«Биология әлемінде» факультативтік курсының ба ғдарламалық жоспары 34 сағат ( 7 сынып оқушыларына арналған)

«Биология әлемінде »

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы

жалпы орта білім беретін №4 мектептің

биология және өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Джумабаева Анаргуль Айдангалиевна

(Бірінші санатты биология пәні мұғалімі

А.А.Джумабаеваның іс-тәжірибесінен)

«Биология әлемінде» факультативтік курсының бағдарламалық жоспары

34 сағат (7 сынып оқушыларына арналған)

ТҮСІНІК ХАТ

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгереді.Оқушылардың білім алу барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуі арқылы танылады.

« Биология әлемінде » факультативтік курсының бағдарламалық жоспары орта буынның сынып оқушыларына төменгі сыныптарда өтілген материалдарды қайталап ғана қоймай, терең танымдық білім меңгертуге бағытталған, тоериялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыру көзделген. Оқушылар берілген жұмыстарды орындай отырып сабақтан бөлек қызықты деректер жинау, іздестіру, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Олимпиадалық сайыстарға дайындауда қолдануға ыңғайлы, жаратылыстану пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттырып мамандық таңдауға да септігін тигізері мол.

«Биология әлемінде»факультативтік курсының бағдарламалық жоспары оқушылар танымдық іс — әрекеті мен ой өрісін арттырып, сарамандық, ғылыми-ізденіс жұмыстарына толық қатысып, берілген тапсырмаларды уақытылы орындауға дағдыланады.

Шығармашылықпен жұмыс жасайды; әдеби-танымдық оқулықтар, интернет көздерімен, газет-журналдармен үнемі байланыста жүруге үйренеді.

Туған өлкенің табиғат жағдайын жақсартуға арналған жобалар дайындап, қорғайды.Өсімдіктер және жануарлар дүниесі жайлы терең, жүйелі де тиянақты интелектуалды білім алады.

Биология-экология тақырыптарына өздері шығарған өлең, шығарма жұмыстарын тапсырады.

Күтілетін нәтиже:Биология пәнінен меңгерген білім, білік, іскерлік дағдыларын басқа ғылым салаларымен ұштастыра отырып, өмірде пайдалана білуі тиіс.Биологиялық терминдердің мәнін ашу.

Бағдарлама мақсаты: Оқушыларды тірі табиғат әлемінің алуан түрлілігімен, тірі ағзалардың тіршілік ету ерекшеліктерімен жете таныстыру. Биологиялық терминдердің мәнін ашу. Өсімдіктер және жануарлар дүниесі жайлы терең, жүйелі де тиянақты интеллектуалдық білім беру.

Міндеттері:

Білімділік: әрбір оқушының ғылыми дүниетанымын кеңейте отырып, жергілікті жерде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін танып білуге баулу.

Дамытушылық: іздену, зерттеу және өздік жұмыстарға бағдарлау, эксперимент жұмыстар жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялай білетін, өзінің туған өлкесінің табиғатына деген мақтаныш түйсігін, патриотизмді көтеру, мамандық таңдауға баулу (биолог, эколог, агроном, мал шаруашылығы мамандары, өлкетанушы, зерттеуші, жазушы, журналист т.б).

Бағдарлама ерекшелігі «Биология әлемінде »факультативтік курсының бағдарламалық жоспары орта буынның сынып оқушыларына төменгі сыныптарда өтілген материалдарды қайталап ғана қоймай, терең танымдық білім меңгертуге бағытталған, тоериялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыру көзделген. Оқушылар берілген жұмыстарды орындай отырып сабақтан бөлек қызықты деректер жинау, іздестіру, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Олимпиадалық сайыстарға дайындауда қолдануға ыңғайлы, жаратылыстану пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттырып мамандық таңдауға да септігі мол.

Оқушыға қойылатын талаптар:

Жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс — әрекеті мен ой өрісін арттырып, сарамандық, ғылыми-ізденіс жұмыстарына толық қатысып, берілген тапсырмаларды уақытылы орындау;

Шығармашылықпен жұмыс жасау; әдеби-танымдық оқулықтар, интернет көздерімен, газет-журналдармен үнемі байланыста жүру. Бағдарлама соңында тапсыратын жұмыстар: Туған өлкенің табиғат жағдайын жақсартуға арналған жобалар қорғау.

Биология-экология тақырыптарына өздері шығарған өлең, шығарма жұмыстарын тапсыру.

Күтілетін нәтиже:Биология пәнінен меңгерген білім, білік, іскерлік дағдыларын басқа ғылым салаларымен ұштастыра отырып, өмірде пайдалана білуі тиіс.

Пәнаралық байланыс: география, химия, экология, математика, физика .

