Сабақ тақырыбы: Сабырсыз, арсыз, еріншек

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы
№15 орта мектебінің 1 санатты бастауыш сынып
мұғалімі Туякбаева Мырзагуль Исимбиевна

Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз,еріншек

Сабақтың мақсаты:

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.

2. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.

3. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ — жауап, талдау, әңгімелеу, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, Абай шығармаларынан көрме.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік. «Алақан жаттығуы».
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

Сабақтың мақсаты, тақырыбын хабарлау.

Жаңа сабаққа даярлық.
Тақтада кесте:
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс — көнсеңіз».

— Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
— Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
— Абай ата туралы не білеміз?

Жаңа сабақ. Кестемен жұмыс.
Абай Құнанбаев
1. Операциялық – орындаушылық кезең. (оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру).

Жарыс сабақ. «Абай ауылына саяхат».
1 — топ: Абай өлеңдері. Табиғат туралы.
2 — топ: Абай қарасөздері.

3 — топ Абай аудармалары.
4 — топ: Абай әндері.
2 — тапсырма. Сабырсыз, арсыз, еріншек өлеңімен жұмыс.
1) Мәтінді мұғалімінің мәнерлеп оқуы.
2) Оқушыларға оқыту.
3) Сөздік жұмысы.
3 — тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, кестені толтыру.
Адамның мінез құлықтары
жағымды

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.