сыйлы болуы керек.
  4. Оқытушы үнемі өз бетімен білімін, дайындығын жетілдіуі тиіс.
  5. Оқытушы теорияны практикамен байланыстырып, ғылым мен практиканың озат іс-тәжірибелерін әрдайым күнделікті сабағына пайдаланғаны жөн.

Сонда ғана «Білімді ұстаз ғана білімді, білікті шәкірт тәрбиелей алады», деп Абай атамыз айтқандай, оқушылардың бойына білім нәрін себетін оқытушының еңбегі жанады деп ойлаймын.

Себебі, менің басты міндетім- оқу үрдісіне жаңа тхнологияларды тиімді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру, қабілетті оқушылардың өз бетінше ізденушілік қасиеттерін жетілдіру, қызығушылығын ояту болып табылады.

Сабақты жоспарлаған кезде өз алдыма әрқашан мақсат қойып отырамын: жоспар бойынша берілген тақырыпты оқушыларға үйретіп, тақырыпқа байланысты өмірде кездесетін көптеген құқық бұзушылықтарды негізге ала отырып ситуациялық мәселелерді тудырып оларды шешу жолдарын іздестіремін. Сабақ үстінде ақпараттық коммуникациялық технология электрондық технологиясымен жұмыс істеуге, жаңа тақырыпты меңгеру барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп отырғанын бақылау барысында компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделемін. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздеймін. Тақырыпты өту кезінде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолданамын, мысалы қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика пәндерінде ситуациялық есептерді немесе бейне роликтерді көрсете отырып қылмыстық ізге түсу, қылмысты ашу жолдарынының әдіс, тәсілдерін көрсету, тәжірибелік сабақтарда теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге баулу. Заң талаптарына сай шарт жобаларын құрастыру, жағдаяттарды шешу және ойын технологиясының элементтерін тиімді пайдалануға мүмкіндік аламын.

Мен оқытуда соңғы нәтижеге жеткізер деген әдіс-тәсілдерді таңдаймын.

  • оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру;
  • логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту;
  • ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу;

Құқық пәндерін оқытуда электрондық оқулықтармен оқытуды пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты:

  • білім беру;
  • білімді бекіту;
  • дағды мен іскерліктер қалыптастыру,
  • меңгеру деңгейін бақылау;

Құқық пәндерінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың тиімділігі:

• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;

• Жыл сайынғы өзгертіліп және толықтырылып отырған нормативтік құқықтық актілерді интернетті пайдалану арқылы бақылау, жинау, сақтау және қолданысқа жаратуға;

• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;

• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;

• Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Компьютерді оқыту процесінің барлық этаптарында қолданамын:

  • жаңа материалдарды түсіндіргенде;
  • бекіткенде;
  • қайталағанда;
  • білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда;

Компьютер:

— оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады);

— көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы жаңа деңгейде);

— дербес ақпараттық кеңістік;

— тренажер;

— диагностика және бақылау құралдары.

Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан сабағымда злектрондық оқулықтарды пайдалану өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастыру мақсатында қолданылады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан құқық пәндерін оқыту мақсатында қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес деп ойлаймын.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет. Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді:

  • талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді;
  • белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді;
  • қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.

Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Өз сабақтарымда бұл технологияны қолдануым себебі бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Сондықтан да құқық пәндерін оқыту барысында осы техналогияны тандау себебім осыда. Қорыта келгенде жүргізілген жұмыстардың барлығы да оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырады және арнайы пәндердің мәнін, маңызын және заңдылықтарын игеруге мүмкіндік береді. Мемлекетіміздің ірге тасын қалар келешек ұрпақтың арнайы пәндер арқылы кәсіби біліктіліктерін арттырамыз, ол — жастардың жарқын болашағы.

«Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы» дегім келеді. «Халықты халықпен, елді елмен теңестіретін білім» — деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, білімді де білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үшін барлық күш-жігерімді арнауға дайынмын.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.