« Биология әлемінде» факультативтік

курсының бағдарламалық жоспары

34 сағат ( 7сынып оқушыларына арналған)

Р/с Өтілетін сабақтың тақырыбы сағат саны Білімділік қазынасы, күтілетін нәтиже
Бар

Лы

ғы

Тео

рия

Прак

тика

1. Кіріспе. Өсімдік — өмір өзегі 2 1 1 Биология, экология пәндерінің маңызын білу
2. Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер 2 1 1 Өсімдіктердің маңызын ұғыну
3 Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктер «Жасыл дәріхана» 2 1 1 Дәрілік өсімдіктерді ажырата білу
4 Мектеп үлескісіндегі өсімдіктерді күтіп баптау. 2 1 1 Мектеп үлескісіндегі өсімдіктермен танысу.
5 Бөлме гүлдерінің түрлері және оларды өсіру. 2 1 1 Бөлме өсімдіктерін ажырата білу.
6 Гүл — өмір көркі. Гүлді өсімдіктер коллекциясын жинақтау. 2 1 1 Гүл түрлерін ажырата білуге, гүл бере білуге үйрет
7 Мәдени өсімдіктерді себу және көбейту. 2 1 1 мәдени өсімдіктердің қажеттілігі,пайдасы,

маңызы,сан алуандығы туралы түсінік беру

8 «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» интелектуалды ойыны. 2 1 1
ІІ бөлім. Жануарлар экологиясы (14 сағ)
9 Қазақстандағы жануарлар әлемі. Жан-жануарларға байланысты ауа райын анықтау. 2 1 1 Жануарлар түрлерін ажырата біл
10 Жарғаққанаттылар отряды. Балара тіршілігі, мінезқұлығы. 2 1 1 Адамға пайдалы жәндіктерді қорғау.
11 Қосмекенділер класы. Көлбақаның сыртқы құрылысы және қаңқасын оқыту технологиясы 2 1 1 Өлкеміздегі қос мекенділерді зерттеп, тани біл
12 Жорғалаушылар. Олардың экологиясы. . Жыландар әлемі 1 1 Бауырымен жорғалаушылардың маңызын білу
13 Балықтар — ихтиология ғылымының келешегі.

Қызыл кітапқа тіркелген балықтар. «Каспийдің тірі алтыны»

2 1 1 Өзен, көлдеріміздегі балықтар туралы мағлұматтар жинақтау
14 «Биология әлемінде» интеллектуалдық олимпиадасын өткізу. 2 1 1 биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой- өрісін байқау әрі кеңейту.
ІІІ бөлім. Сүтқоректілер класы. (6 сағ)
15 Сүтқоректілер класы. Сүтқоректілер қатысы бар көне атаулар 1 1
16 Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілер 1 1
17 Экономикалық өлкетану мәселелері. Табиғат байлықтарын қорғау, қайта қалпына келтіру жолдары. 1 1
18 «Құстар – біздің қанатты достарымыз»интеллектуалдық ойын 2 1 1 Құстар мен жануарлар әлемін қорғауға, сақтауға, табиғат құпияларын зерттеуге оны сүйе білуге, ой — өрісін кеңейту.
ІV бөлім. Қорытынды. Сынақ алу. (1 сағ)
19 Жоба қорғау. Қорытынды. 2 1 1
Барлығы: 34 20 14

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т «Экология» Алматы, «Экономика» 2002 ж

2. Оспанова М, Лұқпанов Ж «Өсімдік-жанға шипа, дертке дауа», Алматы, «Қайнар», 1992ж

3. « Биология оқушы анықтамалығы » Алматы, 2010 ж

4. « Биология анықтамалығы» журналы №1-6; 2014 ж

5. «Соқпақ — тропинка» журналы №1-6; 2014 ж

6. Колесников Н, А, Сексенбаева Н.Т «Ара шаруашылығы » , Алматы, 1999 ж.

7. Я иду на урок биологии: Зоология: Рыбы и земноводные: Книга для учителя. – М.: издательство “Первое сентября”, 2000. – 224 с.

8. Лернер Г.И. Уроки зоологии для старших классов. Тесты, вопросы, задачи (Серия “Как сдать экзамены”).-М.: Лист – Нью, 1998. – 496 с.

9. Пепеляева О.А., Сунцова И.В. Биология. 7-8 класс. Поурочные разроботки к учебникам Никишова А.И., Шаровой И.Х., Латюшина В.В., Шапкина В.А., Константинова В.М. и др. М.: ВАКО, 2004 – 432 с.

10.Биология в школе, №7,8. 2003г.

11. Биология,география және химия,№6,1998ж.

12.Қызықты ботаника.Р.Әлімқұлова,Мектеп.1979ж.

13.Сборник задач по ботанике, зоологии, анатомии, общей биологии и генетике .Л.Ю.Гамбург, «Московский Лицей»,2001. Р.S.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.